ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген
телефонның нӛмірі есте берік сақталып қалады.
Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің
түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам кӛп рет қайта жаңғырта
алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші
қажет болады.
Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы
беріліп, қайта жаңғыртылады. Бұл ес түрінде мутациялармен, солармен
байланысты гендік құрылымдардағы ӛзгерістер хабарды есте сақтаудың негізгі
биологиялық механизмі болып табылады. Біз оқыту мен тәрбиелеу арқылы әсер
ете алмайтын адам есінің жалғыз түрі – бұл генетикалық ес.
Кӛру есі кӛрген бейнелерді сақтау мен қайта жаңғыртумен байланысты.
Бұл естің түрі қандай болмасын маманданған адамдар үшін және инженерлер
мен суретшілер үшін ерекше қажет болып табылады. Бұл естің түрі қиялға
қабілеттілікпен байланысты. Бұл жерде есте сақтау мен қайта жаңғырту осыған
байланысты; адам нені кӛру арқылы елестете алса, әдетте соны жақсы есте
сақтап қайта жаңғыртады.
Есту есі – алуан түрлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық, сӛздік жақсы
есте сақтау және тура қайта жаңғырту. Ол филологтар, шет тілімен
айналысатындар, акустиктер мен музыканттар үшін ӛте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: