Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып
екіге бӛлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды.
Бейнелердің ӛздігінен, кӛбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру
мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді
санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам ӛзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс –
тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге
асырады.
Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - ми қыртысында бұрынғы
қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді
жандандыру ассоциациялар негізінде ӛте алады.