бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы
қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны.
Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез
ұмытылады.
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.
4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан
болады.
5. Материалдың керексіз болуы.
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады.
Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден
шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв
жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі.
Мәселен, белгілі жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып
жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В.
Скотт ӛз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Адам миына
зақым келуден еске түсіре алмауды ғылымда
амнезия құбылысы деп атайды.
Бұл құбылыстар мидағы тежелу, ӛшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ
ұмытылған құбылыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Материалды оқыған
бойда (кӛлемді, күрделі түрлерін) бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп,
мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұлар екі-үш күннен
кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді
психологияда
реминисценция құбылысы деп атайды.
Мәселен, адам ӛзінің жақсы меңгерген тілін, аурудың салдарынан мүлдем
ұмытып қалып, кейін жазылған соң қайта сол тілде сӛйлей алады. Осы орайда
уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – нерв жасушаларындағы
тежелу үрдістерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте
сақтау жұмысына бӛгет болса, оқу процесінде яғни ӛткен материалға ұқсас
екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының тӛмендеуіне
әсер етеді, оны
проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған
материалына кейінгі қызметі бӛгет болса
ретроактивті тежелу делінеді.
Мұндай жайттар мағынасы бір – біріне жақын материалдарды үйренуде жиі
кездеседі.
Айтылған құбылыстардың табиғатын білудің үлкен педагогикалық мәні
бар. Ӛткен шығармадан кӛлемді, мазмұны ұқсас шығарманы жаттағанда,
олардың басы мен аяғы есте жақсы сақталып, орта жері тежелуге
ұшырайтындығы кӛрініп отыр. Мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда
болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын
қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң
сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: