Дәріс №1 Тақырыбы


Дөңгелек ауыздылардың өкілдері - миксиндер мен   миногалар



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата07.01.2022
өлшемі392,46 Kb.
#19457
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лек1

Дөңгелек ауыздылардың өкілдері - миксиндер мен   миногалар. 

Қазіргі  тіршілік ететін дөңгелек  ауыздылар екі  тобырға біріккен: олар 

миногалар мен миксиндер. 

Миногалар.  Миногалар  миксиндерге  қарағанда  паразиттік  тіршілік 

етуге  аз  бейімделген.  Ұрықтанған  жұмыртқалардан,  ересек  миногаларға 

ұқсамайтын құмғазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып 

жатқан  жүзгіш  қанаттары  болады.  Арнайы  тыныс  түтігі  жоқ.  Желбезек 

қабшықтары жұтқыншақ ішіне ашылады. Көзі терісінің астында орналасқан. 

Миы басқа органдармен салыстырғанда үлкен. Құмғазғыш көпшілік уақытта 

топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 

жылдың  ішінде  айналады.  Миногалар  барлық  суларда  тіршілік  етеді.  Теңіз 

миногасының  ұзындығы  50-100  см.  Олар  теңіздің  түрлі  тереңдіктерінде 

тіршілік  етеді,  кейде  оларды  500м  тереңдіктенде  кездестіруге  болады. 

Көпшілігінде  олар  балықтармен  және  су  түбіндегі  омыртқасыздармен 

қоректенеді.  Теңіз  миногалары  уылдырығын  көктемде  шашады.  Кәсіптік 

маңызы бар. 

Миксиндер.  Балықтардың  уақытша  паразиті  миксиндер  болып 

есептеледі.  Бұлардың  паразиттік  тіршілігіне  байланысты  кейбір  органдары 

нашар  дамығанда,  ал  кейбір  органдары  паразиттік  тіршілікке  икемделіп 

маманданған.  Миксиндердің  арқа  қанаттары  болмайды,  нашар  дамыған 

көздері  тері  астында  жатады.  Ауыз  воронкасының  жиегінде  4пар 

қармалауыштары,  тілінің  үстінгі  жағында  мүйізді  тістері  болады. 




Көпшілігінде  желбезектерінің  сыртқы  тесіктері  бірден  сыртқа  ашылмай, 

желбезек  қапшықшаларының  арт  жағынан  қашығыраққа  ашылатын  әрбір 

бүйірінде  болатын  каналға  ашылады.  Олардың  мұндай  ерекше  құрылысты 

болуы,  балықтың  денесіне  тереңірек  еніп  кеткеннің  өзінде    де  тыныс  алуға 

мүмкіндік  береді,  өйткені  иіс  сезу  капсуласы  ерекше  қуыс  арқылы 

жұтқыншақпен байланысады да, лайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан 

организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5-

15-ке  дейін  жетеді.  Миксиндер  көбінесе  балықтардың  желбезектері  арқылы 

ішке  кіріп,  олардың  терісі  мен  қаңқасынан  басқаларының  барлығын  жеп 

қоректенеді.  Көбінесе  ауға,  қармаққа  түскен  балықтарды  жеп,  зиянын 

тигізеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет