Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет дат! 6-б етте Қуаныш СҰлтанов



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.01.2017
өлшемі6,66 Mb.
#1735
1   2   3   4   5   6

1994 жылы 11 наурызда 

– «Мемлекеттік акция пакетінің 

бір бөлігін мемлекеттік акцио-

нерлік қоғам басшыларына 

сату үшін белгілеу» туралы Ел-

басының Жарлығы жария-

ланды.

1995 жылы 23 желтоқсан – «Жылжы-

майтын мүлік ипотекасы туралы» Заң 

қабылданды.

1996 жылы 20 тамыз – «Эйр Астана» 

әуе компаниясы құрылды.



1997-1999 жылдары Үкімет басында 

Нұрлан Балғымбаев болды.

1997 жылы 14 шілдеде – Президент 

Жарлығымен «Қазатомпром» ұлттық атом 

компаниясы құрылды.

1998 жылы – Алғашқы зейнетақы ре-

формасы іске қосылды, ол бойынша жи-

нақ таушы жүйе негізінде жекеменшік зей-

нетақы қорлары пайда болды.



1999-2002 жылдары Үкіметті Қасым-

Жомарт Тоқаев басқарды.

1999 жылы 15 қараша – «Қазақ стан-

дық жеке тұлғалардың жинағына кепілдік 

беру қоры» ЖАҚ құрылды

2000 жылы – Каспийдің солтүстігінде 

жатқан Қашаған кен орны ашылды. Бұл – 

әлемде 30 жылдың ішінде ашылған ең ірі 

кен орындарының бірі. Оның қор көлемі – 

4,8 млрд тонна мұнай.

23 тамыз – Ұлттық қор құрылды.

10 қазан – Астанада Қазақстан, Белорус-

сия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мем ле  кет 

басшылары 

Еуразиялық 

эконо ми ка лық 

кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.



7 желтоқсан – Тұрғын үй құрылыс 

жинақ банкі ашылды.



28 желтоқсан – Қазақстанның Даму 

банкі ашылды.



2002-2003 жылдары Премьер-министр 

Иманғали Тасмағамбетов болды.

2003 жылы 20 маусым – Жер кодексі 

қабылданды.



2003-2007 жылдары Үкіметті Даниал 

Ахметов басқарды.

2003 жыл – Ауыл жылы болып жария-

ланды. Әрі ол үш жылға белгіленді. Осы 

кезең де шаруаларға жеңілдікпен ұсыныла-

тын несие ақшаларды жеткізудің қаржы 

құралдары қарастырылды.

2004 жылы – «Жер және жер қойнауы 

туралы» Заңға қазақстандық қамту түсінігі 

енгізілді, кейіннен бұл термин «Мемлекеттік 

сатып алулар туралы», «Ұлттық әл-ауқат қо ры 

туралы» заң актілерінен көрініс тапты. 

2006 жылы қаңтар – «Самұрық» мем-

лекеттік холдингі құрылды.



2007 жылдың 10 қаңтарынан бері Ми-

нистрлер кабинетіне Кәрім Мәсімов бас-

шылық етіп келеді.

2007 жылы – Әлемдік қаржылық-эко-

но микалық дағдарыс басталды.



27 наурызда – Ұлттық ғарыш агенттігі 

құрылды.


1 шілде – Шикізат секторынан түсетін 

барлық табыс Ұлттық қорға бағытталды. 

Осыған байланысты Үкімет билігіндегі бюд-

жет «мұнай ақшасынсыз» жасақ талды.



2008 жылы 13 қазан – «Самұрық-

Қазы на» ұлттық әл-ауқат қоры құрылды.



4 ақпан – Ұлттық банк бір долларға 

шаққандағы теңгені – 117-123 аралы ғын-

да ғы құбылмалы дәлізде қалдырды.

5 ақпан – Қайта қаржыландыру сый ақы 

мөлшерлемесі 9,5 пайызға дейін тө мен-

детілді.

2009 жылы – Әлемдік қаржылық дағ-

дарыстың салдарынан ТМД-дағы ең ірі 

банктің бірі – БТА банк жекелей мемлекеттің 

меншігіне көшті.



3 наурыз – Екінші деңгейдегі банк-

тердің ең төменгі резерві бойынша талап 2 

пайыздан 1,5 пайызға, ал ішкі міндеттемесі 

3-тен 2,5 пайызға дейін төмен де тілді. 



2009 жылы – Мемлекет басшысының 

жыл сайынғы кезекті халыққа Жолдауында 

ел экономикасын әртараптандыруды мақ сат 

ететін 2010-2014-інші жылдарға ар нал ған 

Үдемелі  индустриялық-иннова ция лық  даму 

бағдарламасы жарияланды, сон 

дай-ақ 

2010-2014 жылдарға арналған тұрғын үй-



коммуналдық шаруашылығын дамыту 

бағдарламасы түзілді.



14 желтоқсан – «Түрікменстан-Өзбек-

стан-Қазақстан-Қытай» газ құбыры іске 

қосылды.

2010 жылдың 1 қаңтары – Қазақстан, 

Ресей және Беларусь мүшелігіндегі Кеден 

одағы жұмысқа кірісті.

Ақпан – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 

жол дәлізінің құрылысы басталды.



Наурыз – Мұнайдан тыс шикізат секто-

рын басқаратын Индустрия және жаңа тех-

нологиялар министрілігі, сондай-ақ Эконо-

ми калық даму және сауда министрлігі құ-

рылды.

16 тамыз – Қазақстанда мұнай және 

мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығы 

енгізілді. 

2011 жылы 1 қаңтар – Мұнайдың экс-

порттық баж салығы мөлшерлемесі 20-дан 

40 долларға дейін көтерілді. 

Қазан  – Келесі жылдан бастап шағын 

жә не орта бизнесті бухгалтерлік есеп жүр-

гізу ден босату туралы шешім қабыл дан-

ды...


Қорыта келгенде, 20 жыл деген 

тарих үшін қысқа мерзім ішінде 

еліміз басынан үш дағдарысты 

өткерген екен. Аталған қиын-қыс-

тау кезеңдер еліміздің шыдамды-

лығы мен төзімділігін қайрап, 

бүгіндері біздің Еуразиялық 

экономики калық  кеңіс тікті  құру 

секілді бірқатар басым батыл 

қадамдармен алға жетелеуде.

Әлемдегі даму қарқыны мықты елдер тобына ену үшін елі міз дің 

жыл сайынғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 7 пайыздан төмен болма-

уы керек екен. Ғаламдық қаржылық дағдарыстың сал дарын жою 

секілді күрмеуі қиын мәселеге тап келгенімізге қа рамастан, биыл біз 

бұл межені игере алдық. Әрине, бұған ел Тәуел сіздігінің 20 жылы 

барысында күрделі экономикалық ре фор маларды нәтижелі жүзеге 

асырудың арқасында қол жеткіз ген жетістігіміз екенін мойындауы-

мыз керек. Осы жағынан ал ған да, еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі 

экономикалық тарихи кезеңдеріне қысқаша хронология сипатында 

тоқтала кетсек...

Әлеуетіміз қалай, ағайын?

Біздің бағдарламаларымыздың басты 

мақсаты – халықтың әл-ауқатын нығайту. 

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеу-

меттік жаңғырту мәселелеріне ерекше на-

зар аударып тұрмын. Мен үш аса маңызды 

мемлекеттік бағдарламаларды – білім 

беру, денсаулық сақтау және тілдерді да-

мыту бағдарламаларын бекіттім. Үкіметке 

әкім дермен бірлесе отырып, биылғы 1 ма-

мырға дейін мынадай қағидатты түрде 

жаңа бағдарламаларды, яғни жұмыспен 

қам тудың жаңа стратегиясын; тұрғын үй-

коммуналдық  шаруашы лық ты  жаңғырту; 

халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз 

ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды 

тапсырамын. Бұл бағдарламалар елдің 

мил лиондаған қарапайым адамының күн-

бе-күнгі мәселелерін шешуге бағыт тал ған.

Олар қазақстандықтардың өмір сапасын 

жақсартады». Бұл – Елбасы Н.Назар-

баевтың биылғы, яғни 28 қаңтардағы 

Қазақ стан халқына Жолдауында айтқан 

сөзінен. Байқап отырғандарыңыздай, Ел-

басы әлеуметтік салаға айрықша көңіл 

бөліп отыр. Иә, мақсат айқын, меже бел-

гілі. Ал барша қазақстандық үшін қастерлі 

саналып отырған 20 жыл бедерінде әлеу-

меттік сала қалай дамыды? Бір білетініміз, 

божырап бара жатқан тұсымызда тез ес 

жиып, дереу еңсемізді тіктеп алдық. Әри-

не, оңайға соққан жоқ. Бірақ Елбасының 

сали қалы саясатының арқасында біз қазір 

өтке 


німізге өкінбей, болашаққа батыл 

қадам жасай алатынымызға сенімдіміз. 

Қазақстанның халықтың әл-ауқаты 

жағынан жаһандық көрсеткіш бойынша 

САР

АП

әлемнің алғашқы 50 мемлекетінің тізімі-



нен көрінуі – біздің биік белестерді бағын-

дыра алуымыздың нәтижесі. 

Бүгінгі көрсеткішпен айтсақ, әр адам 

ба 


сына шаққандағы ЖІӨ көлемі 10 

мыңнан астам АҚШ долларына жеткен. 

«Соңғы төрт- бес жылдың көлемінде хал-

қымыздың қаржылай табысы мен бюд-

жеттегі қызмет 

керлердің еңбекақысы 

және студенттердің шәкіртақысы екі есе 

өсті», – дейді мамандар. Айта кету керек

сондай-ақ зейнетақы мөлшері 2,6 есеге 

ұлғайған. Ауыз толтырып айтарлықтай 

артықшылығымыз, қазір бала туған 

әйел 


дерге төлемақы беруді Үкімет өз 

мой нына алып, бір жасқа дейінгі бала 

күтіміне бөлінетін жәрдемақыны 2,6 есе-

ге дейін арттырып отыр. 

Демографиялық жағдайды жақсарту 

мақсатында елімізде түрлі іс-шаралар қол-

ға алынуда. Соның бірі – бала туған әйел-

дерге қаржылай көмек көрсетуге айырық-

ша ықпал ету. Мәселен, жаңа туған балаға 

төленетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 

2007 жылы 16 380 теңге болса, қазір ол 

45 360 теңгені құрап отыр. Ал дүниеге төр-

тінші, бесінші және одан да көп бала әкел-

ген анаға мемлекет 75 600 теңге жәр дем-

ақы тағайындайды. 

Жалпы, осы әлеуметтік секторда жасал-

ған реформа аз емес. Қай-қайсысын алсақ 

та, өзінше нәтиже берді. Халықты әлеумет-

тік жағынан қорғауда жүзеге асқан игілік-

ті істер де біршама. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігі таратқан мәліметті алға тарт-

сақ, 2000-2011 жылдар аралығында елі-

міз де зейнетақының ең төменгі мөлшері 

– 3500-ден 24 047 теңгеге дейін, яғни 

жеті есеге, орташасы – 4462-ден 36 205 

тең геге жетіп, сегіз есеге, ал жоғарғы зей-

нет ақы 8156-дан 52 226 теңгеге, былай-

ша айтқанда 6,4 есеге көтерілген. 

Жұмыссыздықпен күресте де қарқы-

нымыз жаман емес. Білетін боларсыздар, 

халықаралық еңбек ұйымы таратқан мәлі-

метке сенсек, 2007-2010 жылдар аралы-

ғында жұмыссыздық әсіресе дамыған ел-

дерде ушығып кеткен. Сондай-ақ олар, 

кері сінше, жұмыссыздықты ауыздықтаған 

мемлекеттерді де атап өткен-ді. Солардың 

қатарынан Қазақстанның көрінуі абырой 

емес пе?! Оған 20 жыл аралығында еліміз-

дегі жұмыссыздар санын 7 миллионнан 

600 мыңға дейін төмендетуіміздің өзі – 

дәлел. 


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 

елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартуға және 

жаһандық дағдарыспен күресу турасында 

Үкіметке берген тапсырмаларының оң 

шешіле бастағандығының бір көрінісі ғана 

– бұл. Мұнымен тоқмейілсіп отырған жоқ-

пыз. Биыл Қазақстанда «Жұмыспен қамту 

– 2020» бағдарламасы қабылданып, ол 

«міндетін» орындауды бастап кетті. Бағ-

дарламаның негізгі мақсаты – аты айтып 

тұрғандай, халықты тұрақты және нәтижелі 

жұмыспен қамту. 

Орташа жалақыға қатысты айтсақ, 

осыдан тура 11 жыл бұрын, нақтырақ айт-

сақ, 2000 жылы орташа жалақы 14 374 

тең гені құраса, қазір ол 92 993 теңгеге 

дейін көтерілген.

Ендігі кезекте ең төменгі күнкөріс дең-

гейін сөз етсек, 1997 жылы ол 3,500 тең ге 

көлемінде болса, қазір 15 000 тең генің ар 

жақ, бер жағында. 

Тағы бір маңызды мәселе, Қазақ-

станның кедейшілікті жоюға белсене 

кіріскені баршаға аян. Мұны біз мына 

статистика ар қылы байқай аламыз: егер 

1996 жылы кедейлік деңгейі 34 пайыздан 

асса, оны бүгінгі таңда 6 пайызға төмен-

деттік. 


«Мемлекет 420 мыңнан астам мүгедек 

пен 200 мыңнан астам асыраушысынан 

айырылған азаматты әлеуметтік тұрғыдан 

қамтамасыз етуде. 1998 жылғы 1 қаңтарға 

дейін қолданылған зейнетақы заңнамасына 

сәйкес, ауру салдарынан туындаған мүге-

дектік бойынша және асыраушысынан 

айы рылуына байланысты зейнетақылар 

әлеуметтік қатер туындаған сәтке дейін 

еңбек өтілі болған жағдайда жалақысын 

ескере отырып тағайындалып келген бо-

латын. Бұл ретте, мүмкіндіктері тең дәре-

жеде шектелген адамдардың алатын 

зейнет ақысының мөлшері әртүрлі болды. 

Сон дықтан әлеуметтік қамсыздандыруда 

тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін 1998 

жылдан бастап базалық деңгейде мемле-

кеттік әлеуметтік жәрдемақылар енгізілді», 

– дейді еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова 

отандық БАҚ-тарға берген мәліметінде 

мүмкіндігі шектеулі жандар жайында.



«Біз өзіміздің 

индустрияландыру және 

экономиканы технологиялық 

тұрғыдан дамыту жөніндегі 

жоспарларымызды нақпа-

нақ айқындап алдық.

Ләззат БИЛАН

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:

«Қазақ» сөзі – «тәуелсіз» және «азат рухты» деген мағынаны білдіретін ежелгі түркі сөзі. Оның мәні мен мағынасы 

бүгінгі күнге өте үйлесімді, өйткені Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап Қазақстан халқы Қазақстанды аймақтағы 

жетекші елге айналдыруда үлкен бастамашылдық танытты. 

Дәл Қазақстан тәрізді ядролық қарусыздану бастамасында бекем шешімталдық танытып отырған елдер көп емес. 

Сондай-ақ Қазақстан 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсылық күні ретінде атап өтуді ұсынды, оны БҰҰ 

Бас Ассамблеясы бекітті. Мен Қазақстанның ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыру ісіндегі ұстанымына ризамын».

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

 

Желтоқсан көтерілісін Тәуелсіздік жаршысы дей аласыз ба?



Айдос САРЫМ, 

саясаттанушы:

Жарасбай 

СҮЛЕЙМЕНОВ, 

ҚР 

Парламенті Мәжілісінің 

ІV шақырылымындағы 

депутаты:

Әшірбек СЫҒАЙ, 

қоғам қайраткері:

– Сөз жоқ, Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздік алуымызда алғашқы қадам болды. 

Өйткені 1986 жылы еліміздің басшылығына ешкім танымайтын өзге ұлт өкілі – 

Колбинді алып келгенде, бұған наразы болған қазақ жастары қақа ған суықта 

алаңға шықты. Бейбіт шеру өткізді. Бұл қазақты басқа ұлттың бас қаруына қарсы 

наразылық шеруі болатын. Алайда бұл Кремльдің шамына тиіп, олар қазақтарды 

басып-жаншыды, қынадай қырды, алаң қызыл қанға боялды. Шын мәніне кел-

генде, бұл қазақ жастарының Тәуелсіз ел болуға ниеттенуінің көрінісі еді. Желтоқ-

сан шылардың атқан тасы қызыл империяның қабырғасына қатты тиді. Оның 

жаңғырығы бүкіл әлемге естілді. Алматыда бастау алған дүмпу әрі қарай Балтық 

елінде, Кавказ республикаларында жалғасты. Осылай ша айналдырған бес жылда 

қызыл империяның қабырғасы сөгіліп, бос тандық алдық. Сондықтан Желтоқ сан 

көтерілісі – сөзсіз, Тәуелсіздігіміздің ал ғашқы қар лы ғашы. Оның үсті не, зұ лым дық 

импе риясынан босатылған бүкіл 16 респуб лика қазақ жастарына қа рыз дар деп есеп-

теймін. Өйткені бос тандық үшін ең алғаш қазақ жастары бас көтер ді. Сондықтан 

Желтоқсан көтерілісін қазақ халқының батырлық бренді ретін де наси хаттауымыз 

қажет. Кейінгі жас тар мұны жүрегімен сезінуі тиіс. Әрбір жас осы басымызға қонған 

бостандық бағын, бостандық бұлбұлын ұшырып алмауы керек.

– Қазақ қашанда азаттықты аңсап келді. Ресейдің бода-

нында жүргенде бостандық үшін қаншама көтеріліс жаса 

ды. 

Елбасымыздың өзі Желтоқсан оқиғасына «Тәуелсіз 



ді 

гі 


міз 

дің 


қарлығашы» деген баға беріп отыр. Сондықтан Тәуел сіз дік бізге 

аспаннан салбырап келген жоқ. Ол үшін қан шама қа ра көздеріміз 

жанын пида етті. Осыншама кең жер ді най заның ұшымен, білектің 

күшімен қорғап келген ата-ба бала ры мыздың шын мұрагері бар 

екендігін осы жел тоқ сан дықтар көрсетті. Сондықтан Желтоқсан 

көтерілісі мен Тәуел сіздік тарихын байланыстырмау әсте мүмкін 

емес. Өйт кені Желтоқсан көтерілісінен дәл бес жыл өткен соң, 

Қазақ стан дербес мемлекет ретіндегі Тәуелсіздігін жария етті. Сан 

ға сыр лар бойы бабалар арманы болған егемендікке қол жетіп, 

көкірегімізде сенім оянды. Сол үшін Тәуелсіздік алуы мызға ті-

келей себеп бол ған Желтоқсан көтерілісін жаппай қоғам болып 

дәріп теуіміз  қажет.

– Биыл Қазақ елі айтулы қос датаны 

атап өткелі тұр. Оның біріншісі Тәуел сіз ді-

гі міздің 20 жылдығы болса, екіншісі – Жел-

тоқ сан көте рі лісінің 25 жылдығы. Бұл екі 

оқи ға бір-біріне тығыз байланысты, мұны 

бөлі п-жару дың керегі жоқ. Қазақ хал қы 

Ресей құра мында бол ған екі жарым ғасыр-

лық мер зім де 300-ден астам ірілі-ұсақты 

көт ері ліс  жасаған.  Алай да  алғашқы лары-

ның бар лы ғы жеңіліспен аяқталса, Жел-

тоқсан  көте рі лісі  нәти желі  болып,  Тә уел-

сіздікке қол жет кіздік. Сон дықтан бұл оқи-

ға біз үшін ерек ше мәнге ие болуы тиіс. 

Шын мәніне кел генде, алғаш қазақ халқын 

бү кіл әлем Жел тоқсан көтерілісі арқылы 

таныды. Сон дық тан мұны тікелей Тәуел сіз-

діктің  жар шы сы  дегім  келеді.

Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

БЕЛ АСУ


Бүгінгі дамыған мемлекет пен 

қазақ идеясының бірлігі

1. Мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәсе-

лесін ұдайы назарда ұстап келеді. Әлемдік 

саясаттың негізгі ойыншыларымен тең 

қарым-қатынас ұстап, диплома 

тияның 


құндылықтары арқылы қауіпсіздік қамта-

масыз етілуде. Бейбітсүйгіш ел ретінде 

танылған Қазақстан жас та болса дүние-

жүзінің тұрақтылығына қарлығаштың қа-

на тымен су сепкендей еңбек сіңірді. Жер 

бетінде өз еркімен ядролық қарудан бас 

тартқан тұңғыш елдің бұл күнде халық-

аралық қатынастарда сөзі өтімді. Жер 

бетіндегі қақтығыстардың 80 пайызы діни 

және ұлттық қатынастардың шиеленісуінен 

болады екен. Бірнеше ұлттың өкілі бейбіт 

күн кешіп жатқан Қазақстан – әлемдегі 

барша діннің өкілдерін бір үстел басына 

жиған тұңғыш ел. Осы игі істердің барлығы 

– Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін жа-

салып жатқан шаралар. 

2. Қазіргі ішкі саяси тұрақтылық пен 

қоғамның топтасуы – Қазақстанның 20 

жылда жеткен ең үлкен жетістігі. Жер 

бетінде 100 пайыз бір этностан ғана 

тұратын мемлекет жоқ. Сондықтан әртүрлі 

этностарды бір идеяға топтастыру арқылы 

бірлігін нығайту жұмыстары жүргізілуі ке-

рек. 1995 жылы Қазақстан халықтары 

Ассамблеясы құрылып, ішкі тұрақтылықты 

қам тамасыз ету жұмыстары күшейтілді. 

Мемлекеттік тілді дамытуға басымдық 

беріліп, өзге ұлттар негізгі ұлт – қазақ-

тардың тілін, мәдениетін үйрене бастады. 

Мұның өзі – Қазақстан халқының ортақ 

идеямен өмір сүріп жатқандығының 

кепілі. КСРО шекпенінен шыққан өзге 

мем 

лекеттердің көпші 



лігінде ішкі қай-

шылықтар болып, мемлекет дамуына 

белгілі бір деңгейде кедергі келтіргені жа-

сырын емес. Гүржістан, Қырғыз стан, Ук-

раина, Ресей, Молдова, Тәжікстан, Арме-

ния мен Әзірбайжан сияқты тағдыр лас 

елдерге үлгі болып отырмыз десек, ар тық 

айтқандық емес. Бұл – біздің емес, ха-

лықаралық қауымдастықтың беріп отыр-

ған шынайы бағасы.

3. Қазақ елі ТМД-да алғаш болып на-

рық тық экономика құрған ел ретінде та-

нылды. Кейбір мемлекеттер сияқты жаһан-

данудан секем алып, шекарасын тарс жа-

уып, қымтану саясатын ұстанған жоқ. Кері-

сінше, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Қы-

тай, Жапония сияқты дамыған мемлекет-

тер дің ірі-ірі компанияларына айқара есік 

ашты. Саяси тұрақтылығымен шетелдік 

инвесторлардың назарын өзіне аударып 

қана қоймай, олардың емін-еркін жұмыс 

істеп, ел бюджетінің бүйірін шығаруды ой-

лады. Осылайша нарықтық экономикаға 

негізделген экономикалық даму жоспары 

ойдағыдай жүзеге асты. 

4. Конституциясында әлеуметтік мем-

лекет екені анық жазылған еліміз ғылым 

мен білімді, денсаулық сақтау саласын 

үнемі назарда ұстап келеді. Елімізде білім 

беруге ауқымды әрі теңдей қолжетімділік 

қамтамасыз етілуінің арқасында Қазақстан 

Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

...Қазақ тарихының қасіретті беттерінің 

біріне айналған Желтоқсан көтерілісін 

күшпен басып-жаншығанын тоталитарлық 

жүйе тап сол мезетте үлкен жеңіске бала-

ды. Сөйтіп, жазалау әрекеттеріне белсене 

қатысқан көптеген құқық қорғау органы 

мен мекемелерінің қызметкерлерін орден-

дермен, наградалармен, ақшалай сый-

сия 


паттармен марапаттады. Қандықол 

жен 


дет 

тердің ең көрнектісі – Геннадий 

Кол бин қазақ жастарының бейбіт шеруін 

тас-талқан етіп жаншығандығы әрі олар-

дың көбін жазықсыз соттатып, ату жаза-

сына кестіргені үшін КСРО-ның ең жоғары 

наградасы – Ленин орденімен марапат-

талды. Одан басқа да жүздеген адам жо-

ғары наградаларға ие болды. Марапат тал-

ған 


дар 

дың барлығы да сый-сияпатты 

ОЙТ

О

ЛҒА



У

қуана қабылдады. Одан бас тартуға қырғыз 

жігіті Талайбек Ылаевтың ғана батылы бар-

ды. Желтоқсан көтерілісі тұсында Қазақ-

станда әскер қатарында болған Талайбек: 

«Менің фашист болғым келмейді. Мен – 

Колбинге, оны қолдаған барлық жендетке 

лағнет айтамын!» – деп, өзіне берілген 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет 

гра мотасы нан бас тартып, оны кері қай-

тарып жібере алды. Ал өз «патриоттары-

мыз» араға талай жыл салып барып, яғни 

желтоқ сан дық тар  ақтала  бастаған  тұста 

ғана қырғыз жігі тінің үлгісіне жүгінді. Сөй-

тіп, Желтоқсан оқи ғасы кімнің кім екенін 

сөзсіз айқындап берді. 

Желтоқсанның аса зор тарихи маңызы 

сонда, ол қырық рулы қазақты ғана емес, 

кеңестік кеңістік аумағындағы әртүрлі 

ұлттар мен ұлыстарды 70 жыл бойы тас 

шеңгелінен шығармай келген КСРО атты 

алып империяның іргесін шайқалтқан ең 

алғашқы дүмпу болды. Қазақ жерінен бас-

тау алған көзсіз батылдық одан әрі Грузия, 

Әзірбайжан, өзбек-қырғыз шекарасы, 

Бал тық жағалауы елдеріндегі бас көтеру-

лер ге жалғасып, нәтижесінде мызғымастай 

көрін ген тоталитарлық жүйенің тас-тал-

қанын шығарды. Сөйтіп, кешегі одақтас 

республикалар бірінен соң бірі егемендігін 

жариялап, іргесін нықтап жатты. Бір қы-

зығы, соның бәріне алғышарт жасап бер-

ген қазақ елі өз Тәуелсіздігін елдің ең 

соңы нан ғана жариялай алды. Ең бір қын-

жы ларлығы, тап сол мезетте Орталық та-

рапынан таңылған «Желтоқсан – көте ріліс 

те, оқиға да емес, арандатушылардың 

ығын да кеткендердің бейбастақ әрекеті, 

жай ғана басбұзарлық» деген қара таңба 

мен әділетсіз айыптауға қарсы дәлелді дау 

айтып, жастарын ақтап аларлық, «Жел тоқ-

санның тарихи бағасы берілуі тиіс» деп 

талап етерлік ешкім болған жоқ. Сол оқи-

ғадан кейін үш жыл өткен соң барып қана 

бұл жайт Кремльдің Съездер сарайында 

депутат Мұхтар Шахановтың аузымен ай-

тылды. 

Содан кейінгі уақытта Желтоқсан оқи-



ғасының шындығын айқындау мақсатында 

бес рет комиссия құрылды. Бірақ әртүрлі 

желеумен әрқайсысының жұмысы орта 

жолдан тоқтап қалып жатты. Шындықтың 

айтылуы тарих үшін, өскелең ұрпақ үшін 

қаншалықты қажет әрі маңызды болса, 

оның жұртқа жетуіне ықылассыз топтың 

тегеуріні соншалықты мықты екендігі мә лім 

болды. Дей тұрғанмен де, айналып өту ге 

болмайтын бір шындық: зиялылардың 

жанқиярлық еңбегі арқасында Желтоқсан 

көтерілісі әлдекімдердің қолжаулығына 

айналып кетуден аман қалды, талай боздақ 

ақталды. Әрине, мұның бәрі олардың көп-

ші лігінің жылдар бойы түрме қапасы мен 

айдауда өткен жалынды жастығының, 

адам қолымен аяусыз жасалған қиянаттан 

нұқсан келген денсаулығының, сондай-ақ 

оқудан, қызметтен шығып қалып, қорлық-

ты күй кешкен тәлейсіз тағдырының өтеуі 

бола алмас та. Яғни желтоқсандықтардың 

жүрегіне түскен жара тым ауыр. Осы орай-

да «Желтоқсан оқиғасы кезінде кім қай 

жақта болып, кімнің мүддесін қорғады?» 

деген мәселе әлі күнге дейін көп адамды 

төбесінен мұздай су құйылғандай күйге 

түсіреді. Бір есептен, бұл сұрақ ешқашан 

өзінің өзектілігін жоғалтуға тиіс те емес. 

Өйткені шындық әр уақытта бағалы. 

Мұның барлығы бүгінгі қоғамның өткен 

тарихтан сабақ алуы үшін қажет. 

Шын мәнісінде, 1986 жылғы Желтоқсан 

көтерілісі ұлт тарихында өшпес ізі қалған 

аса айтулы құбылыс еді. Нақақтан қан тө-

гіл геніне, жазықсыз жаза кесілгеніне қа ра-

мастан, сол арқылы қазақтың қалғи бас та-

ған ұлттық рухы қайта бір көтерілген. Ел 

солайша елдігін танытқан. Қабырғасынан 

қақырата соққы алған қызыл құрсау қа-

зақтың бұғауға көнбейтін, әділетсіздікке 

төзбейтін қайсар қалпын көрген, ғаламат 

зор қайратын сезінген. Желтоқсан ызға-

рына тоңған, мезгілсіз солған бекзат бол-

мыс ты ұл-қыздың қажыр-қайраты нәти же-

сінде қазақтың өз пейіліне біткен кең бай-

тақ даласы азаттық нұрына шомылған. 

Желтоқсан көтерілісінің осыншама маңы-

зын өз дәрежесінде бағалай алмай жүрге-

німіз – елдігімізге сын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет