Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


Әлеуметтік-педагогикалық  бағыт  –



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Әлеуметтік-педагогикалық  бағыт  –  қосымша  білім  берудегі  маңызды 

бағыттардың бірі. 

Заманға 

сай 


әлеуметтік 

инфрақұрылымның 

дамуы 

тұлғаны 


әлеуметтендіруге  байланысты,  оның  ішінде  баланың  бос  уақытын 

ұйымдастыруға қатысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.  




47 

 

 23  клубта  қызығушылықтар  бойынша,  13  жыл  бойғы  лагерьде,  7  аула 

клубында,  сондай-ақ,  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  жанындағы  508  аула 

клубында 120 мыңнан астам баланың бос уақыты қамтамасыз етілген.  

Республикада  120-дан  астам  жауынгерлік  даңқтың  мектеп  мұражайы, 

500-ден  астам  патриоттық  бірлестік  бар.  Онда  отыз  мыңнан  астам  оқушылар 

айналысады.  Оқушылардың  әскери-патриоттық  тәрбиесі  бойынша  мектептер 

мен  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  жүйелі  жұмыстары  жүргізілуде,  «Жас 

Ұлан»  әскери-спорттық  ойындар,  спорттың  әскери-қолданбалы  түрлері 

бойынша жарыстар, батылдық сабақтары, Ұлы Отан соғысы және әлемнің қызу 

нүктелерінің ардагерлерімен кездесулер, байқаулар өткізіледі.  

Республикада  балалар  қоғамдық  ұйымдары  белсенді  жұмыс  істейді. 

Педагогикалық  отрядтар  мұғалімдер  мен  ата-аналарға  жыл  көлемінде 

балалардың  бос  уақытын  ұйымдастыруға,  сауықтыру  мен  жаз  мезгілінде 

демалысты  ұйымдастыруға  көмектеседі.  Аула  клубтары  мен  бос  уақыт 

орталықтары да белсенді жұмыс атқаруда.  

Аула  клубтарының  ерекшелігі  –  бос  уақытты  мазмұнды  ұйымдастыру 

және  тұратын  орны  бойынша  балалармен  шығармашылық  жұмыстар  жүргізу, 

ата-аналарды, жастарды, қоғамдық ұйымдарды тарту. 

Республиканың  білім  беру  мекемелерінде  әлеуметтік-педагогикалық 

бағыттағы  бірлестіктер  табысты  дамуда,  олар  білім  алушылардың 

коммуникативтік,  зияткерлік  қабілеттерін,  көшбасшылық  қасиеттерін  түзету 

мен  дамытуға,  балалардың  назарын  көшенің  кері  әсернен  аударуға 

бағдарланған. 

Қосымша  білім  берудің  оқу-сауықтыру  бағыты  демалыс  мерзімінде 

белсенді  демалыс  пен  сауықтыруды  қамтамасыз  ету  үшін  балалардың 

зияткерлік,  спорттық  және  шығармашылық  әрекеттеріне  бағдарланған. 

Демалыс  мерзімінде  оның  аясында  бейінді  лагерьлер  мен  мектептер, 

экспедициялар  мен  іздеу  отрядтары,  білім  алушылардың  өзіндік,  зерттеуші, 

шығармашылық әркеттері ұйымдастырылады.  



48 

 

 



Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім 

беруді  дамытуға  әсер  ететін  жағдайлар  мен  факторларға  талдау  жасау,  бұл 

бағыттың  республикада  жылдам  дамуын  қиындатып  тұрған  негізгі  себептерді 

белгілеуге мүмкіндік береді.  

Қазақстандық  ғалымдардың  зерттеулерінің  қорытындылары  балалар  мен 

оқушы жастардың арасында, бір жағынан, бірлестікке, олардың рөлін қоғамда 

мойындауға, өз ойын білдіру мен өзін-өзі танытудың жолдары мен формаларын 

өз  бетімен  таңдауға  қарқынды  талпыныс  байқалады.  Екінші  жағынан, 

жасөспірімдердің  азаматтық  бастамасының  өсімін  көп  жағдайда  білім  беру 

мекемелеріндегі  өзін-өзі  таныту  үшін  нақты  жағдайлардың  болмауы  тоқтатып 

тұрады. 

Балалар  мен  оқушы  жастардың  пікірінше,  бос  уақытты  ұйымдастыру 

олардың қызығушылықтарына толық жауап бермейді. Білім алушылардың тек  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет