Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет82/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

дегенмен  де,  сөйте  тұрса  да,  олай  дейтін  себебі,  бұлай  дейтін  себебі  –  дегендер  тәріздес  сөз  тіркестері  атқарады. 

Ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты  түрлері жалғаулықты да, жалғаулықсыз да келе алса, талғаулы, кезектес 

салаластар  тек  жалғаулықты,  ал    түсіндірмелі,  салыстырмалы,  шартты  жалғаулықсыз  түрде  келеді.  Жалғаулықты 

ыңғайлас  (мезгілдес)  салалас  құрмалас  сөйлем  дегеніміз  –  предикативтік  сыңарлары  ыңғайлас,  біртектес  оқиға, 

құбылыстарды  не  бір  мезгіл  ішінде  жүзеге  асып  жатқан  іс-әрекеттерді  бейнелейтін  СҚС  түрі.  Тегінде,  Тәкежан  үлкен 



жанжалға  тауаны  жоқ,  бұдырсыз  болатын,  әрі  әкеге  шағым  жеткізу  алыс  та  қиын(Әуезов).  Қ.Есенов    мезгілдес 

салаласты екіге бөледі: бір мезгілдес, әр мезгілдес. Себептес салалас сөйлем деп компоненттері бір-бірімен  себептестік 

қатынаста  тұратын  ҚС  аталады.    Олар  себеп  мәнді  (сондықтан,  сол  себепті)    және  салдар  мәнді  (өйткені,  себебі) 

жалғаулықтармен  байланысады.  Жаны  шығып  кете  жаздады,  өйткені  оның  қолына  түскен  ыдыс  сау  қайтқан  емес 



(Майлин).    Қазір  ол  сақалын  да  қырған,  киімін  де  өзгерткен,  сондықтан  кескін-кейпі  де  өзгерген.  Құрамындағы 

байланыстырушы  жалғаулықтарын  түсіргенде  мағыналық  қатынастар  өзгеріп,  арадағы  байланысы  үзілетін  болса, 

компоненттер арасына сызықша қойылады. Салыстырыңыз: Әй, ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой //  Әй, ол жеңер 

сені -  келешек онікі ғойҚарсылас құрмалас сөйлем дегеніміз – құрамындағы компоненттерінің мағыналары бір-біріне 

қайшы  келетін СҚС.  Компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар:  бірақ,  дегенмен, алайда, сонда да, солай болса 



да, сөйтсе де, әйткенмен, әйтпесе. Ол  басында қатты қарсылық білдірген еді, дегенмен  көптеп-көмектеп көндірдік.  

Кей реттерде сыңарларының арасындағы қарсылық мән айқын білінгенде, бірақ, алайда жалғаулықтарын түсіріп айтып, 

жалғаулықсыз  да  құруға  болады.  Ондайда  түсірілген  жалғаулықтардың  орнына  сызықша  қойылады.  Елге  мойынымды 

созам – көрінбейді. Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық 

ерекшеліктер  мынадай:  1)  сыңарларында  баяндалатын  екі  не  бір тұлғаның  іс-әрекеттері, ой-ниеттері  бір-біріне  қайшы 

болады: Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ. 2) екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің 

логикалық  қорытындысы  ретінде  болуға  тиісті  іс-әрекет,  жай-күй  болмай  шығады  немесе  басқаша  болады.  Осы  ең 



ақырғы  сөзі  тәрізді  еді,  бірақ  айтары  әлі  таусылмаған  екен  (Мұстафин)  3)  сыңарларының  құрамында  бір-біріне 

антоним сөздер жұмсалады немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлғада келеді. Көп адам қасында келеді, бірақ 



жалғыз келе жатқандай сезінеді.  Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – предикатив сыңарларындағы іс-әрекет, 

жай-күйлер  таңдалып,  сараланып,  бірі  болмаса  бірі  орындалатыны  сұрыпталып  берілетін  құрмалас  сөйлемдер. 



Сабырлылық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады (Момышұлы).  

Башқұрт  тілінде  салалас  құрмалас  сөйлемдердің  жалғаулықсыз  түрін  Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  8 түрге топтастырса, 

жалғаулықты түрін 4 түрге топтастырады. Енді соларға нақты тоқталсақ:  

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері: 

 

1)  Оқиғалар  мен  құбылыстардың,  үдерістердің  бір  ізді  өтетінін  көрсететін  жалғаулықсыз  салаластар. 

Баяндауыштары негізінен ашық райлы етістіктен болады да, салалас сөйлем құрамындағы компоненттер орны тұрақты 

болып келеді.  Үтте кыш, килде матур яз, бозло карзар иренеләр, көз көнө икиткән матур коштар тағы ла килделәр 

(М.Ғафури). Қыс кетті, көңілді көктем келді, мұзды қар еріп, күзде кеткен көркем құстар қайта оралды.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет