1 Дәріс. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#1749
1   2   3   4   5

Әдебиеттер тізімі  

1.

 

Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. - 272 б.  



2.

 

Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Алматы: ҒӘ Пбк 



«GAUHAR», 2002. - 568 б.  

3.

 



Курмангужин С.А. 45 лет на дипломатической службе. – Алматы: ИД«Жібек 

жолы», 2003. - 320 с.  

4.

 

Арыстанбекова А.Х. Қазақстан және Ұлттар Ұйымы. – Алматы: Дайк-Прессс, 2002. 



- 432 б. 5 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).  

5.

 



Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 5-том. – Алматы: 

«Атамұра». 2010. - 688 б. 

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары  



1. ҚР сыртқы саяси мекемелерін құру . 

                        2. Сыртқы саяси мекемелерге кадрлар дарялау. 

    3. ҚР сыртқы саяси мекемелерінің  міндетттері. 

4 Дәріс. ҚР сыртқы саяси тұжырымдамасы қалыптасуы тарихы 

1.

 



Жас мемлекеттің сыртқы саяси тұжырымдамасының қалыптасуы. Сыртқы саяси 

тұжырымдамасының және сыртқы саясаттың принциптерінің жасалуы 

2.

 

Қазақстан сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары. Оларды жүзеге 



асыру барысында ҚР халықаралық ұйымдарда танылуы 

3.

 



ҚР сыртқы саяси тұжырымдамасының жасалуына әсер еткен тарихи , геосаяси және 

экономикалық жағдайлар 

 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 



        Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты.  Тәуелсіз  мемлекет  ретінде  Қазақстан 

Республикасының  құрылуы 

мемлекеттің 

сыртқы  саясаттағы  бағдары  мәселесін  алға 

қойды. 

Ол 


келесі 

проблемалық  

аспектілерді  

қамтыды: 

1.Әлемдік  қауымдастықтың  Қазақстан  Республикасын  халықаралық  қатынастардың 

субъектісі 

ретінде 

қабылдауы. 

2.Мемлекеттің  сыртқы  саяси  қызметінің  негізгі  принңиптерін,  оның  сыртқы  саяси 

құндылықтары 

мен 

басымдықтарын 



жобалау. 

3.  Халықаралық  қатынас  субъектілерімен  халықаралық  байланыстарды  жолға  қою  және 

дамыту. 

4.Халықаралық 

құқық 

принциптері 



мен 

нормаларын 

тану 

және 


игеру. 

5.Халықаралық  қатынастар  мәдениеті:  дипломатия  мен  дипломатиялық  қызметті 

қалыптастыру. 

 

Жас тәуелсіз 



Қазақстан Республикасы

 үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер 

мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, 

оның  территориялық  түтастығын,  халықаралық  істердегі  құқықтық  субъектілігін  тануын 

қамтитын  легитимділік  проблемасы  болды.  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздіктің  10 


жылы  ішінде  осы  түрғыда  біркатар  табыстарға  қол  жеткізді.  БҰҰ-ға  мүше  болып 

қабылданды,  әлемнің  негізгі  мемлекеттерінің  барлығымен  дерлік  дипломатиялық 

байланыстар  орнатты.  Қазақстан  Республикасының  табысты  легитимделуі  бірқатар  ішкі 

және 


сыртқы 

жағдайларға 

мүмкіндік 

туғызды. 

Біріншіден,  КСРО-ның  құлауы,  осы  алып  мемлекеттің  жойылуы  қазіргі  кездегі  әлемнің 

басты  мемлекеттерінің  үкіметтері  тарапынан  оң  құбылыс  ретінде  қабылданды.  КСРО 

құлағаннан  кейінгі  оның  территориясында  пайда  болған  тәуелсіз  мемлекеттерді  басқа 

мемлекеттердің  үкіметтері,  БҰҰ  және  оның  құрылымдары  тез  арада  таныды.  " 

Екіншіден,  ел  басшылығының  бастамасы  бойынша  Қазақстан  Республикасы 

тәуелсіздігінің  анық  құқықтық  негізі  қалыптасты.  1990  жылдың  қ  а  з  а  н  ы  н  д  а  Қазақ 

Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы 

Декларацияны  қабылдады.  Осы  құжаттың  негізгі  ережелері  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және 

жалпыхалықтық  референдум  арқылы  кабылданған  1995  жылғы  Конституцияда 

дамытылған  және  нақтыланған.  Осы  құжаттарда  Қазақстан  Республикасының  сыртқы 

саясатының  негізгі  принциптері  көрсетілген:  ашықтық,  бейбітшілікті  жақтау,  тату 

көршілік,  тең  серіктестік,  қарулы  күшті  бірінші  болып  қолданудан  бас  тарту,  басқа 

елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты 

келісім  негізінде,  сондай-ақ  БҰҰ  және  оның  құрылымдары  шеңберінде  қабылданған 

барлық 


халықаралық 

міндеттерді 

орындау. 

Үшіншіден,  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  беделін  көтеру  және  оның 

легитимділігі  экономикалық  және  саяси  реформаларды  табысты  жүргізуге:  қоғамдық 

өмірдің  мемлекеттен  тыс  және  дербес  болуына,  демократиялануына  мүмкіндік  береді. 

Осы  экономикалық  және  саяси  процестердің  негізінде  қазақстандық  қоғамды 

консолидациялау  Қазақстан  Республикасын  халықаралық  аренаға  іргелі  жалпы  адами 

құндылықтарды  (нарық  жүйесі  және  баламалы  айырбас,  тату  көршілік  және  күш 

қолданбау,  тұлғаның  құқықтары  мен  қадір-қасиеті,  хдлықаралық  келісімдер 

нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты. 

Төртіншіден,  әлемдік  қауымдастыққа  кіруде  Қазақстан  Республикасының  ішкі  саяси 

түрақтылығы  ерекше  мәнге  ие  болды.  Осының  нәтижесінде  Қазақстанды  әлеуметтік 

қауымдастыққа,  алдыңғы  қатарлы  елдерге  жақындататын  инновациялық  мәселелерді 

жүзеге  асыруда  берік  болатын  елдегі  әлеуметтік  жағдайды  болжауға  болады. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  сыртқы  саяси  қызметтің  нақты 

принциптері  негізінде  қызмет  етуі  және  мүдделерін  халықаралық  аренада  бейнелейтін 

жеке  сыртқы  саяси  құндылықтары  мен  басымдықтарын  жобалауы  керек.Әрине,  осы 

сыртқы  саяси  принциптер,  құндылықтар  мен  басымдықтар  өлемдік  қауымдастық  үшін 

деструктивті  болмауы  шарт.  Олар  халықаралық  қатынастар  принциптеріне  және 

халықаралық  құқық  нормаларына  қайшы  келмеуі  қажет.  Қазақстан  Республикасының 

тәуелсіз  мемлекет  ретіндегі  легитимделуінде,  оның  негізгі  сыртқы  саяси  принциптерін, 

құндылықтары  мен  басымдықтарын  жобалау  мен  дамытуда  елдің  алғашқы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

көрнекті 

рөл 


атқарғандығын 

ескере 


кеткеніміз 

жөн. 


Қазақстан  Республикасы  қазіргі  әлемнің  ірі  мемлекеттерінің  мүдделері  астасып  жатқан 

күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі 

және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық 

қатынастарда  Қазақстанның  атынан  өкілдік  ететін  ең  жоғары  лауазымды  тұлға" 

(Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  40-бабы)  болып  табылатын  ел 

Президентінен  саяси  ерік  пен  бастаманы,  ойластырылған  және  салмақты  әрекетті, 

превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін  талап етеді. Осы түрғыда 

ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. 

Бұл  идея  ТМД  мемлекеттерінің  интегративтік  мүмкіндіктерін,  яғни  ТМД  шеңберіндегі 

интеграңияны,  сондай-ақ  экономикалық  және  сыртқы  саяси  мүдделері  еуразиялыққа 

жақын  басқа  елдердің  қатыстырылуын  қамтиды.  Қазіргі  еуразиялық  идея  өркениет 


дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең 

геосаяси  кеңістікті  құруды  көздейді.  Еуропа  мен  Азияны  жалғастыратын  тарих  және 

дәстүрлі  көпір  ретінде  Қазақстан  еуропа  елдерімен  де,  азия  елдерімен  де  өзінің 

экономикалық  байланыстарын  кеңейтуге  кең  мүмкіндіктерін  алады.  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  еуразиялық  идеясы  біздің  болмысымыздың  геосаяси,  экономикалық, 

тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі 

Президенттің  басшылығымен  екіжақты  және  көпжақты  келісімдерді,  қазақстандық 

шекараның  е  бойында  тыныштық  пен  қақтығыстарды  болдырмауды  қамтамасыз  ететін 

өзімен  көршілес  барлық  елдермен  келісімшарттар  жасауды  қалыптастыру  бойынша 

белсенді  саяси  қызметтер  атқаруда.  Қазақстан  еуропа  елдерінің  барлығымен  дерлік 

дипломатиялық  қатынастарды  жолға  қоя  отырып  ОБСЕ,  НАТО  тәрізді  еуропалық 

мемлекетаралық  ұйымдармен  де  байланыс  орнатты.  Қазақстанның  НАТО-мен  біріккен 

жаттығулар  өткізу  үшін  әскери  бөлімдерді  дайындау  бойынша  жеке  ынтымақтастық 

бағдарламасы  бар.  Бұл  қазақстандық  әскери  контингенттің  БҰҰ  бітімгершілік 

акцияларына  қатыстырылуына  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  үшін  сыртқы  саяси 

басымдықтардың  арасынан  Ресеймен  мемлекетаралық  байланыс  ерекше  мәнге  ие.Ресей 

империясының  қол  астында,  одан  кейінгі  көпұлтты  мемлекеттік  құрылым  КСРО-ның 

құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, 

сондықтан  Орталыққа,  метрополия  ретіндегі  Ресейге  экономикалық  тәуелді  еді. 

Осы  жағдай  Қазақстанның  шаруашылық  инфрақұрылымының  Ресейге  толықтай 

тәуелділігінің  қалыптасуына  алып  келді  және  оның  салдары  экономикалық  түрғыда  оны 

Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен 

қиындықтар  соған  сәйкес  бізде  де  көрініс  тауып  отырады.  Ресейдегі  экономикалық 

жандану  біздің  экономикамызды  да  қоректендіреді.  Осы  жағдайлардын  барлығы 

мемлекеттің  тәуелсіздігін  қамтамасыз  етудің  шынайы  негізі  —  көпвекторлы  сыртқы 

саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік 

векторы  көп  позиция  жағынан  басымдыққа  ие.  Осы  ахуал  Қазақстан  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  әрдайым  назарында  және  ол  келісімдер,  шарттар,  мақсаттар  тәрізді 

дипломатиялық  акцияларда  көрінеді.  Көптеген  халықаралық  проблемалар  бойынша 

Қазақстан 

мен 

Ресей 


біртүтас 

немесе 


жақын 

позиңияларда 

болады. 

Қазақстанның  сыртқы  саясатында  өздерінің  тарихи  тағдыры,  этномәдени  құндылықтары 

бойынша  туыс  халықтар  өмір  сүретін  Орталық  Азия  аймағы  ерекше  орын  алады.  Бұлар 

түркі  тілдес  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Түркіменстан,  сонымен  қатар  Тәжікстан 

мемлекеттері.  Халықтар  арасында  қалыптасқан  осы  тарихи  байланыстар,  тарихтын, 

мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл 

халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция тұрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. 

Қазақстанның  сыртқы  саясатының  ерекше  аспектісі  Кытай  екендігі  сөзсіз.  ҚХР-мен 

достық,  тату  көршілік  қатынасты  жолға  қою  —  Қазақстан  басшылығының  сыртқы 

саясатының  аса  маңызды  проблемасы.  Осы  саладағы  біздің  міндеттеріміз  —  Қытаймен 

арадағы  шекараны  делимитациялау,  оның  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  сауда-

экономикалық  шарттарға  отыру,  мәдени  айырбасты  дамыту.  Қытай  —бұл  жақын 

көршілікте  тұрған,  тез  дамып  келе  жатқан  аса  ірі  этно-демографиялық  массив,  ядролық 

держава,  супердержава  ретінде  XXI  ғасырда  халықаралық  қатынастарда  басты  рөлдерді 

атқарады.  Қазақстан  Республикасының  басшылығы  жүргізіп  отырған  сыртқы  саясатта 

қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, 

Франция  және  басқа  еуропалық  мемлекеттер  ең  алдымен,  мүмкін  болатын  инвесторлар 

мен  сауда  серіктері  ретінде  қызықтырады,  осындай  қызығушылық  Азияның  алдыңғы 

қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Түркия, Иранға да артуда. 

Қазақстан  осы  елдердің  барлығымен  дерлік  үздіксіз  дамып  отырған  сыртқы  саяси 

байланыстарды, 

дипломатиялық 

қатынастарды 

жолға 


қойды. 

Қазақстан  Республикасының  басшылығы  Ауғанстан,  Таяу  Шығыс,  Балқан  елдері  тәрізді 

"дағдарысты  аймақтарға"  да  назар  аударады.  Қазақстанның  бұл  жерлерде  жеке  геосаяси 


мүдделері  жоқ  болса  да,  біз  осы  "дағдарыстық  аймақтардың"  әлемге  тудырып  отырған 

қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президетінің басшылығымен 

құрамына  сыртқы  істер  министрлігін,  елшіліктер  мен  консулдықтарды  қамтитын 

атқарушы орган — дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының 

басшылығы  қысқа  мерзімнің  ішінде  табысты  жұмыс  істеп  жатқан  Дипломатиялық 

қызметті  кұра  алды.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  билік  құрушы  элитасы  меңгерген 

кәсіптік  қызметгің  жаңа  түрі.  Осы  құрылымда  жүмыс  істеу  кәсіби  білікгілік  пен  білімді 

талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық 

сеніммен айтуға болады 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 

2005. 


Өзін-өзі тексеру сұрақтары  

1. Қазақстан сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттары. 

2. Оларды жүзеге асыру барысында ҚР халықаралық ұйымдарда танылуы 

     

5 Дәріс.

 

Қазақстанның бұрынғы КСРО республикалармен тату көршілестік 

қатынастар орнатуы 

1 .ТМД-ның құрылуы Алматы Декларациясының мазмұны мен маңызы. 

2 . ТМД-ның интеграциялық процестеріне Қазақстанның қатысуы. 

3 .ТМД елдері арасындағы халықаралық қатынастарды реттейтін келісім-шарттарға 

тарихи сипаттама және ТМД аясында ҚР-ның саяси және әлеуметтік-экономикалық 

салаларды интеграциялау іс-шаралары. 

4 . Қазақстанның  Украинамен ,Беларусьпен,және Закавказье мемлекеттерімен қарым-

қатынастары.  

       

1991


 жыл 

 

желтоқсанның 



8

-інде 


Минскіде

 (Беловеж)  

Ресей

,  


Беларусь

 және 


Украина

 басшылары  кездесіп,  1922  жыл 

КСРО

 

құрылуы  туралы  Келісімі 



істен  жойылғандығы  және  ТМД  құрылғандығы  туралы  келісімге  қол  қойды.  1991  жыл  

желтоқсаннның 

13-інде 

Орта 


Азия

 мен 


Қазақстан

 басшылары 

Ашхабадта

 кездесіп, 

«Беловеж  келісімін»  қолдайтындықтарын  мәлімдеді.  1991  ж.  желтоқсаннның  20-

ында 


Әзірбайжан

Армения



Беларусь


Қазақстан

Қырғызстан



Молдова


Ресей


Тәжікстан

,

 

Түрікменстан



Өзбекстан

 басшылары 

Алматыда


 

 21  желтоқсанда  ТМД-ны  құру  туралы 

Келісім  хаттамасына  қол  қойды.  Кездесуге  қатысушылар  ішкі  және  сыртқы  саясаттың 

әртүрлі  салаларында  ынтымақтастыққа  бейілділігін  растайтын,  бұрынғы  КСР  Одағының 

халықаралық  міндеттемелерін  орындауға  кепілдік  жариялайтын  Алматы  Декларациясын 

қабылдады.  1993  жылғы  желтоқсанда  Достастыққа  Грузия  қосылды,  ал  2009  жылғы  18 

тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі 

болып  табылады.  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  мемлекет  болып  табылмайды  және 

ұлтүстілік  өкілеттікке  ие  емес.  Ол  өзінің  барлық  мүшелерінің  егеменді  теңдігіне 

негізделген  және  1993  жылғы  22  қаңтардағы  Жарлығы  бойынша  іс-әрекет  жасайды. 

Достастықтың  мүше  мемлекеттері  халықаралық  құқықтың  дербес  және  теңқұқықты 

субъектілері болып табылады. 

    ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара 

әрекет  –  Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  ең  маңызды  бағыттарының  бірі. 

ТМД  шеңберіндегі  көпжақты  ынтымақтастықтың  қазақстандық  әдістемесінің  негізінде 


тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен 

туындайтын  қарқыны  әрқилы  интеграция  тұжырымдамасы  жатыр.  Қазақстан  Достастық 

кеңістігіндегі  субаймақтық  бірлестіктер  әрекетінің  ашық  түрде  жүргізілуін,  ал  олардың 

мақсаттары  мен  практикалық  әрекеттері  ТМД  дамуының  ортақ  арнасында  ұштасуын 

қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің 

іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД 

органдарының  шешімдерінің  күші  тек  оларды  қабылдауға  қатысқан  мемлекеттер  үшін 

ғана  таралады.  ТМД  әрекетінің  тиімділігін  арттыру,  құрылымын  жетілдіру  мақсатында 

қазақстан  тарапының  бастамашылық  етуімен  шын  мәнінде  ынтымақтастықтың  барлық 

бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі 

іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың 

негізінде  ТМД-ның  2020  жылға  дейінгі 

Экономикалық

 дамуы  стратегиясы  әзірленіп, 

қабылданды. 

Еркін 


сауда 

аймағын 


құру, 

сауда


,

 

ауыл 



шаруашылық

электр



 

энергетикасы

 және  т.б.  нарықтарды  қалыптастыру  жұмыстарын  аяқтау  жоспарлануда. 

Саяси,  гуманитарлық,  көлік,  қауіпсіздік  және  көші-қон  салаларында  өзара  әрекеттестік 

жалғасуда.  Аталған  Жоспарда  бірлестік  әрекетін  жетілдіру  жөніндегі  нақты  шаралар 

тізбесі  көрініс  тапқан.  Атап  айтқанда,  осы  құжатқа  сәйкес  2008  жылғы  қазанда  ТМД-да 

төрағалық  ету  туралы,  Ұлттық  үйлестірушілер  туралы  ережелер  қабылданды. 

Достастықтың  салалық  органдарын  оңтайландыру  бойынша  жұмыс  жүргізілуде,  ТМД 

Жарғысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу,  ТМД-ның  Жоғарғы  органдарындағы 

рәсімдеудің  жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда.  «Бір жыл- бір тақырып»  формуласы 

бойынша  жұмыс  принципін  ескере  отырып,  2007  жылы  келісілген  көші-қон  саясаты 

жөніндегі 

ұсыныстарды 

дайындауға 

арналса 

(2007 


жылғы 

қазанда 



Душанбеде

 тиісті 


Декларация

 

қабылданды),  2008  жыл  келісілген  көлік  саясаты 



саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы  

    


ТМД  өз  өмірі  кезінде  бірнеше  кезеңнен  өтті:   Бірінші  кезең  -  1991  мен  1993  жылдар 

аралығы.  Одақтас  Республикалар  саяси  тәуелсіздігін  алады.  Мемлекеттілігін,  қаржы-

экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық 

кешені  біртұтас  экономикалық  кеңістікте,  бір  валютамен  өз  жұмысын  жалғастырып 

жатады.  Екінші кезең - 1993-1996 жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін 

нығайта  түседі,  өз  беттерімен  халықаралық  қауымдастыққа  кіреді,  өздерінің  кеңес 

одағына  кірмеген  жақын  көршілерімен  шаруашылық  байланыстарын  орнатады.  Ал 

Достастық  шеңберінде  бірге  келісілген  шешімдерге  байланысты  қатынастар  ауырлай 

түседі.  Көптеген  келісілген  заттар  орындалмай  қалады.  Бірақ  кейбір  мемлекеттер  тығыз 

қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық 

Экономикалық қауымдастық.  Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл 

мүшелері  дағдарысты  мойындайды.  Осы  дағдарыстан  шығу  жолдары  мен  ортақ  мақсат-

мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы 

органдарын  біріктіріп,  бірінші  орынға  экономикалық  ынтымақтастықты  қоюды,  еркін 

сауда,  кеден,  тарифтік  зонасын  құруды  валюталық  одақ  идеясын  ұсынады.  ТМД-дағы 

қиыншылықтар  мұнымен  жойыла  қоймайды.  Интеграциялық  мақсаттар  екінші  орынға 

кетіп,  көп  елдер  үшін  өздерінің  саяси-экономикалық  егемендіктері  маңыздырақ  болып 

кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.40 

 Қазіріг  таңда  Достастық  әр  түрлі  саяси  күштер  тарпынан  айтылып  жатқан  көптеген 

сындарға  тап  болуда.  Өйткені,  біріншіден,  Кеңес  Одағының  құлауына  өкініш  білдіретін 



саяси  топтар  жағы.  Олардың  сындары,  бұрынғы  шекара  шеңберінде  бір  мемлекет  құру 

деген  келмеске  кеткен  үміттерге  негізделген.  Бірақ  ТМД  құрылғанның  алғашқы  кезінен 

бастап-ақ  бұл  мәселелерді  мақсат  етпеген  болатын.  Ең  маңыздысы,  айтылып  өткендей, 

жаңа  мемлекеттердің  құрылуы  мен  нығаюы  болатын.  Ал  екіншіден,  ТМД  бір  халықтық 

шаруашылық  жүйе  ыдырағаннан  кейін  көп  шығындарсыз  одақтың  кезіндегі 

интеграциялық  байланыстарды  сақтай  отырып,  экономикалық  бөлінуді  жүзеге  асыра 

алмаған  үшін  сынады.  КСРО-ның  ыдырауына  байланысты  желік  пайда  болғаны  да 

түсінікті.  Өзін-өзі  басқару  мен  ұлттық  идеялар  бірінші  кезекке  шыққанда  экономикалық 

проблемаларға назар аударудың қажеті жоқ сияқты көрінді. Бірақ кейінгі оқиғалар сауық-

сайрандармен қатар нанның да қажет екендігін көрсетті. Экономиканы айналып өту қиын, 

ол  өз  сөзін  айтпай  тұрмайды.  Осы  негізде  интеграция  мен  өзара  іс-қимыл  идеялары 

туындай  бастайды.  Белорустың,  Ресейдің  және  Украинаның  1991  жылы  8  желтоқсанда 

Беловеж  келісіміне  қол  қоюы  және  соның  ізінше  13  желтоқсанда  Орталық  Азия 

республикаларының  Ашхабадта  кездесуі  бұрынғы  КСРО  аумағында  бір  бірінен  оқшау 

тұрған  словян  және  түрік   одақтарының  құрылу  қаупін  туғызды.  Осы  жағдайда 

Н.Назарбаев  оқиғаның  осылайша  дамуына  жол  бермеу  үшін  барлық  күш-жігерін 

жұмсады.  21  желтоқсанда  Қазақстан  Президентінің  ұсынысы  бойынша  Алматыда  11 

тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының 

шын  мәнінде  тарихи  сипаты  болды:  “Мәртебелі  уағдаласушы  тараптар  Тәуелсіз 

Мемлекеттер  Достастығын  құрды”.    Бұл  факт   Алматы  декларациясында  жарияланды. 

Жаңа  елдердің  мемлекеттілігін  қалыптастырумен  қатар  олардың  өзара  қарым-

қатынастарының  оңтайлы  үлгісін  іздестіру  процесі  де  жүріп  жатты.  Қазақстан  ТМД 

құрылған  кезден  бастап  Достастықтың  тағдыры  үшін  айрықша  жауапкершілік  танытты. 

ТМД  елдерімен  тең  құқықты,  өзара  тиімді  қарым-қатынастарды  орнату  және  дамыту 

Қазақстандық  сыртқы  саясаттың  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі  болды.  “Независимая” 

газетіне берген сұхбатында Н.Назарбаев Қазақстанның Президенті былай деген болатын: 

“ТМД  елдері  үшін  интеграция,  ынтымақтастық  экономикалық  қажеттілік  қана  еме,  бұл 

керек  десеңіз  жаңа  рухани  психологиялық  тұрақтылық,  ертеңгі  күнге  деген  сенім”. 

Күрделі  экономикалық  кезең  жағдайында  іс  жүзінде  барлық  кеңестен  кейінгі 

мемлекеттерде  олардың  келісілген  іс-қимылын,  сындарлы  ынтымақтастығын,  өзара 

қолайлы  ымыраға  келу  шешімдерін  іздестіру  айрықша  маңыз  алды.  Көптеген  тәуелсіз 

мемлекеттер  ынтымақтастық  және  өзара  түсіністік  болмаса,  тұрақтылықты  сақтау, 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  экономикалық  реформасынсыз  әлемдік  қоғамдастыққа  ену 

мүмкін  емес  екенін  түсінді.  Осы  жағдайларды  ескергенде  ғана  интеграцияға  балама  жоқ 

деп айтуға болады. Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде 

біркелкі  болмады,  тіпті  бірінші  кезде  қарама-қарсы  болды.  Егер  де  Ресей,  Белорус, 

Қазақстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан  белсенді  түрде  Достастық  идеясые  қолдаса,  Украина 

позициясы  қарсы,  ал  Түркменстан  бұл  мәселеден  өзін  алшақ  ұстады.  Молдова  жалпы 

Достастық  қағидаларымен   келісті,  Армения  ТМД  шеңберіндегі  қатынастарды  нағайтуға 

тырысты,  бірақ  Әзірбайжанмен  арадағы  қақтығыстардың  нәтижесінде  оның 

интеграциялық  үрдістегі  рөлі  әлсіз  болды.  Мұндай  қатынастардың  мәні  түсінікті-ақ:  бұл 

жаңадан  қол  жеткізген  саяси  тәуелсіздік  пен  экономикалық  егемендікті  жоғалтып  алу 

қаупі; саяси партиялар мен қозғалыстар тарапынан күшті қысым өткір идеологиялық және 

ұлтаралық  қарама-қайшылықтар  және  т.б.  Сол  кездегі  Достастық  жағдайына  Қазақстан 

 Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  былай  деп  баға  берді:  “оқиғаның  даму 

барысында  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  қатысушы  мемлекеттердің  “өркениетті 



түрдегі ажырасу” органына айналуда. Бұл үрдісті басқа интеграциялық жөнге бағытталып 

талпыныстары  өз  нәтижесін  бермеді”.  Кеңестен  кейінгі  аймақта  интеграция  осылайша 

дамып  жатты  және  ол  Батыс  Еуропада  болып   жатқан  үрдістерден  ерекшеленеді.  Бұл 

ерекше-ді  салыст  түрде  мынадай  сипатта  көрсетуге  болады:   Еуропалық  Қоғамдастыққа 

интеграцияны тәуелсіз өмір сүрудің ұзақ мерзімдітарихы бар егеменді мемлекеттер жүзеге 

асырды.  Достастықты  бастапқы  кезеңде  біртұтас  тоталитарлық  мемлекеттен  бөлінген 

және егемедігін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді мақсат еткен мемлекеттер қалыптастырды. 

 Еуропалық 

Қоғамдастыққа 

интеграцияны 

нарықтық 

экономикасы 

дамыған 

мемлекеттердің  (әртүрлі  деңгейде  болса  да)  интеграциясы  ретінде  жүзеге  асырылды. 

Достастықта ашық нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің интеграциясы 

жүзеге  асырылды.     Еуропалық  Қоғамдастыққа  интеграция  бірнеше  онжылдықтардың 

ішінде,  негізінен  мемлекеттердің  саяси  шешіммен  айқындалатын  көлбеу  экономикалық 

байланыстарға  қарқын  беру  арқылы  эволюциялық  жолмен  дамыды.  Достастықтағы 

интеграцияның  мәні  жаңа  нарықтық  жағдайдағы  сауда  экономикалық  байланыстарды 

дамытуда  оларды  егеменді  мемлекеттерді”  интеграциялық  қатынастарына”  дейін 

жеткізуінен 

көрінді. 

 

1990  жылдардың  басында  Достастық  мемлекеттері  арасында  негізінен  екі  жақты 



экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде 

жеке  мемлекеттердің  әртүрлі  бірлестіктері  (одақтар,  әріптестіктер,  альянстар  т.  т): 

Белорусь  пен  Ресей  Одағы-  «екілік»,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Өзбекстан 

Орта  Азиялық  Экономикалық  Қауымдастығы  -  «төрттік»,  Белорусь,  Ресей,  Қазақстан, 

Қырғызстан  және  Тәжікстан  Кедендік  Одағы  -  «бестік»,  Грузия,  Украина,  Әзірбайжан, 

Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т.т. байланыс қатынастар орын алуда.Алматы 

кездесуінде  қол  жеткізген  уағдаластықтың  маңыздыларының  бірі-  ядролық  қаруға 

байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық 

қаруы  болған  Беларусь,Қазақстан,  Ресей  Федерациясы  және  Украина  басшылары  қол 

қойды.  Келісім  бойынша  оған  мүше  мемлекеттер  ядролық  қару  жөнінде  біріккен  саясат 

қалыптастырып,ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды. 

Алынған 


ресурс: 

http://www.izden.kz/diplomdyk-zhumys/halykaralyk-katynastar/

 Ғылыми 

жұмыстар жинағы. © izden.kz 

1.

 

 «Қазақстан»:  Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев  – Алматы «



Қазақ 

энциклопедиясы»

 Бас редакциясы, 1998 

ISBN 5-89800-123-9

, VIII том 

2.

 



 Қаржы-экономика  сөздігі.  —  Алматы:  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. 

I

SBN 978-601-215-003-2



 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары  

1. ТМД-ның құрылуы Алматы Декларациясының мазмұны мен маңызы. 

2 . ТМД-ның интеграциялық процестеріне Қазақстанның қатысуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет