Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет78/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

№ 23,24  дәріс тақырыбыҚұрмалас сөйлемнің жіктелуі  

Дәріс мақсаты: Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемнің жіктелуін меңгерту 

Тірек сөздері:  құрмалас сөйлем, бағыныңқы, басыңқы, мағыналық қатынастары 

Дәріс жоспары:  

1 Түркі тіл білімінде құрмалас сөйлемді жіктеу мәселелері 

2 Түркі тіл біліміндегі құрмалас сөйлем түрлері  

Дәріс тезистері:  

Қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлем синтаксисінде құрмалас сөйлемдерді жіктеуге қатысты пікірлер орныққан 

ҚС-нің  грамматикалық  түрлерін  танудың  негізгі  өлшемі  –  предикативтік  орталықтардың  бір-біріне  қатынасы, 



байланысы. Синтаксистік қатынас –  синтаксистік құрылымдардың  компоненттері арасындағы қатынас. Синтаксистік 

қатынастар  компоненттердің  категориялды-семантикалық,  грамматикалық  қасиеттеріне  негізделеді.  Ал  синтаксистік 

байланыс  дегеніміз  –  сөздерді  түрліше  грамматикалық  тәсілдер  арқылы  мағыналық,  формалық  жақтарынан  өзара 

байланысқа  түсіретін,  сөз  тіркесін,  сөйлем  жүйесін  құрастыратын  формалардың  көрінісі.  Сөздер  мен  сөйлем 

компоненттері  бір-біріне  бағыныңқылық  және  тең  дәрежеде  қатынас  жасау  арқылы  синтаксистік  байланысқа  түседі. 

Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптасқан: синтетикалық байланыс – сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады; 

аналитикалық  байланыс  –  орын  тәртібі,  интонация  арқылы  тең  дәрежеде  байланысуы,  ол  салаласа  байланысу  арқылы 

жүзеге асады. ҚС-дегі салаластық байланыс – предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының тиянақтылығымен 

сипатталады. ҚС-дегі сабақтастық байланыс бірінші предикативтік сыңардың екінші предикативтік сыңарға бағынышты 

қатынасынан  көрінеді,  әрі  предикативтік  сыңарлар  арасында  іліктестік  мағыналық  қатынас  орын  алып  тұрады:  Қонақ 



келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты (М.Әуезов). Синтаксистік байланыс сипатына 

қарай  ҚС  салалас  және  сабақтас  деп  топтастырылады.  ҚС  топтастырудағы  екінші  бір  өлшем  –  предикативтік 

орталықтарының саны. ҚС аталған критерийге сай  екі компонентті  немесе екі (қос) құрамды және көп компонентті  

немесе көп құрамды деп бөлінеді. Екі компонентті ҚС салалас және сабақтас деп, көп компонентті ҚС көп компонентті 

салалас, көп бағыныңқылы сабақтас және аралас құрмалас деп бөлінеді.  

 

Т.Н.Ермекова құрмаластарды функционалдық ұстаным негізінде  



1) теңдік қатынастағы құрмаластар,  


63 

 

  2)  айқындауыштық  қатынастағы  құрмаластар  (субъект-предикаттық  қатынастағы  құрмаластар, 



атрибутивтік қатынастағы құрмаластар, объектілік қатынастағы құрмаластар),  

3) адвербиалдық қатынастағы құрмаластар деп жіктейді.      

Кейбір  түркі  тілдерінде  салалас  пен  сабақтасты  ажыратуда  сыңарлар  арасындағы  интонацияның 

созылыңқылық сипаты түр ажыратуға негіз болады. Бұл туралы мәлімет Қ.Есенов зерттеуінде  былай берілген: ...кейбір 

түркі тілдерінің грамматикаларында бір түрдегі құрмалас сөйлемді екі түрлі интонациямен айтсақ, осыған орай оның екі 

жақты  танылатындығы  көрсетілген.  Мәселен,  қарашай-балқар  тілінің  грамматикасында  әдеттегі  Биз  келдик,  сиз 



кетдигиз  тәріздес  салалас  құрмаластың  алғашқы  компонентін  көтеріңкі  дауыспен  айырықша  бөліп  айтсақ,  оның  енді 

сабақтас болып кететіндігі түсіндіріледі. Бірақ ҚС компоненттерінде болатын интонациялық заңдылықты бұлай қарауға 

болмайды.  Сабақтас  ҚС  –дерді  топтастыруда  3  түрлі  принцип  орын  алған:  1)  функциональды;  2)  формальды  немесе 

тұлғалық; 3) құрылым-семантикалық. Қазақ тіл білімінде соңғы принцип кеңінен қолданылады. 

Башқұрт  тілінде  Ғ.Ғ.Сәйетбатталов  құрмалас  сөйлемдерді  паратаксис  (салалас)  және  гипотаксис  (сабақтас) 

деп  бөледі.  Салалас  сөйлемдердің  сабақтас  сөйлемдерден  ерекшелігі  ретінде  ғалым  –  салалас  құрмалас  сөйлем 

компоненттерінің  бір-біріне  тәуелділігінің  шартты  түрде  болатынын,  оларда  қатыстық  сөздердің  қолданылмайтынын, 

компоненттердің  сөйлемді  айту  мақсатына  сай,  коммуникативтік  мақсатқа  сай  еркін  орын  ауыстыра  алатынын, 

қажеттігіне  орай  олардың  құрамындағы  компоненттердің  оңай  ажырай  алатынын  көрсетеді.  Салалас  құрмалас 

сөйлемдерді өз ішінен жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас деп жіктейді.  

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрылымдық-семантикалық ұстаныммен 14 түрге ажыратады.  

Татар  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  компоненттерінің  байланысу  тәсіліне  қарай  жалғаулықты  құрмалас 

сөйлем  (бәйләгечле  кушма  жөмлә)  және  жалғаулықсыз  құрмалас  сөйлем    (бәйләгечсез  кушма  жөмлә)  деп  жіктеледі. 

Аталған  тілде  де  құрмалас  сөйлемдерді  салалас  құрмалас  сөйлем  (тезмә  кушма  жөмләләр)  және  сабақтас  құрмалас 

сөйлемдер (иярченле кушма жөмләләр) деп жіктейді.   

Өзбек тілі синтаксисінде құрмалас сөйлемдерді грамматикалық, семантикалық, интонациялық ерекшеліктеріне 

қарай 3 топқа топтастырады:  

1) жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер,  

2) салалас құрмалас сөйлем,  

3) сабақтас құрмалас сөйлемдер 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет