ТҮСІНІК ХАТ
Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі – лингвистиканың синтаксис саласының
мазмұнын толықтырады, өзіне тән зерттеу нысаны мен ғылыми аппаратына, ғылыми
зерттеу әдістемесіне ие. Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлемдерді лингвистикалық
бірлік ретінде тану және оның өзіндік белгісін ажыратуға негіз болатын көрсеткіштерін
айқындау – түркі тілдері синтаксисіндегі ортақ проблемалардың бірі, аталған курс осы
мәселелердің қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдерінде қалай жіктелетінін, қандай
өлшемдермен анықталатынын айқындауға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетуде
пайдалануға қажетті ғылыми айналыста жүрген пікірлер мен түрлі тұжырымдар бар. Олар
түркі тілдері синтаксисіне қатысты ортақ тұжырымдар мен айырым белгілерді анықтау
арқылы тілші-мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға сөзсіз ықпал етеді.
Сондықтан да «5В020500-филология» мамандықтарына жоғары оқу орны компоненті
сапасында оқытылып жүрген «Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі» элективті курсын
жүргізу тілшілердің кәсіби білімі мен білігін, дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға
пайдалы болады.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
- Түркі тілдері синтаксисін зерттеу тарихын меңгерту;
- Қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері синтаксисіндегі ортақ проблемаларды
айқындап, олардың мәнін ұғындыру;
- Қазақ,
қарақалпақ,
татар,
башқұрт
тілдері
синтаксисінің
айырым
проблемаларын меңгерту;
- Синтаксистік талдау жасау дағдыларын жетілдіру.
Курс соңында студенттер мынадай білім, білік, дағдыларға ие болуы тиіс:
- Түркі тілдері синтаксисін зерттеушілердің зерттеулерімен танысып, олардың
мазмұнын игереді;
- Синтаксистің негізгі зерттеу нысаны мен пәнінің қазақ, қарақалпақ, қырғыз,
башқұрт т.с.с. тілдерде зерттелу деңгейін анықтайды;
- Түркі тілдері синтаксисінің ортақ және айырым мәселелерін ажырата біледі;
- Синтаксистік талдау жасай алады.
Пәннің еңбек сыйымдылығы 3 кредитке тең.
Курстың мазмұны:
Студенттердің бұл пәннен алатын білімдері мен дағдылары, біліктері төмендегі
сипатта болады:
Курс соңында студенттер мынадай білім, білік, дағдыларға ие болуы тиіс:
- түркі тілдері синтаксисін зерттеушілердің негізгі ұстанымдары мен ғылыми
тұжырымдарын меңгереді;
- түркі тілдері синтаксисінің проблемаларына қатысты ортақ және ерекшеленетін
тұжырымдарды салыстыра игереді;
- қарақалпақ, татар, башқұрт тіл біліміндегі синтаксис мамандарының
тұжырымдары мен оған қатысты қазақ тіл біліміндегі пікірлерді игереді;
- синтаксистік тұлғалардың түркі тілдері мысалдары негізінде сипаттамаларын бере
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |