334
Көп тілді дыбыстық сөздік түзудің ғылыми-теориялық мәселелерін зерттеуде таза
лингвистикалық факторлар да, алуан түрлі ғылым салаларының ерекшеліктерінен
туындайтын экстралингвистикалық факторлар да ескерілуі тиіс екенін тәжірибе көрсетіп
отыр.
Cондықтан көп тілді дыбыстық сөздіктерді ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу осы
салада түзілетін туындылардың авторлардың тілдік түйсігіне, субъективті жағдайларға
тәуелді болмауы үшін, объективті ғылыми негізде жасалуы тиіс екендігі аталмыш зерттеудің
тақырыбын белгіледі.
Шын мәнінде, ғылыми ұғымдардың жүйесі қай тілдегі сөздікте болса да, жүйелі түрде
берілуі керек. сөздіктерде де бір-біріне туыстас, төркіндес құбылыстарды атауда да ұқсас
тілдік құрылымдардың қолданылуы шарт. Тілдік жүйе құрамында ұғымдардың бір-біріне
байланыстылығын, олардың арасындағы сатылы бағыныңқылықты дәл бейнелей алатын
терминологиялық бірліктер болу керек. Бұл жерде белгілі бір ұлт тіліндегі білім мен ғылым,
техника, мәдениет салаларының сол ұлтты құрайтын халықтың дәстүрлі білім жүйесіне,
ұлттық мәдениет ерекшелігіне бұрыннан тән болып, онымен сабақтаса өріліп, өрбіп жатуы
аса маңызды. Сонда ғана ұлттық тілдің салалық терминологиядағы икемділігі, қолданым
дәрежесі жоғары болмақ. Мысалы, қазақ халқына тән дәстүрлі шаруашылық түрлері
бойынша жаңа терминдерді түзу ісі қиыншылық тудырмайды. Себебі бұл салада
терминжасамның бұрыннан қалыптасқан жүйесі бар.
Осымен байланысты, ұлттық терминология атаулы ғылым-білім, техниканың дамуына
байланысты жаңа салалармен, күрделі ұғымдармен толығып отыратын болғандықтан және
оларды терминологиялық сөздіктерде беру мәселелері арнайы зерттеудің нысанына
айналмағандықтан, терминдердің тілдік табиғаты түсіндірмелі терминологиялық сөздіктерде
толық ашылып, анықталып болды, түпкілікті зерттелді деп кесіп айту қиын.
Қазіргі кездегі қолданыста жүрген көп тілді дыбыстық сөздіктер тұрғысынан қарастырсақ,
көп тілді дыбыстық сөздіктердің құрылымы сөздіктерді жасау және өңдеу үшін редактор
және сөздіктерді қарастыру программасы. тұратынына тоқталдық. сөздіктерді жасау және
өңдеу үшін редакторі, Мұнда сөздік жеке файл ретінде болады. Оны сөздіктер базасына
қосып алуға және таратуға болады, ал сөздіктерді қарастыру программасы – әрбір сөздік, әр
термин туралы ақпарат, мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Сөздіктің мақсаты мен
міндетіне қарай олардың әртүрлі терминологиялық сөздік түрлеріне бөлінетіндігі, түрлі
атауға ие болатындығы көрсетілді.
Алда осы зеррттеу жұмысын әртүрлі салалар бойынша деректер қорын одан әрі толтыра
отырып, программаның көлемін үлкейтуге болады.және мобилді платформаларда
орналастыруға тілді үйрену құралы ретінде дамытуға болады
Достарыңызбен бөлісу: