1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет74/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

   4.  Естің поцестері.  
Естің процестері  есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.  
Есте  сақтау  мақсатының  болу,  болмауына  қарай  есте  сақтау  ықтиярлы 
және  ықтиярсыз  болады.  Ықтиярсыз  есте  сақтау  –  бұл    ойластырмай  есте 
сақтау.  Мұнда  адам  есте  сақтауды  мақсат  тұтпайды,  есте  сақтау  үшін  күш  те 
жұмсамайды,  есте  сақтауды  қамтамасыз  ететін  арнайы  тәсілдер  де 
қолданбайды.  Мағлұмат  ӛзінен-ӛзі  есте  сақталғандай  болады.  Жеке  ӛмір 
оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын 
байланыстар  сипаты  бойынша  есте  сақтау    механикалық  және  мағыналық 
болып бӛлінеді. 
 
Механикалық  есте  сақтау  кӛп  рет  қайталау  арқылы  сыртқы 
байланыстарды  нығайтуға  негізделген.  Мағыналық есте  сақтау  жаңа  мағлұмат 
пен  бұрыннан  таныс  мағлұматтар  арасында  және  соңғы  мағлұмат  бӛлшектері 
арасында  мағыналы  байланыс  жасауға  негізделген.  Мағыналық  есте  сақтау 
тезірек  және  тұрақтырақ  болып  табылады.  Кейде  тек  қана  мағыналық  есте 
сақтау  жеткіліксіз  болып,  мағыналылық  та,  механикалық  та  есте  сақтауды 
пайдалану, яғни мағлұматты түсінген соң оны кеп рет қайталау (ӛлеңді, шет ел 
сӛздерін,  белгілі  күндерді  т.  б.  есте  сақтағанда)  қажеттілігі  туады.  Оқыту 
процесінде механикалық есте сақтауға сүйенбей ӛту мүмкін емес. 
Оқу  материалын  есте  жақсы  сақтау  үшін  мағыналы  есте  сақтау  тәсілдерін 
пайдаланады. Бұл тәсілдсрді мектеп оқушыларына үйрете отырып, материалды 
қалай топтастыру, қалай бӛлшектеу, бӛлшектердің арасын қалай байланыстыру, 
мәтін  бӛлімдеріне  тақырып  бере  отырып,  мағыналы  тірек  пункттерін  қалай 
ерекшелеу қажет екенін кӛрсету керек.  


 
Есте сақтауды схема, кесте, диаграммалар (әсіресе оларды оқушылардың 
ӛздері құрастырған болса) жеңілдете түседі. Формулалар, даталар, есімдср, шет 
тіл  сӛздері  т.  б,  жаттауды  басқаша  үймыдастырған  жӛн.  Шет  тіл  сӛзін 
жаттағанда  оның  мәнін  түсініп  қана  қоймай,  оның  ана  тіліндегі  қай  сӛзге  сай 
келетінін  де,  белгілі  тәртіппен  орналасқан  дыбыстар  мен  әріптердң  үйлесімі 
екенін де есте сақтау керек.  
Есте сақтауды жеңілдету үшін сездерді мазмұнына, ортақ түбіріне немесе 
дыбыстық  жағынан  ұқсастығына  қарап  топтастыруға  болады.  Жаңа  сӛзді 
бұрыннан таныс сӛзбен салыстырып, олардың маңызы, дыбыстық жәнс әріптік 
құрамы  жағынан  болатын  ұқсастығын,  айырмашылықтарын  тауып  отыру  да 
мақсатқа  сияды.  Кейде  сездің  қай  әріптен  басталып,  қандай  буынмен 
аякталатынын,  кітап  немесе  сӛздіктің  қай  жерінде  басылғанын  есте  сақтау 
сияқты сыртқы ассоциациялар жасауға да болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет