Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лек1

Тыныс  алу  жүйесі.  Негізгі  тыныс  алу  жүйесі-жұтқыншақ  өсіндісінен 

түзіледі,  сыртқы  желбезек  пластинкаларымен  байланысқан.  Сыртқы 

желбезек  тесіктері  арқылы  ашылған  желбезек  қапшықтарынан  тұрады. 



Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің, екі жағында 7жұп желбезек тесіктері 

ашылады.Тыныс  алғанда  су  желбезек  тесіктерінен  желбезек  қапшықтарына 

еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. 

Зәр  шығару  жүйесі.  Негізгі  зәр  шығару  мүшесі  бүйрек.  Екі  бүйрек 

арқа  жағында  хорданың  астында  орналасқан.  Барлық  дөңгелекауыздыларда 

зәр шығару қызметін алдынғы бүйрек немесе пронефрос атқарады. 

Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері ауыздан және жақсы дамыған 

ауыз қуысы мен үлкен тілден басталады. Тілдің үстінде тамақты ұстап алуға 

бейімделген  мықты  мүйіз  тістері  жұтқыншақтан  және  ішектен  құрылады. 

Жағы жоқ, ауызы дөңгелек, ол жануарлардың денесінің қай жеріне болмасын 

сорып  жабысып  алуға  бейімделген.  Жұтқыншақ  екі  тарамға  бөлінеді: 

жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы 

тұйықталып,  желбезек  қапшықтарымен  байланысады.  Жұтқыншақ  ішекпен 

жалғасып,  аналь  тесігімен  аяқталады.  Дөңгелекауыздыларда  қарын  жоқ. 

Қарыны  дамымағандықтан  өңеш  бірден  ішекке  жалғасады.  Ішектің  ішкі 

қабырғаларында спираль тәрізді қыртыстары болады, ол ас қорыту жүйесінің 

ішкі  сіңіру  бетін  ұлғайтады  да,  тамақтың  ішек  қуысынан  өтуін  баяулатып, 

оның толық қорытылуына себепші болады. 



Көбеюі.  Жынысты  жолмен  көбейеді.  Дөңгелекауыздылар  дара 

жынысты.  Жыныс  бездері  дара,  көбею  кезінде  дене  қуысының  көпшілік 

жерін  алып  жатады.  Бұл  бездердің  арнаулы  шығару  түтіктері  болмайды. 

Жетілген  жыныс  гаметалары  бездерден  дененің  қуысына  құйылып  одан 

арнаулы тесіктер арқылы суға шығып, сол жерде ұрықтанады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет