1 Дәріс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата12.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#1749
1   2   3   4   5

6

 

Дәріс.  Қазақстанның  халықаралық  қатынастардың  жаңа  субъектісі  ретінде 

халықаралық аренаға шығуы . 

 

1.

 

Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты. Қазақстанның Қытай, Малайзия, 

Сингапур, Жапония, Оңтүстік  Корея елдерімен қарым – қатынастары. 

2.

 



Қазақстанның Оңтүстік Азия Үндістан, Пәкістан мемлекеттерімен 

ынтымақтастығының қалыптасуы, дамуы және келешегі. 



3.

 

ҚР Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері ассоциясы елдеріне қатысты саяси және 



экономикалық саясаты. 

Қазақстанның сыртқы саясаты 

              Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты  белсенділігімен,  тепе-теңдік 

сақтауға  ұмтылысымен,  прагматизмдігімен,  сындарлы  сұхбат  жүргізуге  талпынысымен 

және  көпжақты  ынтымақтастыққа  бағытталғандығымен  ерекшеленеді.  Халықаралық 

аренада  мемлекетіміз  өзінің  тарихи,  геосаясаттық  және  экономикалық  факторларына 

байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес 

мемлекеттермен  татуластық  және  олардың  аймактық  біртұтастығын  кұрметтеу 

принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және 

екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық 

байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы 

тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап  біздің  республика  әлемнің  130  мемлекетімен 

дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты 

Орталық  Азия

 

мен 



Қазақстан

 аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді 

даму  қарқынының  арқасында  ipi  трансұлттық  корпорациялардың,  өзге  мемлекеттердің 

үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық 

сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны 

бойынша  біздің  мемлекет  аймактағы  көшбасшы.  Осы  ретте  еліміздің  болашақта  даму 

мүмкіндіктерінің  мол  екендігін  ескере  кету  керек.  Бүгінгі  күні  қазақстандық  сыртқы 

саясат  басымдылығы  ең  алдымен 

Ресей



Қытай



АҚШ


ЕО

,  Орталық  Азия  аймағындағы 



көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып 

отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей 

жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол 

қойылған мемлекет басшылығының 

Вашингтон

Мәскеу



Брюссел


Лондон


Бейжің


Каир


Тегеран


Ташкент


Бішкек


  және  тағы  да  басқа  мемлекеттердің  астаналарына  ресми 

сапарларының  қорытындылары  да  осыны  айғақтай  түсуде.  Осылайша  мeмлeкeтiмiздiң 

әлемнің жетекшi державалары мен көршілес 

ТМД


 мемлекеттepi арасындағы стратегиялық 

серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. 



Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық. 

       Қазіргі  кезде  Қазақстанның  көп  ғасырлар  бойы  туысқандық,  мәдени,  саяси  және 

экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен 

ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, 

экономикасы  едәуір  алға  басқан  Қазақстан  аймақ  бойынша  көршілес  елдермен  тығыз 

қарым-қатынас  орнатуға  қызығушылық  білдіруде.  Біздің  мемлекетіміздің  ендігі  жердегі 

қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз 

байланысты. Сол себепті  Қазақстан 

Орта  Азиялық  Одақ

  құру  идеясын  алға  тартып  отыр. 

Бұл  бірлестікке  Қазақстаннан  басқа  аймақтың 

Өзбекстан

Қырғызстан



Тәжікстан

  және 

Түрікменстан



  сияқты  мемлекеттері  де  кipyi  мүмкін.  2006  -  2007  жылдар  аралығында 

Орталық  Азия  мемлекеттері  президенттерінің 

Астанаға

  іс-сапарлары  барысында  және 

Қазақстан  басшылығының  аталмыш  аймақ  мемлекеттеріне  ресми  сапарлары  барысында 

мемлекетаралық,  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  қарым-қатынастардың 

дамуына  негіз  болатын  маңызды  екі  жақты  келісімдер  қабылданды.  Бұл  құжаттар 

Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ 

идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. 

Қазіргі  кезеңдегі  геосаясатта  Қытай  Халық  Республикасына  теңдесі  жоқ  экономикалық 

өсу  есебімен  құрылуда.  Осы  ғасырдың  бірінші  онжылдығында  Қытай  жалпы  ұлттық 


өнімнің  көлемі  бойынша  АҚШ-ты  басып  озады  деген  жорамал  бар.  «Үлкен  Қытайдың» 

(ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв 

көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға 

орын  береді.  Қытайдың  глобальды  стратегиясының  басымдылығында  жақын 

көршілерімен  қарым-қатынас  тұрақтандыру  және  глобальды  лидерлермен  бейбіт  қарым-

қатынаста  болуын  ескере  отырып,  қытайлық  реформалар  мен  ашық  саясат  жүргізуде 

халықаралық  қолайлы  жағдайлар  қамтамасыз  ету  орын  алады.  Ху  Цзиньтао  жаңа 

басшылығымен  ҚХР-ң  алдында  «тарихи  әділеттілікті  қайта  жаңғырту  және  Қытайдың 

маңыздылығын  жандандыру»  міндеті  тұр.  Сонымен  қатар  әскери-саяси  міндеті  –  Отан 

аясына  Тайваньды  қайтару,  Қытайдың  Тибет  пен  Синьцзян  (Шығыс  Түркестан) 

тәуелсіздігіне  кепілдік  беру;  ұлттық  территория  шеңберінен  Қытайдың  стратегиялық 

шекарасын  көшіру.  Сол  арқылы,  ҚХР  сыртқы  саясаты  тікелей  елдің  ішкісаяси  және 

экономикалық  дамуымен  байланысты.  Теңдесі  жоқ  Қытайды  экономикалық  деңгейі 

Пекиннің  сыртқы  саяси  және  геосаяси  амбициясын  ынталандырады.  Шын  мәнінде,  бұл 

процесс  басталды.  Осы  курс  жұмысымыздың  өзектілігі  –  экономикалық  және  саяси 

қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды. 

Курс  жұмысты  жазу  барысында  осындай  тарихнамалық  базаға  сүйендік:  «Современные 

международные отношения» , «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на 

современном  этапе:  реалии  и  перспективы»  ,  сонымен  қатар  «Преодоление» 

кітаптарындағы  мағлұматтармен  және  көптеген  авторлардың  «ҚХР  сыртқы  саясаты 

туралы» мақала-зерттеулерімен толық таныстық. 

Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық 

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. 

Бұл  -  Кытай  Халық  Республикасы.  Жыл  сайын  екі  ел  арасындағы  тауарайналымы  өсіп, 

экономика,  мәдени-гуманитарлық  ынтымактастық  салаларында  көптеген  ipi  жобалар 

жүзеге  асырылып  отыр.  Ұдайы  қарым-қатынас  арқасында  екі  ел  басшылылығының 

арасындағы байланыс нығайып келеді. 

Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады: 

1.

 



Глобальды  –  Қытайдың  глобализацияны  бағалауы  және  өз  орны  мен  мәнін 

анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ 

және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы 

(АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты. 

2.

 

Азиядағы  ҚХР  саясаты  –  Қытай-Үндістан,  Қытай-Пакистан  қарым-қатынастары, 



ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, 

Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс. 

3.

 

Қытай  мен  Евразия  –  Қытай-Ресей  қарым-қатынастары,  Орта  Азиядағы  Қытай 



стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары. 

 

 



Малазия мен Қазақстан 

Қазақстанмен қарым-қатынасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда  Малайзияның Қазақстанның 

тәуелсіздігін мойындағаннан бері басталды. 


1992  жылғы

  16  наурызда  Қазақстан  мен  Малайзия  арасында  дипломатиялық  қатынастар 

орнықты.  1996  жылы  Куала-Лумпур  қаласында  Қазақстанның  және  Алматыда 

Малайзияның  елшіліктері  ашылды.  2012  жылдың  17-19  сәуір  аралығында  Президент 

Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болды. 

1996  жылы

  Қазақстанға  ресми  сапармен  Малайзияның  Премьер-министрі  М.Мохамад, 

2003  жылы  Малайзияның  Жоғарғы  билеушісі  С.Сираджуддин  және  2011  жылы 

Малайзияның Премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак келді. 2011 жылдың 

мамыр  айында  Қазақстанға  дипломатиялық  қатынас  тарихында  алғаш  рет  Малайзияның 

Сыртқы  істер  министрі  Анифа  Аман,  маусымда  Малайзияның  Премьер-министрі  Дато 

Сри  Наджиб  Тун  Абдул  Разак  және  бұрынғы  Премьер-министрі  А.Бадауи  келіп  кетті. 

Аталған  сапар  барысында  Малайзияның  Премьер-министрі  Н.Разак  Дүниежүзілік  ислам 

экономикалық форумына қатысты. 

Туризмді  дамыту  мақсатында  Малайзия  Қазақстан  азаматтарына  біржақты  негізде  30 

күнге  дейін  визасыз  режим  енгізді.  «Эйр  Астана»  әуекомпаниясы  Алматы  мен  Куала-

Лумпур арасында аптасына тікелей үш рейс жасайды. 

Малайзияда  2  мыңнан  астам  қазақстандық  студент  білім  алуда  (2011).  Оның  көпшілігі 

экономика және ақпараттық-технологиялар мамандықтары бойынша оқиды. 

Малайзияда 2010 жылы қазақстандық студенттер Ассоциациясы құрылған. 

Қазір  Оңтүстік  Корея  мен  Қазақстанның  қарым-қатынасы  өте  жоғары  деңгейде. 

Өйткені  мемлекет  басшылары  соңғы  5  жылда  6  рет  сапарлар  жасады.  Әсіресе,  биыл  ҚР 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық саммитке қатысу үшін Оңтүстік Кореяға барса, 

қыркүйекте  Корея президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге Балқаш ЖЭС құрылысының 

басталуына  қатысты.  Екі  елдің  арасындағы  тауар  айналымы  2011  жылы  1  миллиард 

доллардан асты. Ал Оңтүстік Кореяның Қазақстанға құятын тікелей инвестиция көлемі 3 

миллиард доллардан астам болды. 

Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы қатынастар  

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 23 ақпанда орнатылды. 

1993  ж.  қарашада  Қазақстан  Республикасының  Елшілігі  Нью-Делиде  ашылды.  

2010 ж. 11 мамырдан бастап Үндістандағы ҚР Елшісі – Д.Қуанышев. 

1993  ж.  қазанда  Үндістан  Республикасының  Елшілігі  Алматыда  ашылды.  2011  ж. 

қаңтардан бері Қазақстандағы ҮР Елшісі - Ашок Кумар Шарма.ҮР Елшілігі 2007 жылдың 

қарашасында  Астанаға  көшіріліп,  Алматы  қаласында  ҮР-дің  консулдық  пункті  жұмыс 

жасайды. 

1992  ж.  ақпанда  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Үндістанға  бірінші  ресми  сапары 

барысында  Мемлекетаралық  қатынастардың  негізгі  қағидалары  мен  бағыттары  туралы 

декларацияға,  Дипломатиялық  қатынастарды  орнату  туралы  хаттамаға,  сауда-экономика, 

ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларындағы қарым-

қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды. 

Премьер-министрдің  (1993  ж.  мамыр)  және  Үндістан  Вице-президентінің  (1996  ж. 

қыркүйек) Қазақстанға ресми сапарлары барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени 


алмасу, 

сауда-экономикалық, 

ғылыми-техникалық, 

өнеркәсіптік 

және 

мәдени 


ынтымақтастық  жөніндегі  үкіметаралық  бірлескен  комиссия  (ҮБК)  құру  жөніндегі 

келісімдерге қол қойылды. 

1999  ж.  желтоқсанда  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  екінші  мәрте  ресми  сапармен 

Үндістанда 

болды. 

Қосалқысалықтыболдырмауконвенциясына, 



Ынталандыружәнеөзараинвестициялардықорғаужөніндегікелісім-шартқа, 

ҚазақстанныңҮндістандағыжәнеҮндістанныңҚазақстандағымәденикүндерінөткізужөнінд

егіөзаратүсіністікиуралы меморандумынақолқойылды. 

2002  ж.  11-15  ақпанда  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Үндістанға  ресми  сапары  өтті. 

Сапардың  қорытындылары  бойынша  Қазақстан-Үндістан  бірлескен  декларациясына  қол 

қойылды. 

2002  ж.  шілдеде  Үндістан  Республикасының  Премьер-министрі  А.Б.Ваджпаи  Қазақстан 

Республикасында  ресми  сапармен  болып,  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім 

шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші мәжілісіне қатысты. 

2008 ж. 6-10 сәуір аралығында Үндістан Парламентінің Жоғарғы палатасының Төрағасы 

Х.Ансаридың  Қазақстанда  ресми  сапары  өтті.  Сапар  барысында  Х.Ансари  Президент 

Н.Назарбаевпен,  Сенат  Төрағасы  К.Тоқаевпен  және  Премьер-Министр  К.Мәсімовпен 

кездесті. 

2009  ж.  23-26  қаңтар  кезеңінде  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың 

Делиге  мемлекеттік  сапары  болып  өтті.  Сапардың  негізгі  нәтижесі  ретінде  Қазақстан 

Республикасы  мен  Үндістан  Республикасы  арасындағы  стратегиялық  әріптестік  туралы 

бірлескен Декларацияның қабылдануы болды. 

2011  ж.  15-16  сәуірде  өткен  Үндістан  Премьер-министрі  М.Сингхтің  Астанаға  сапары 

екіжақты конструктивті әріптестіктің әрі қарай күшеюіне үлесін қосты. Сапар барысында 

стратегиялық  әріптестіктің  дамуы  бойынша  іс-шаралар  Жоспары  («Жол  картасы») 

қабылданып,  азаматтық  істер  бойынша  құқықтық  көмек  көрсету  туралы  және  атом 

энергиясын  бейбіт  мақсаттарда  қолдану  туралы  келісімдерге,  «Сәтпаев»  мұнай  блогын 

бірігіп игеру бойынша құжаттар топтамасына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, денсаулық 

сақтау  мен  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  ведомствоаралық  келісімдерге  қол 

қойылды. 

2013 ж. 3-5 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Үндістан Республикасына 

ресми  сапар  жасап,  оның  шеңберінде  ҮР  Вице-президенті  –  Парламенті  Жоғары 

палатасының  (Раджья  сабха)  төрағасы  М.Х.Ансаримен  және  сыртқы  істер  министрі 

С.Хуршидпен  кездесті.  Сапар  аясында  «Қазақстан-үнді  ынтымақтастығының  келешегі» 

тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Екіжақты  ынтымақтастықты  одан  әрі  даму  және  ілгерлету  механизмі  ретінде  Қазақстан-

Үндістан  сауда-экономикалық,  ғылыми-техникалық,  өнеркәсіптік  және  мәдени 

ынтымақтастық  жөніндегі  үкіметаралық  комиссиясы  болып  табылады.  Аталған 

комиссияның  барлығы  он  отырысы  өткізілді,  соңғысы  2013  ж.  8-9  қаңтарда  Нью-Дели 

қаласында өтті. 

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҮР Сыртқы істер министрлігі арасында 

консультациялардың  үш  раунды  өткізілді,  соңғысы  2012  жылдың  7  наурызында  Нью-

Делиде өтті. 



Статистикалық  мәліметтерге  сәйкес,  2011  ж.  нәтиже  бойынша  екі  ел  арасындағы  тауар 

айналымы 290 млн. долл. құрады (экспорт – 46,8 млн., импорт – 243,1 млн.). 2012 ж. бұл 

көрсеткіш 507,3 млн. долл. көтерілді (экспорт –173,9 млн., импорт–  333,3 млн.). 2013 ж. 

нәтижесі бойынша тауар айналымы 676,9 млн. долл. жетті (экспорт – 331,7 млн., импорт – 

345,1 млн.). 

Қазақстандық  мамандар  ҮР  техникалық  және  экономикалық  ынтымақтастық 

бағдарламасы  (ITEC)  бойынша  алдыңғы  қатарлы  үнді  жоғарғы  оқу  орындарында 

менеджмент,  экономика,  қаржы,  ауыл  шаруашылығы,  өнеркәсіп,  энергетика,  су 

ресурстарын  басқару,  БАҚ  және  компьютер  технологиясы  салаларында  білім  алып, 

біліктілігін жоғарылатуда. 



Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы 

қатынастар  

Қазақстан  Республикасы  мен  Пәкістан  Ислам  Республикасы  арасындағы  дипломатиялық 

қатынастар  1992  ж.  24  ақпанда  ынтымақтастық  принциптері  туралы  Декларация  арқылы 

орнатылды. 

Қазақстан  Республикасының  Пәкістан  Ислам  Республикасындағы   Елшілігі  1994  ж.  27 

қарашада  ашылды.  2006  ж.  27  маусымнан  Пәкістан  Ислам  Республикасындағы 

Қазақстанның Елшісі – Б.Шабарбаев. 

 Пәкістан  Ислам  Республикасының  Қазақстан  Республикасындағы  Елшілігі  1992  ж. 

ақпанда Алматыда ашылып, 2010 ж. 21 қыркүйекте Астанаға көшті. 2013 ж. 21 қазаннан 

бастап Пәкістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Шаукат Али Мукадам. 

Екіжақты  ынтымақтастықты  дамытудағы  маңызды  қадам  болып  ҚР  Президенті 

Н.Назарбаевтың  1992  ж.  24  ақпандағы  Пәкістанға  мемлекеттік  сапары  танылды.  Іс-шара 

барысында  екі  ел  арасында  дипломатиялық  қатынастар  орнату  туралы  Келісімге  қол 

қойылды. 

1994  ж.  13-14  қаңтарда  Пәкістанның  Сыртқы  істер  министрі  А.Али  Қазақстанда  ресми 

сапармен болып, екі ел сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық туралы 

Протоколға қол қойылды. 

1994  жылғы  30  тамызда  ҚР  Сыртқы  істер  министрі  Қ.Саудабаев  Исламабадқа  сапар 

жасады. 

1995  ж.  23-25  тамызда  ПИР  Премьер-министрі  Беназир  Бхуттоның  Қазақстанға  ресми 

сапары  болып  өтті.  Келіссөздер  нәтижесінде  тараптар  Екі  жақты  қарым-қатынастардың 

келешегі туралы бірлескен мәлімдеге қол қойды. 

1996  ж.  28-30  қазанда  ПИР  Президенті  Фарук  Хан  Легаридің  Қазақстанға  ресми  сапары 

өтті. Сапар барысында ҚР және ПИР екі жақты қатынасының болашағы туралы Бірлескен 

мәлімдемеге қол қойылды. 

1997  ж.  18-19  маусымда  Пәкістан  Сыртқы  істер  министрі  Г.Хан  Алматыда  жұмыс 

сапармен болды. 


1999  ж.  5-7  наурызда  ҚР  Сыртқы  істер  министрі  Қ.Тоқаев  Пәкістанда  жұмыс  сапармен 

болды.  Сапардың  барысындағы  келіссөздердің  басты  тақырыбы  экономикалық 

ынтымақтастықты белсендіру болды. 

2000  ж.  6-7  қарашада  ПИР  Атқару  өкіметі  Басшысы  П.Мушарраф  жұмыс  сапарымен 

Қазақстанда  болып  қайтты.  Сапар  барысында  екі  мемлекет  басшылары  екі  жақты 

қатынасты одан әрі дамыту жайттарын талқылады. 

2003  ж.  8-9  желтоқсанда  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  Пәкстанға  ресми  сапары  өтті. 

Сапар  барысында  ҚР  және  ПИР  арасындағы  құқықтық  база  кеңейтіліп,  бірнеше 

құжаттарға қол қойылды. 

2006 жылғы 17 маусымда Пәкістан Президенті П.Мушарраф Азиядағы өзара ықпалдастық 

және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңесіне  мүше  елдердің  басшылары  деңгейіндегі 

Саммитің жұмысына қатысты. 

2011  жылғы  15  маусымда  Астанада  өткен  ШЫҰ-ның  мерейтойлық  Саммитіне  Пәкістан 

Президенті А.Зардари қатысты. 

2011  жылғы  6-7  қыркүйекте  Пәкістан  Ислам  Республикасының  Премьер-министрі 

Ю.Гилани  Астанаға  ресми  сапар  жасады.  Сапар  аясында  екі  ел  арасындағы  жан-жақты 

ынтымақтастықты дамыту, екіжақты және көпжақты форматтағы іс-әрекеттесу мәселелері 

талқыланды. 

Қазақстан  мен  Пәкістан  арасында  БҰҰ,  ИЫҰ,  АӨЫСШЖК,  ШЫҰ,  ЭЫҰ  және  т.б. 

ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі іс-әрекеттестігі дамуда. 

Екі  ел  арасындағы  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты  нығайтудағы  маңызды  құрал 

болып  ҚР  және  ПИР  сауда-экономикалық,  ғылыми-техникалық  және  мәдени 

ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия болып табылады. Қазақстан тарапынан 

тең  төраға  болып  Көлік  және  коммуникация  Вице-министрі  А.Бектұров  белгіленді  және 

Пәкістандық тараптан Су ресурстары және энергетика министрі Хаваджа Мухаммад Асиф 

тең  төраға  болып  табылады.  Үкіметаралық комиссияның  жалпы  саны  7  отырысы  жүзеге 

асырылып, соңғысы 2011 жылғы сәуірде Исламабадта өтті. 

Қазақстан  Республикасы  мен  Пәкістан  Ислам  Республикасы  арасындағы  өзара  тауар 

алмасу көрсеткіші 2013 ж. 44,3 млн. АҚШ долларын құрды (экспорт – 4,5 млн., импорт – 

39,8 млн.). 2012 ж. аталған көрсеткіш – 35,6 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 14,6 

млн.,  импорт  –  21  млн.).  2011  ж.  тауар  айналымы  33,1  млн.  АҚШ  долларын  құрады 

(экспорт – 3,5 млн., импорт – 29,5 млн.). 

     Қазіргі  кезде  Қазақстанның  көп  ғасырлар  бойы  туысқандық,  мәдени,  саяси  және 

экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен 

ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, 

экономикасы  едәуір  алға  басқан  Қазақстан  аймақ  бойынша  көршілес  елдермен  тығыз 

қарым-қатынас  орнатуға  қызығушылық  білдіруде.  Біздің  мемлекетіміздің  ендігі  жердегі 

қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз 

байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. 

Бұл  бірлестікке  Қазақстаннан  баска  аймактың  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және 

Түркменістан  сияқты  мемлекеттері  де  кipyi  мүмкін.  2006  —  2007  жылдар  аралығында 

Орталық  Азия  мемлекеттері  президенттерінің  Астанаға  іс-сапарлары  барысында  және 

Қазақстан  басшылығының  аталмыш  аймақ  мемлекеттеріне  ресми  сапарлары  барысында 


мемлекетаралық  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  қарым-қатынастардың 

дамуына  негіз  болатын  маңызды  екі  жақты  келісімдер  қабылданды.  Бұл  құжаттар 

Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ 

идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Орталық Азия мемлекеттері 

бірынғай геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте орналасқандықтан да бірлесуге қарай 

ұмтылуда. 

Соған  байланысты  бірлесудің  түрлі  жоспарлары,  идеялары,  жобалары  жасалуда. 

Сондыктан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі мен интеграцияны 

таңдап  алуы  жаһаңдану  жағдайында  орындалуы  әлемдік  тарихтағы  бірінші  оқиға  деп 

бағалануда.  Мысалы,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы,  Халыкаралык  валюта  коры, 

Дүниежүзілік  банк сиякты  халықаралық  институттардың  кең  келемдегі  ынтымактастығы 

және оның тиімділігіне кеңіл бөлуі, әлемдік экономиканың күшеюі, ұлттық экономиканы 

объективті түрде аймактық интеграцияға итермелейді. 

1.  Қазақстан  Орталық  Азияның  саяси  тұрақты,  экономикалық  орнықты  және  қауіпсіз 

дамуына 

мүдделі. 

      Қазақстан өңірдегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, өңірлік тұрақтылық 

пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге, оның ішінде шектес 

мемлекеттерден  таралатындарына  қарсы  іс-қимыл  жасау  үшін  жан-жақты  күш-жігер 

жұмсайтын 

болады. 

       Қазақстан  Орталық  Азияда  жанжалға  бейім  әлеуетті  әлсірету,  әлеуметтік-

экономикалық  проблемаларды,  су-энергетикалық  торап  пен  өзге  де  қайшылықтардың 

түйінін  шешу  мақсатында  ішкі  өңірлік  интеграцияны  дамытуға  ұмтылады. 

       Өңірдің  халықаралық  саясат  пен  экономиканың  біртұтас  интеграцияланған 

субъектісіне 

трансформациялануы 

перспективалы 

мақсат 

болып 


табылады. 

       2.  Еуразиялық  интеграцияны  елімізді  әлемдік  шаруашылық  байланыстар  жүйесінде 

орнықты  ұстанымға  ілгерілетудің  пәрменді  тәсілдерінің  бірі  ретінде  қарастыра  отырып, 

Қазақстан  осы  негізде Еуразиялық  экономикалық  одақ  құру  мақсатында 

Кеден  одағы

 

мен 



Бірыңғай 

экономикалық 

кеңістікті

 

нығайтатын 



болады. 

       Осы  процесс  шеңберінде  мынадай  негіз  қалаушы  қағидаттар  сақталады:  саяси 

егемендіктің  мызғымастығы,  қабылданатын  шешімдердің  экономикалық  негізділігі, 

кезеңділік,  прагматизм  және  өзара  тиімділік,  интеграцияның  барлық  органдарындағы 

тараптардың  тең  өкілдігі  және  барлық  деңгейдегі  интеграциялық  өзара  іс-қимылдардың 

консенсусы. 

      3. Қазақстан мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеуді аяқтау, сондай-

ақ  Каспий  теңізінің  құқықтық  мәртебесін  айқындау  бойынша  және  жағалау  маңындағы 

мемлекеттер арасында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен 

нормаларына  негізделген  тұрақты  және  достық  қатынастарды  нығайту  жұмыстарын 

жалғастырады. 

      4. Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, 

Азиядағы өзара іс-қимыл және 

сенім  шаралары  кеңесі

Ұжымдық  қауіпсіздік  жөніндегі  шарт  ұйымы



Шанхай 


ынтымақтастығы  ұйымы

Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымы



Ислам 


ынтымақтастығы  ұйымы

,   


Түркітілдес  мемлекеттер  ынтымақтастығы  кеңесі

және  басқа  да 

халықаралық ұйымдар мен форумдар қызметінің жауапты қатысушысы бола отырып, осы 

ұйымдардың  қызметі  шеңберіндегі  өзінің  басты  міндеттерін  былай  пайымдайды: 

      1) түрлі салаларда өңірлік және жаһандық сипаттағы шешімдерді әзірлеу мен қабылдау 

процесі 


кезінде 

ұлттық 


мүдделерді 

ескеруді 

қамтамасыз 

ету; 


       2)  өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  халықаралық  күш-жігерге 

сындарлы 

қатысу 

және 


үлес 

қосу; 


      

3) 


Қазақстанның 

сыртқы 


саяси 

бастамаларын 

ілгерілету; 

       4)  әлемде  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мүддесінде  өңірлік  және 



халықаралық ұйымдар мен форумдар арасындағы ынтымақтастықтың оңтайлы және өзара 

қолайлы 


қалыптарын 

орнату; 


       5)  өңірлік  және  халықаралық  ұйымдардың  жұмыс  тиімділігін  арттыру  мақсатында 

олардың 


саяси-құқықтық 

және 


ұйымдық-әкімшілік 

функцияларын 

жетілдіру. 

       Қазақстан  өзінің  ұлттық  мүдделеріне  сай  келетін  әрі  практикалық  тұрғыдан  пайда 

әкелетін 

халықаралық 

және 

өңірлік 


ұйымдардың 

жұмысына 

қатысады. 

       5.  Қазақстан  өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  міндеттер 

шеңберінде: 

       1)  әлемнің  барлық  мемлекеттерімен  және  олардың  бірлестіктерімен  достық  және 

алдын 

ала 


болжанатын 

қатынастарды 

дамытады; 

       2)  БҰҰ  Жарғысының  мақсаттары  мен  қағидаттарын  ұстанады  және  саяси  диалог  пен 

мемлекеттер  арасындағы  ынтымақтастық  үшін  құқық  үстемдігі  қағидатының  негіз 

қалаушы 


маңызын 

мойындайды; 

       3)  өңірлік  және  халықаралық  жанжалдарды  келіссөздер  жүргізудің  халықаралық 

тұрғыда  танылған  форматтары  шеңберінде  шешуді  жақтайды.  Қазақстанның  ұстанымы 

мемлекеттердің 

егемендігі 

мен 

олардың 


халықаралық 

тұрғыда 


танылған 

шекараларындағы  аумақтық  тұтастығын  сақтау  туралы  БҰҰ-ның  негіз  қалаушы 

қағидаттарына, дағдарыстарды реттеу жөніндегі құжаттарда, ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік 

Кеңесінің  қарарларында  көрсетілген  ережелерді  орындау  негізінде  даулы  мәселелерді 

бейбіт 

жолмен 


шешуді 

іздестіруге 

негізделеді; 

       4)  ядролық  қарусыз  және  жаппай  қырып-жоятын  қарудың  басқа  да  түрлерінсіз 

бейбітшілікке  қол  жеткізуге  күш-жігер  жұмсайды,  таратпау  режімдерін  нығайту, 

қарулардың  мұндай  түрлеріне  толық  тыйым  салу  және  оларды  жою,  сондай-ақ  әлемнің 

түрлі өңірлерінде ядролық қарудан азат аймақтарды құру мақсатында көпжақты тетіктерді 

дамытуға 

қатысады; 

       5)  жаппай  қару  шығаруға,  оның  ішінде  ғарышта,  қарудың  жаңа  түрлерін  жасау  мен 

өрістетуге 

қарсы 


күресті 

дәйекті 


түрде 

жақтайды; 

       6)  қарудың  заңсыз  айналымына  қарсы  іс-қимыл  бойынша  халықаралық  күш-жігерді 

қолдайды; 

       7)  терроризмге,  экстремизмге,  есірткі  құралдарының,  психотроптық  заттардың  және 

олардың  прекурсорларының  заңсыз  айналымына,  адам  саудасы  мен  заңсыз  көші-қонға, 

ұйымдасқан  қылмыс  пен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша  басқа 

мемлекеттермен  бірлесіп  екіжақты  және  көпжақты  негізде  нақты  шаралар  қабылдайды; 

       8)  халықаралық  ақпараттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмысты  және 

кибертерроризмге 

қарсы 

күресті 


жалғастырады. 

       6.  Қазақстан  сыртқы  экономикалық  басымдықтарын  іске  асыру  мақсатында: 

       1)  елдің  экономикалық-ресурстық,  транзиттік-көліктік  және  экспорттық  әлеуетін  іске 

асыру,  ұлттық  экономиканың  қауіпсіз  дамуы  және  оның  инвестициялық  тартымдылығы 

үшін жағдайлар жасау мақсатында өңірлік және халықаралық интеграциялық процестерге 

қатысады.  Осы  тұрғыда  ел  үшін  тиімді  шарттарда  Дүниежүзілік  сауда  ұйымының 

қызметіне 

қатысу 


маңызды 

міндет 


болып 

табылады; 

       2)  индустриялық-инновациялық  даму  жөніндегі  міндеттер  шеңберінде  ұлттық 

экономиканың  басым  секторларына  инвестициялар  мен  озық  технологиялар  тарту,  оны 

әртараптандыру  және  технологиялық  жаңғырту,  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру 

мақсатында 

халықаралық 

ынтымақтастықты 

кеңейтеді; 

       3)  халықаралық  экономикалық  ұйымдар  мен  қаржы  институттарына  елдің  толық 

құқылы  қатысуын  және  ұлттық  мүдделерді  ілгерілетуді  қамтамасыз  етеді; 

       4)  экономикалық  және  сауда  дипломатиясын  дамытады,  дипломатиялық  құралдар 

арқылы  шет  елдерде  мемлекеттің  және  қазақстандық  жеке  және  заңды  тұлғалардың 

мүдделерін  ілгерілету  мен  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  жаңа  және  дәстүрлі  әлемдік 

нарықтарда  қазақстандық  бизнес  пен  экспорттық  өнімдердің  болуын  кеңейту  үшін 

қолайлы 


жағдайлар 

жасайды; 



       5)  әлемнің  барлық  елдерінің  дамуы  үшін  тең  мүмкіндіктер  беретін  әлемдік  әділ 

валюта-қаржы 

жүйесін 

қалыптастыруға 

қатысады; 

       6)  Астана  экономикалық  форумы  мен  оның  негізінде  тұжырымдалған  халықаралық 

бастамаларды 

ілгерілету 

жөнінде 

белсенді 

жұмыстар 

жүргізеді; 

      7) өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге халықаралық күш-

жігер 


жұмсау 

ісіне 


қатысады; 

       8)  өңірлік  және  жаһандық  энергетикалық  қауіпсіздікке  үлес  қосуды  жалғастырады. 

Энергетикалық  ресурстарды  өндіруші  елдердің,  транзиттейтін  елдердің  және  тұтынушы 

елдердің 

мүдделерінің 

теңгеріміне 

қол 

жеткізуді, 



оларды 

экспорттаудың 

әртараптандырылған, тұрақты және қауіпсіз маршруттарының жүйесін құруды жақтайды; 

      9) тиісті ұлттық институт құра отырып, әлемдік қоғамдастықтың 

дамуға ресми көмек

 

көрсетуге 



күш-жігер 

жұмсау 


ісіне 

қатысуға 

ниеттенеді. 

       7.  Қазақстан  қоршаған  ортаны  қорғау  және  жаһандық  климатты  сақтау  мәселелеріне 

баса 

көңіл 


аудара 

отырып: 


       1)  ресурстарды  (су,  жер,  биологиялық  және  басқа)  пайдалану  және  оларды  басқару 

тиімділігін  арттыру,  қоршаған  ортаның  сапасын  және  халықтың  әл-ауқатын  көтеру 

мақсатында  елдің  «жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі 

тұжырымдаманы

 

іске  асыруға



 

күш-жігерін  жұмсайды.  ЭКСПО-2017  көрмесін  өткізуді  қоса  алғанда,  «жасыл 

экономикаға»  біртіндеп  көшу  Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің 

қатарына  кіруі  жөніндегі  міндеттерді  іске  асырудағы  маңызды  элементтердің бірі  болып 

табылады; 

       2)  «жасыл  өсім»  бағдарламалары  мен  жоспарларын  іске  асыруда  Еуропа,  Азия  және 

Тынық  мұхит  елдерінің  мемлекеттік  және  жеке  меншік  секторларының,  қоғамдық  және 

халықаралық  ұйымдардың  әріптестігін  қолдауға  бағытталған  Астананың  «Жасыл  көпір» 

бастамасын 

жүзеге 


асыратын 

болады; 


       3)  постиндустриялық  қоғамдағы  проблемалардың  шешімін  іздестіруге  бағытталған 

Жаһандық  энергетикалық-экологиялық  стратегияны  қоса  алғанда,  экологиялық  жағынан 

орнықты  энергиямен  жабдықтау  саласында  қазіргі  заманғы  көрсетілетін  қызметтерді 

әзірлеу 


мен 

енгізу 


жөніндегі 

бастамаларды 

ілгерілетеді; 

       4)  су  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  шеңберінде  трансшекаралық  өзендердің  су 

ресурстарын  пайдалану  және  қорғау  саласында  көршілес  елдермен  шарттық  құқықтық 

базаны 


жетілдіруді 

жалғастырады; 

       5)  халықаралық  ұйымдармен  және  бұрынғы  Семей  ядролық  полигоны  мен  Арал 

теңізінің  аумақтарын  оңалту  жөніндегі  донорлармен  ынтымақтастықты,  оның 

ішінде 

Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор



 қызметінің шеңберінде жалғастырады; 

       6)  Каспий  теңізінің  теңіз  ортасын  қорғау  жөніндегі 

негіздемелік  конвенцияны

 

қабылдау  жөніндегі  жұмысты  Каспий  маңы  елдерімен  бірлесіп  жалғастырады; 



      7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың 

салдарын  жою  мәселелерінде  екіжақты  және  көпжақты  ынтымақтастықты  нығайтады. 

      8. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаттың гуманитарлық өлшемін дамытуға басым 

мән 


береді. 

Осыған 


байланысты 

Қазақстан: 

       1)  шет  елдерде  болатын  Қазақстан  азаматтарының,  сондай-ақ  шетелдіктер  асырап 

алған,  шет  елдерде  тұратын  қазақстандық  балалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қорғау 

жұмысын 


күшейтеді; 

       2)  шет  елдердегі  өз  азаматтарының  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға,  визалық 

рәсімдер  мен  режімдерді  ырықтандыруға,  заңсыз  көші-қонға  қарсы  іс-қимылдарға 

бағытталған  көпжақты  конвенцияларға  қосылуды  және  екіжақты  шарттар  жасасуды 

жалғастырады; 

       3)  қылмыстық  және  азаматтық  істер  бойынша  өзара  құқықтық  көмек  туралы, 

адамдарды ұстап беру мен сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасасуды 

жалғастырады; 

      4) білім, ғылым мен мәдениет, туризм және спорт, жастар саясаты, бірлескен ғылыми-


зерттеу  жобаларын  іске  асыру  саласында  көпжақты  конвенцияларға  қосылу  және 

екіжақты шарттар жасасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты және  жұмысты одан 

әрі 

жүзеге 


асырады; 

       5)  Қазақстан  туралы  тарихи  және  заманауи  білімдерді  дамыту  мәселелері  бойынша 

халықаралық 

ынтымақтастықты 

кеңейтетін 

болады; 


      6) шет елдердегі қазақ қауымдастықтары шоғырлана тұрып жатқан жерлерде қазақ тілі 

мен  мәдениетін,  олардың  тарихи  отанымен  байланысын  дамытуды  қолдайтын  болады; 

      7) әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және халықаралық мәдени-гуманитарлық даму 

салаларында  қазақстандық  азаматтық  қоғамның  және  үкіметтік  емес  сектордың 

ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды; оларды тиісті халықаралық іс-шараларға қатысуға 

тартады; 

      8) өшпенділік, нәсілдік кемсітушілік, діни қайшылықтар, экстремизм мен ұлтшылдық 

тұрғысындағы 

қылмыстық 

әрекеттерге 

қарсы 

тұрады; 


       9)  Шығыс  пен  Батыстың,  Оңтүстік  пен  Солтүстіктің  арасындағы  өркениетаралық, 

мәдениетаралық  және  дінаралық  диалогты  одан  әрі  дамытуға  ықпал  етеді; 

      10) негізгі диалог алаңы ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 

халықаралық  ұстанымдарын  нығайтады.  БҰҰ  аясындағы  Өркениеттер  альянсының 

қызметіне, 

сондай-ақ 

басқа 

да 


бастамалар 

мен 


форумдарға 

қатысады; 

       11)  Қазақстанның  бастамасымен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  жариялаған  2013  –  2022 

жылдарға  арналған  Мәдениеттер  жақындасуының  халықаралық  онжылдығы  шеңберінде 

бейбітшілік  пен  орнықты  даму  жолындағы  саналуандылықты  көтермелеу  жөніндегі  іс-

қимылдарды 

жалғастырады. 

       9.  Қазақстан  әлемнің  тиісті  парламентаралық  бірлестіктерімен  саяси,  сауда-

экономикалық  және  мәдени-гуманитарлық  байланыстарды  дамыту  үшін  парламенттік 

дипломатияның  әлеуетін  көпжақты  парламентаралық  құрылымдар  шеңберінде  және 

екіжақты 

форматта 

пайдалануды 

жалғастырады. 

       10.  Қазақстан  әлемдік  қоғамдастықты  халықаралық  мәселелер,  сыртқы  саяси 

бастамалар,  мемлекеттің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени-гуманитарлық 

дамуы  бойынша  өзінің  негізгі  ұстанымы  туралы  уақтылы  және  толық  хабардар  етуді 

жүзеге 


асырады. 

       Осы  шаралар  шеңберінде  Қазақстан  қазіргі  заманғы  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар  мүмкіндігін  және  дипломатияның  дәстүрлі  құралдарын  пайдаланады. 

       Сыртқы  саяси  қызметтің  мақсаттары,  басымдықтары,  міндеттері  мен  нәтижелері, 

Қазақстанның  халықаралық  бастамаларын  әлемдік  аренада  ілгерілету  туралы  ақпаратты 

ел  ішінде  түсіндіру  және  Қазақстан  жұртшылығына  жеткізу  жөніндегі  жұмыс  маңызды 

болып 

табылады. 



       Шетелдік  ақпараттық  кеңістікте  Қазақстанды  көрсетіп,  таныстыру  «Ақпаратты 

Қазақстан – 2020» 

мемлекеттік бағдарламасына

 сәйкес жүзеге асырылады. 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

http://e-history.kz/kz/contents/view/2594 сайты



 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

 1.  Қазақстанның  Азия  бағытындағы  сыртқы  саясаты.  Қазақстанның  Қытай,  Малайзия, 

Сингапур, Жапония, Оңтүстік  Корея елдерімен қарым – қатынастары. 

2.Қазақстанның Оңтүстік Азия Үндістан, Пәкістан мемлекеттерімен ынтымақтастығының 

қалыптасуы, дамуы және келешегі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет