Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет дат! 6-б етте Қуаныш СҰлтанов



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.01.2017
өлшемі6,66 Mb.
#1735
1   2   3   4   5   6

Айбат ТІЛЕУБАЙҰЛЫ, 6 «г»-сынып 

оқушысы:

– Өз басым Тәуелсіздіктің әрбір 

таңын үлкен қуанышпен қарсы 

аламын. Тәуелсіздікті Алланың берген 

сыйы деп қабылдаймын. Сондықтан 

да Тәуелсіз дікке арналған шараларға 

қалмай  қа ты суға  тырысамын.  Сол 

арқылы Тәуел сіз дігіме кішкене болсын 

үлес қостым деп есептеймін. Бүгінде 

дүниежүзінде 200-ден астам ұлт бар. 

Ал мемлекеттер саны  тек 196-ақ. 

Қалғандарының бәрі бір мемлекетке 

бағынышты күйде өмір сүріп жүр. 

Бізге сондай бағынышты өмір 

бермегеніне Аллаға шүкір айтып, 

қуанамын. 

Диана ОРЫНТАЙ, 

5 «а»-сынып оқушысы:

– Мен Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев қа алғысымды білдіргім 

келеді. Бүгінде еліміздің өзгелерге 

бағынышты болмай, өз алдына 

гүлденген мемлекет болып 

отыруымызға сол кісінің сіңірген 

еңбегі зор. 

Салтан СӘКЕН

Тәуелсіздік үшін күрес тамырын тереңнен тартқан тарихтан 

басталатыны белгілі. Алайда бұл мәселені қазіргі жастардың көбі біле 

бермейтіні ащы да болса ақиқат. Олар үшін Тәуелсіздік 20 жыл бұрын 

ғана көктен келген сый секілді. Әрине, бұл, ақиқатында, Алланың бізге 

берген сыйы екенінде шек жоқ. Бірақ Тәуелсіздіктің білектің күшімен, 

найзаның ұшымен келгенін де ұмытпаған жөн. Осындай сананы 

мектеп оқушыларының санасына сыналап сіңдіру – үлкен шаруа. Оның 

орайын табу да қажырлы еңбекті талап етеді. Астанадағы №48 мектеп-

лицейдің оқытушылары бұл мәселенің тәсілін тапқан екен. 

Арман АСҚАР

Елді игілікке бастаған – Астана!

Негізі, Астана туралы айтқан кезде 

1994 жылғы 6 шілде күнін еске алмауға 

болмас. Иә, ол – Президенттің туған күні. 

Бірақ тура сол күні «Қазақстан Республика-

сы 


ның елордасын ауыстыру туралы» 

Жоғарғы Кеңестің қаулысы шықты. Сол 

кез 

де Кеңес депутаттары Нұрсұлтан 



Назарбаевтың туған күнін ескере отырып, 

оның елорданы Алматыдан Ақмолаға 

көшіру жөніндегі бастамасын қолдай 

 

салды. «Бәрібір елу жыл өтпей, ел жаңар-



майды» деген екен кейбір халық қалау лы-

лары. Бірақ үш жылдан кейін-ақ сол кездегі 

Ақмолаға алғашқы қоныс аударушылар 

келді. Міне, бүгінгі арайлы Астананың 

шежіресі осыдан бастау алады...

1997 жылы жаңа елордаға Мемлекеттік 

Ту мен Елтаңба, сондай-ақ президенттік 

штандарт жеткізілді. Ал желтоқсанның 

10-ы күні Мемлекет басшысының Жарлы-

ғы мен Ақмола Қазақстан Республикасының 

ресми астанасы болып жарияланды. Сол 

кезден бастап жергілікті тұрғындар аста-

налықтар  деген мәртебеге ие болды.  Дәл 

сол 1997 жылы елордада тұрғын үйдің 

бағасы күрт көтерілді. Жылдың басында 

қаладағы жылжымайтын мүліктің құны 

150 доллар шамасында болса, аяқ кезінде 

оның бағасы 250-300 долларға дейін 

өсті.

1998 жылдың жөні бөлек. Себебі ол 



жылы Қазақстанның жаңа ордасы халы-

қаралық қауымдастыққа таныстырылып, 

ресми түрде «Астана» деген атауға ие 

болды. Сәуірдің 22-сі күні Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен Парламент 

палаталарының алғашқы бірлескен 

отырысы өтті. Сол кезде депутаттар бұрын-

ғы Ақмола жобалау институтының ғимара-

тында отырған еді. Сондай-ақ осы жылда 

Астанада «Еуразия», «Сұңқар» сияқты 

170-тен астам жаңа құрылыс нысаны 

ашылды. Жалпы, Қазақстандағы өндірістің 

көлемі 3,8 пайызға өсіп, негізгі капиталға 

тартылған инвестицияның мөлшері 144 

пайызға артты. Былайша айтқанда, жаңа 

Астананың арқасында ел экономикасына 

қан жүгірді. 

Бір жылдан кейін Астана ЮНЕСКО-ның 

«Бейбіт қалалар» конкурсының жеңімпазы 

атанды. 1999 жылы Астананың жаңа 

елтаңбасы бекітіліп, алғаш рет халық сана-

ғы өткізілді. Ресми мәліметке сәйкес, ол 

кезде Астанада 319,3 мың адам тіркелді. 

Аста наның Бас жоспарының жобасы бо-

йын 

ша өткен халықаралық конкурста 



жеңімпаз атанған жапондық архитектор 

Кисе Курокава  «Болашақ Астананың» 

макетін Нұрсұлтан Назарбаевқа табыстады.  

Курокаваның есебі бойынша 2010 жылда 

Астананың халқы 490 мың адамға дейін 

жетуі тиіс болған. Бірақ айтылған мерзімге 

жетпей-ақ, қала халқының саны жарты 

миллионнан асты. Сол себепті Аста наның 

Бас жоспары өзгертілді. Ал маусым ның 

10-ы күні «Жайнай бер, Астана!» ұранымен 

өткен қаланың алғашқы мерей тойы әлі 

біраз уақытқа дейін көпшіліктің есінде 

сақталады.

2000 жылы Астананың жаңа әкімшілік 

орталығын кеңейту жұмыстарына негізгі 

басымдық берілді. Мәдениетті қолдау 

жылы аясында елордада Президенттік 

мәдениет орталығы, Ұлттық опера және 

балет театры сияқты нысандар ашылып, 

«Шабыт» конкурсы бастау алып, ақындар 

айтысы жиі ұйымдастырылды. Сол жылы 

Астанада болған Мемлекет басшыларының 

кеңесінде ел Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық 

экономикалық қауымдастық атты жаңа 

халықаралық ұйым құрылды. Жалпы, осы 

іспетті ауқымды іс-шаралар өте бастағаннан 

кейін Астанаға дипломатиялық миссиялар 

көше бастады. Қалада БҰҰ, Азия даму 

банкі сияқты ірі саяси және қаржы инсти-

тут та рының  бөлімшелері  ашылды.

Келесі жылдың негізгі жетістігі ретінде 

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астананың 

гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» мемле-

кет тік бағдарламасын атап өтуге болар еді. 

Ол арқылы қала өндірісін ғана емес, 

жалпы республиканың экономикалық 

қауқарын арттыру жоспарланған-ды. 

2001 жылы Астанаға Рим папасы Иоанн 

Павел II келіп, ұшақтан түскен бойда: «Мен 

ұлтаралық бейбітшілікке жол ашқан осы 

жерді үлкен толғаныспен сүйіп отырмын», 

– деп өз қуанышын жеткізген болатын. 

Осы жылы елорданың символы – «Астана-

Бәйтерек» монументі ашылды. 

2002 жылдың басында Астана халқы-

ның саны жарты миллионға таяды. БҰҰ-

ның Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан-

ның жаңа елордасын көріп, оның өсу 

деңгейіне таңғалды. Осы жылы Астанада 

алғаш рет бокстан Әлем кубогы ұйымдас-

тырылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 

Астананың жаңа халықаралық әуежайы-

ның алғашқы тасын қалады. Қаланың 

жаңа әкімшілік орталығында көптеген 

құрылыс нысаны ашылды. Қазақстан ның 

«Тұлпар» атты алғашқы жүрдек пойызының 

тұсауы кесілді. 

Ал одан кейінгі жылдары Астана одан 

да жоғары жетістіктерге жетіп, әлемдік 

қауымдастықты таңғалдырды. Бұл ретте, 

ең шоқтығы биік, әлемдік деңгейдегі 

алқалы жиын – 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға мүше 

елдердің  Астана саммиті, одан кейінгі 

Азиа да да – айтулы оқиғалардың бірі.  

Алдағы уақытта Астананы «Ақылды 

қалаға» айналдыру жоспарланып отыр. Ол 

жобаға сәйкес, елордадағы барлық жұ-

мыс тар электронды жүйе арқылы атқарыл-

мақ. Заманмен бірге жасап, елді игілікке 

бастаған Астанаға ақжол! 

Тәуелсіз Қазақ елі үшін жаңа орданың – Астана қаласының орны 

бөлек. Оның арқасында біз өз жеріміздің солтүстік өңірлерін сақтап 

қана қоймай, осы аймақтағы ұлттық болмысымызды күшейттік. Шыны 

керек, Астана жергілікті халықтың еңсесін көтеріп, бойына қан жүгіртті. 

Ал, ең бастысы, ол ел экономикасының локомо тивіне айналып, бүкіл 

әлемді қазақ хал қына қаратты. Осыған орай біз Тәуелсіздіктің тұғыры - 

Астананың негізгі оқиғаларына тоқталғанды жөн көрдік. 

ҰЛАҒА


Т

ПАЙЫМ


САУАЛНАМА

СЫЙ


1991 жылы 16 желтоқсанда сіз қандай 

қызметте едіңіз және осынау қуанышты сол 

күні есте қаларлықтай атап өте алдыңыз ба?

Тәуелсіздік тойына тарту етілген үш кітап

Әлбетте, кітапсүйер қауым бірінші ке-

зек те «бұл кітаптар несімен қызықты?» де-

ген сауалды көлденең тартары хақ.  Сон-

дық тан әрқайсысына жеке тоқталайық: 

«Тағ дырлы бес белес» бес томдығы аты 

хабар беріп тұрғандай, жаңа тарихымыздың 

20 жылында ел болып еңсерген істеріміздің 

әр қырына тоқталған.  Атап айтсақ, бірінші  

том  бұрын әскери қауіпсіздігі Одақ ауқы-

мын да қамтамасыз етіліп, Тәуелсіздік ал-

ған нан кейін өз қорғанысын өзі қымтауы 

тиіс бол ған жас мемлекеттің бағындырған 

белесін баяндап, әлемдік саясаттағы әскери 

қауіп сіз діктің мәнін ашып көрсеткен. Екінші 

том, негізінен, жаңа елордамыз Астанаға 

арна лып, бас қаланың дамуы Тәуелсіздігі-

міз дің нығаюымен бірге өріле суреттеген. 

Ал үшінші том – еліміздің рухани түлеуі, 

төртінші том ел болашағы – жастарға ар-

нал ған болса, бесінші том ұлттың өрлеуі 

мен адам игілігі тақырыбын қамтыған. 

«Астана саммиті: Жаһанды жарастырған 

екі күн»  кітабы 2010 жылы елімізде өткен 

саяси және халықаралық ауқымы жағынан 

аса ірі шара – ЕҚЫҰ саммитін үш бөлікте:  

саммитке дейін, саммит барысы және 

саммиттен кейін деп қарастырып,  осы күн-

де рі баспасөз беттерінде жарық көрген 

сараптамалық мақалаларды топтастырып-

ты. Кітаптан Елбасының «Еуроньюс» теле-

ар насының тілшілеріне берген сұхбатынан 

бастап, елге белгілі мемлекет қайраткерлері-

нің, сондай-ақ отандық түрлі басылым тіл-

ші лерінің  мақалаларын, шетелдік ірі тұл-

ға лар мен сарапшылардың пікірлерін табу-

ға болады. Оқырман үшін сонысымен де 

мазмұнды, пайдалы болатын бұл кітап 

сам мит барысындағы суреттерімен де  қы-

зықты болған сыңайлы. 

Астана кітапханасы сериясымен шық-

қан үшінші, «ХХІ ғасыр. Астана әлемі» атты 

кітапқа келсек, онда елорданың бүгінгісі 

мен ертеңі, экономикалық-әлеуметтік, сая-

си, мәдени-рухани дамуының жылнамасы 

кеңінен беріліп, бас қаланың болашаққа 

көз тіккен мақсаттары да жан-жақты баян-

да лыпты. 



Айбын БАҚЫТҰЛЫ 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласының ішкі саясат 

басқармасы тағы бір сүйінішті іске мұрындық болғанын білдік. Кеше осы 

мекеменің тапсырысымен жарық көрген «Тағдырлы бес белес» бес 

томдығы мен «Астана саммиті: Жаһанды жарастырған екі күн», «ХХІ 

ғасыр. Астана әлемі» атты кітаптардың беташар таныстырылымы өтті.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, 

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры:

– Ол тұста мен одақтық министрлік шаңырағынан атта ну 

қамымен Мәс кеу де едім. Халқымыз аңсаған, арманға толы жаңа 

дәуір келді. Аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді туған елім – 

Қазақстан игі лігіне аямай жұмсар сәт те туды. Сон дықтан байырғы 

таныстарыммен қоштасуға көн 

дігіп, қажетті құжаттарымды 

рәсімдей бастадым. Қайда кірмесем де: «Егемендік парадынан 

ештеңе шықпайды. Бәрі де Ресейден республикалардың халықара-

лық арена лардағы мүдделерін білдіруді сұрай тын болады, өйткені 

бізде дайын инфра құ ры лым, дайын кадрлар бар ғой», – деп мені 

үгіттеуге тырысты. Отаныма қайтып оралмау үшін, менің бұрынғы басшыларым ның 

пікірінше, олардың мені Ресейдің Бас консулы етіп Хайфонға (Вьетнам) жіберу жө нін дегі 

ұсынысы мықты уәж болуға тиіс еді. Бірақ мен үзілді-кесілді шешім қабыл дап, бұл 

ұсыныстан бас тарттым. 

(Естелік Қ.Тоқаевтың «Беласу» кітабынан алынды)

Сауат МЫҢБАЕВ, 

ҚР мұнай және газ министрі:

– Тәуелсіздік жарияланған кезде мен бизнеспен ай налысып 

жүргенмін. Біз жігіттермен жи на лып, биржа құ рып, сонда болдық. 

Дәл сол кезде Қазақ елі Тәуелсіздік алды. Әрине, оны естіп, біз 

қатты қуандық. Сонда Тәуелсіздікті терең дей түсіндік деп айта 

алмаймын. Бәріміз жас болдық. Дегенмен оның не екенін кейінірек 

түсіндік десем дұрыс болар еді. Меніңше, барлығы да осындай 

сезімде болды. Бәлкім, сол кезде күйбең тіршіліктің қамымен 

жүгіріп жүргеннен кейін, Тәуел сіздіктің мәнісіне жете алмаған шы-

ғар мыз. Мен өзім оның мән-маңызын мемлекеттік қызметке 

келгенде ғана сезген сияқтымын. 1995 жылдан бері мемлекетке қызмет еткеннен бастап 

бұл сезім күшейіп, арта түсті. Ел аман, көңіл дұрыс болсын! 



Дайындаған Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Әбдіуақап ҚАРА, 

Түркиядағы Мимар 

Синан көркемөнер 

университетінің 

профессоры, тарих 

ғылымының 

докторы, 

шоқайтанушы 

ғалым:

– Қазақстан 

1991 жылы 16 жел-

тоқ санда Тәуелсіздік жариялағанда Гер-

манияның Мюнхен қаласында «Азаттық» 

радиосында қызметте едім. 

Тәуелсіздік жарияланғандағы қуаныш 

сезімімізді айтып жеткізу мүмкін емес. Өйт-

ке ні бұл шетел қазақтарының қаншама 

жылдан бері сағына күткен арманы еді. 

Адамның шетте жүріп, өзінің туған Отанына 

бара алмауынан, отандастарымен кездесе 

алмауынан өткен қиыншылық жоқ шығар. 

Шетелде, әсіресе Еуропада ол кезде әр 

нәрсеңіз бар. Ақша бар, машинаның әде-

місі бар, жегені – алдында, жемегені – ар-

тында. Ешқандай кемшілік жоқ. Қайда ба-

ра  мын, қыдырамын десең – өз еркің. Бі рақ 

сонда да бір нәрсе жетпей тұрғандай 

сезіледі. Ол – Отан. Отаннан жырақта бі-

реу  дің үйінде қонақта жүргендей болады 

екен 


сің. Тамағыңыз тоқ, көйлегіңіз көк 

бол са  да...

1991 жылға жеткенде Кеңес Одағының 

шаңырағы шайқала бастады. Республи ка-

лар бір-бірден Одақтан айырылып, тәуел-

сіздіктерін жариялап жатты. Тек Ресей мен 

Қа зақстан қалған. Алаңдаймыз, не болды? 

Қа шан Тәуелсіздікті жариялаймыз дейміз? 

Ақы рында жылдар бойы сағына күткен 

хабар 16 желтоқсан күні Мюнхен уақыты 

бо йынша сағат 15:00 шамасында жетті. 

Қа зақстан Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздікті жа-

рия лаған еді. Іле-шала артынан екі сағат 

өт пей жатып Түркияның Қазақстанның Тә-

уел сіздігін таныған хабары да жетті. Қуа-

нышымызда шек жоқ еді. Айлар бойы осы 

хабарды тағатсыздана күтіп жүрдік емес 

пе?! Сондықтан сол күнгі қуанышымызды, 

бақыт сезімімізді тілмен айтып жеткізу 

мүмкін емес. 

Иә, редакцияда өзімізше үлкен той жа-

садық. Бас редакторымыз Хасен Оралтай, 

орынбасары Мұхабай Енгин және Махмет 

Құлмағам бетов, Талғат Қошжігіт, Әлихан 

Жаналтай, Әбдіқаюм Кесижи, Нұр Пынар, 

Исмет Бишер, Өмірхан Алтын, Суат Темиз, 

Гүлхан Гайретолла сынды «Азаттық» радио-

сындағы қазақ қызметкерлерінің қуаны-

шын да шек жоқ еді. Сөйтіп, қазақ халқының 

сан жылдар армандаған Тәуелсіздігіне, 

бірнеше ай бойы сағына күтсек те, әйтеуір, 

қол жетті. Бірнеше ғасыр күткен Тәуелсіздікті 

бірнеше ай көбірек күтудің артықшылығы 

жоқ еді. Мәселе – басқаларға қарағанда 

бір-екі ай кешігіп Тәуелсіздік жариялауда 

емес, мә се ле сол Тәуелсіздікті мейлінше 

қантөгіс сіз, бейбіт түрде, саяси шеберлікпен 

жа рия лау да  болып  отыр. 

Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№222 (674) 14.12.2011 жыл, сәрсенбі          



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz



– Қуаныш Сұлтанұлы, сіздің 

пайымыңызша, Тәуелсіздік 

дегеніміз не және ол бізге не берді? 

– Тәуелсіздік – ең алдымен, қасиетті 

ұғым, сана. Оның мән-мағынасын ой-сана-

мызбен толық түйсінгеніміз жөн. «Тәуелсіз-

діктің құнын бүкіл қоғам болып түйсіне 

алдық па? Біздің өскелең ұрпақ Тәуелсіздікті 

өз дүниетанымында қалай бағалайды?» 

деген сұрақтардың мазалайтыны да орын-

ды. Осы тұрғыдан алғанда, менің пайы-

мым да Тәуелсіздік дегеніміз – ұлттық сана. 

Тәуелсіздік – адами болмысымыздың, өмі-

рі міздің қайнар бұлағы. Дүниеде жаралған 

тіршілік иесінің әрқайсысының болашақ 

өмірі тұтастай Тәуелсіздікке, бостандық пен 

азаттыққа байланысты. Өткен тарихымызды 

сабақтайтын болсақ, қазақтың ұлт болып 

ұйысып, ел болып бірігуінде, ең алдымен, 

Тәуелсіздік рухының ең жоғары рөл атқара-

тынын аңғарамыз. Қазақ – жаратылысынан-

ақ еркіндікті сүйген, азаттықты аңсап туған 

жұрт. Әрине, бұл басқа ұлттарда ондай 

сана жоқ дегенді білдірмейтіні түсінікті. 

Адам баласының еркіндікті, бостандықты 

аңсауы – табиғи құбылыс. Рухани еркіндік, 

рухтық теңдік болмаса, басқа бостандықтың 

тұрлаулы болуы да екіталай. 

Дүниежүзінде 6000-ға жуық ұлт пен ұлт 

тілдері бар екен. Солардың бәрі бірдей 

мемлекет емес, БҰҰ-ға мүше болып, тең 

дәрежеде мойындалғаны – 193 мемлекет 

қана. Ал сол 193-тің қатарына қосылуды 

аңсап жүрген халық қаншама? Сондықтан 

да біз тарихымызды саралай отырып, 

Тәуелсіздіктің танымын терең сезінуіміз 

керек. Тарихты білу арқылы Тәуелсіздіктің 

қадірін артық сезінеміз. Мәселен, бізге 

дейінгі ғасырларда қаншама ұрпақ 

қазақтың ұлттық Тәуелсіздігін аңсап өтті?! 

Қаншама толқын Тәуелсіздіктің орнағанын 

көзімен көріп, азаттық ауасымен тыныстай 

алмай зарығып өтті?! Тарихқа тым терең 

бойламай-ақ, XIX ғасырдағы Қазақ ханды-

ғы ның ұлы даламызда толық доғарылғанын 

айтсақ та жеткілікті. 1847 жылы Кенесары 

хан өлтірілгеннен кейін, қазақ жерінде 

хандық құрылым жойылып, мемлекеттігіміз 

тәркіленді. Содан бастап қазақтың басы 

ыдырап, орыс патшалығының боданында 

кеттік. «Бөліп ал да, билей бер» саясаты ор-

нық ты. Хандықты жою тұсында да, одан 

бергі кезеңде де елдік еркіндік үшін ереуіл-

дер, көтерілістер болғанымен, олардың 

ешқайсысы да отарлаушы күшке қауқарлы 

емес еді. Кейінгі кезеңнің барлығында да 

қазақ ұлтының қайраткерлері кез келген 

мүмкіндіктен еркіндікті іздеді. ХХ ғасыр 

басындағы революциялармен бірге 

азаттықты арқау еткен Алаш идеясы келді. 

Алаш қайраткерлері әуел бастан әлеуметтік 

теңдікті көкседі. Сол үшін Қазан төңкерісін 

қолдады. Үстем таптың болмауын қалады, 

Ресеймен одақтас бола отырып, автономия-

лық жағдайда өздерін тең дәрежеде көргісі 

келді. Алайда Ресей басшылығына келуші-

лер мұндай ұлттық ұстынды өздерінің саяси 

билеп-төстеуіне қауіп көрді. Билікке келген 

коммунистік партия Алаш қайраткерлерінің 

жұртты желпіндіре көтерген ұлт-азаттық 

санасын қолдау былай тұрсын, керісінше, 

оны мейлінше жоюға бағыт алды. XX ғасыр 

бойына ұлттық сана шектелумен келді. 

1986 жылғы желтоқсандағы жастардың 

көтерілуі сол булыққан, тұншыққан ұлттық 

сананың бұлқынысы еді. Тәуелсіздік, ең 

бастысы, құлдық, бодандық сананың құр-

сауы нан құтқарып, өзімізді тең құқықты 

адам сезінетін теңдік, еркіндік берді. Езіл-

ген еңсемізді көтертті. Бүгінгі өміріміздің 

барлық жақсылығы – тікелей Тәуелсізді гі-

міздің жеңісі де, жемісі де. Барлық игілікті 

беріп отырған – қасиетті Тәуелсіздік. 

– Қайсыбіреулер, оның ішінде 

сыртта отырып сарап жасайтын 

арандатқыш саясаткерсымақтар 

«Тәуелсіздік қазаққа оңай тиді» 

дегенді айтып қалып жатады...

– Бұл – қазақтың Тәуелсіздігіне қатысты 

қасаң тағдырлы қасіретін мүлдем білмей-

тіндердің һәм мүлдем білгісі келмейтін дер-

дің әңгімесі. Ондай әңгімені ойлау қабілеті 

адамдық санадан да, адамгершілік ұғым-

нан да алшақ қалған түсініктегілер өрбітетіні 

хақ. Тарихшылардың деректері бойынша, 

Ресейге бодан болған кезеңнің өзінде қазақ 

даласында үлкенді-кішілі 300-ден астам 

ұлт-азаттық көтерілістер болған екен. 

Тәуелсіздік үшін бұл аз көрсеткіш пе? Оның 

үстіне, неге біз халқымызды ұрындырып, 

соғыстырып, қан төгетін жолмен ғана 

Тәуелсіздік алуға тиіс екенбіз?! Отарланған 

қазақ онсыз да аз жапа шеккен жоқ. Өткен 

ғасырдың 20-30-жылдары одақтық билік-

тің солақай саясатынан 2 миллионға жуық 

қазақ аштан қырылды. Бұл аз ба? 1,5 мил-

лионнан астам қазақтың тоз-тозы шы ғып, 

жан сауғалаумен шетке үдере кеткені аз ба? 

Жүз мыңнан астам адам саяси қуғын- сүр-

гін ге ұшырағаны аз ба? Басқаларын айтпа-

ғанның өзінде, 1986 жылдың бейбіт көтер і  -

лісінде қаншама жастар құрбан болды? Бұл 

аз көрсеткіш пе?

Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, осын-

дай қасіретті көп көрген ұлт Тәуелсіздік жо-

лын халқын одан сайын арандатпайтын 

тұстан іздейтіні мәлім. Сол үшін біз Тәуелсіз-

дікті санамен, ақылмен сақтап, тұрақтан-

дырып, күшейтуіміз керек. Біздің басымыз-

дағы жағдайдың өзі қазақты мейлінше 

қақтырмай, соқтырмай, қантөгіске апар-

май, ұлт амандығын сақтай отырып, Тәуел-

сіздікке қол жеткізу еді. Менің ойымша, сол 

Тәуелсіздік жарияланар тұста титімдей ғана 

ушығатын даудың өзі, басқасын қайдам, 

қазаққа үлкен қатер еді. Ондай қапыдан 

қадам жасалса, Тәуелсіздікті жарияламай 

тұрып, айырылып қалуымыз да ғажап емес 

еді. Тіпті Қазақстанның Тәуелсіздікті жария-

лауының өзінде үлкен қатерлер тұрды. Мә-

селен, біздің барлық облысымызда дерлік 

тікелей Мәскеуден ғана басқарылатын 

үлкен әскери құрылымдар болды. Олар тек 

бұйрықпен, тек орталықтың өктем бұйры-

ғы мен ғана қозғалатын күш еді. Сондай 

қа тер лердің арасында қақтығыссыз Тәуел-

сіздікті жариялай білу – бұл көрегендік. 

Президент Н.Назарбаев бірнеше мәрте дәл 

осы мәселеге қатысты айтқаны есімізде. 

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың арманы-

мен, олардың өткен тарихи жолымен, бізге 

дейінгі толқынның талайлы құрбандығы-

мен, бір сөзбен айтқанда, қазақтың қаны-

мен келді. Талай буынның оза туған қайрат-

шылдары Тәуелсіздік үшін бастарын құр-

бан дыққа тіккенін білеміз. Ендеше, соның 

бәрін тәрк етіп, қалай да қақтығыспен ғана 

Тәуелсіздік алуымыз керек пе еді? Бұл – 

арандатушылық. Қазақтың егемен ел бо-

лып, өз тізгінін қолына алғанын көре ал-

май тындар осылай айтуы мүмкін. Кім не 

айтса да, өз жолымызбен жүріп, бейбіт 

дамуға ұмтылуымыз керек. Барлық мәсе-

лені ақылмен, біліммен шешу мүмкіндігі 

бар. 


Шығыстағы көршіміз – 1,5 млрд халқы 

бар Қытай Қазақстанмен тең дәрежеде 

саясат ұстанып отыр. Бұған не себеп? Олар 

біздің қаруымыздан, күшімізден қорқып 

отырған жоқ. Тіпті бізде Қытайды қорқы-

татын ниет те, қару да, күш те жоқ. Біздің 

16 млн халқымыз олардың бір ауданындағы 

жұртшылық санымен тең. Ендеше, Қытай 

Қазақстанның қазіргі заманға сай ұлттық 

интеллектуалдық мүмкіндігімен, ақыл-

қуатымен санасып отыр. Сол секілді барлық 

көршілестер біздің Елбасымыздың алғыр 

ақылымен, ұтқыр ұстанымымен, пайымды 

пікірімен, кемеңгер келешек жолымен 

санасады. Бір кездегі Қытай Кеңес Одағынан 

белгілі бір деңгейде сескенетін де. Солай 

сескене жүріп, жер дауына мойынсынбады, 

ешқандай да шекара мәселесіне келіскен 

де емес. Кеңес Одағы 74 жылдың ішінде 

екі арадағы шекараны анық айшықтай 

алмап еді. Сол Қытайыңыз 16 млн қазақпен 

келісімге келіп отыр. Мұның мәнісі не? 

Өйткені Қазақстан Президенті сауатты 

саясат ұстанып, жаңа аргументтерді келті-

ріп, Қытаймен тең дәрежеде сөйлесті. Көз-

қарасты өзгерту арқылы мемлекеттерді 

бір-бірінен алыстататын емес, жақында-

татын саясат ұстандық. Сөйтіп, осы уақытқа 

дейін қауіпті саналған Қытай шекарасы 

Қазақстанның Тәуелсіздігінен кейінгі жыл-

дары ушықпай, басылды. Біздің ұтқанымыз 

осы болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет