Бұл сөйлемдердің баяндауышы қызметін, негізінен, осы шақ ашық райлы етістіктер атқарады. Кис менән кайһыһы
Жалғаулықсыз байланысты қамтамасыз етуге қызмет етіп тұрған тәсілдің бірі – кис менән (кешке қарай)
бір мезгілде өтуі мен бір ізділігі қиылысады, мезгіл пысықтауыштар қолданылмайды, баяндауышы өткен шақта ашық
65
4)
Оқиғалар мен құбылыстардың, үдерістердің жалпы келер шақта болатынын көрсететін жалғаулықсыз
салаластар. Бұл сөйлемдердің баяндауыштары ашық райлы келер шақтық етістіктен жасалады. Бұл сөйлемдерде де
мезгіл пысықтауыштар қолданылмайды. Кояш балкыр, ер әйләнеп торор, яззар булыр, ағыр йылгалар (Б.Бикбай). Күн
балқыр, жер айналар, көктем келер, өзен ағар.
5) Оқиғалар мен құбылыстардың, үдерістердің нақты бір шаққа қатысты болғанын көрсетпейтін
жалғаулықсыз салаластар. Бұл кезде құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауышы қызметін тек етістіктер ғана
емес, өзге сөз таптары да атқарады. Күлде камыш матурлай, ирзе намыс матурлай. Көлді қамыс көріктендіреді, ерді
намыс көріктендіреді.
6) Қарама-қарсы мағыналы жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Әдетте мұндай сөйлемдер екі компоненттен
тұрады, олар екі құрамды да, бір құрамды да құрылымда келе алады, олардың компоненттерінің арасына сызықша
қойылады. Мине екинсе бригадага ебәрергә тырышып караны – булманы (А.Карнай). Ол мені екінші бригадага жіберуге
тырысты – болмады.
7) Екінші компонентінде бірінші компонентіндегі хабар мәні түсіндірілетін жалғаулықсыз салалас
сөйлемдер. Мұндай салалас сөйлемдер кем дегенде үш сөйлемнен тұрады. Бірінші компоненттен кейін әдетте қос нүкте
қойылады. Башкорт халкының яраткан ике әйбере бар: уның береһе – кымыз, икенсеһе – сәй (М.Тажи). Башқұрт
халқының екі сүйікті нәрсесі бар: оның бірі – қымыз, екіншісі – шай.
8) Алдыңғы бөлігіндегі ойды кейінгі бөліктері жалпылап тұратын жалғаулықсыз салалас сөйлемдер.
Мағынасы жағынан алып қарағанда бұл сөйлемдер себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге ұқсайды. Бірақ бұл
сөйлемдерде себеп-салдарлық мәнді білдіретін «шуның аркаһында» (соның салдарынан), «шуға күрә» (сондықтан)
шылаулары мен «шундай» (сондай), «шул тиклем» (соншалық) сөздері қолданылмайды. Алтын да бар Уралда, көмөш
Достарыңызбен бөлісу: