Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет81/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

№ 25,26  дәріс тақырыбыСалалас құрмалас сөйлемдер  

Дәріс мақсаты: Түркі тілдерінде салалас құрмалас сөйлемнің белгілерін, зерттелуін, жіктелуін меңгерту 

Тірек сөздері:  құрмалас сөйлем, компонент, мағыналық қатынастары 

Дәріс жоспары:  

1 Түркі тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемнің анықталуы  

2 Башқұрт және татар тілі синтаксисінде салалас құрмалас сөйлемнің анықталуы, жіктелуі 

Дәріс тезистері:  

Салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің грамматикалық жағынан өзара тең болып байланысуы  түркі 

тілдерінде негізінен көрініс тапқан. Қазақ тіл білімінде салалас құрмалас сөйлемдерді былайша анықтайды:  предикатив 



сыңарларының  баяндауыштары  тиянақты  тұлғада  келіп,  белгілі  бір  лексика-грамматикалық  тәсілдер  арқылы 

мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас дейміз.  

Өзіндік белгілері: 

 1) предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалады,  

2) предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз бастауышымен жақ жағынан қиыса байланысады,  

3)  СҚС  предикативтік  сыңарларының  мағыналық  дербестігі  басым,  олар  өзара  теңдес  дәрежеде  және 

сыңарларының мағыналары өзара тұтастай қарым-қатысты болып келеді,  

4) предикатив сыңарларының аралығындағы дауыс кідірісінің тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады,  

5)  предикатив  сыңарларын  байланыстыратын  амал-тәсілдері  болады,  атап  айтқанда:  жалғаулық  шылаулар, 

интонация  тұтастығы,  предикатив  сыңарларының  орналасу  тәртібі,  кейбір  тұлғалық,  құрылымдық  ерекшеліктері, 

предикативтік сыңарларының синтаксистік қатар түзеп, бірдей құрылымда жұмсалуы, баяндауыштарының қайталанып 




64 

 

келуі  не  бірдей  шақ,  жақ  тұлғаларында  тұруы,  алдыңғы  сыңарының  толымсыз  болып  келіп,  соңғы  сыңары  арқылы 



толығып отыруы.  

СҚС  түрлерін  топтастыру  принциптеріне      компоненттерінің  байланысу  түрі  мен  мағыналық  қатынастары 



немесе  грамматикалық  мағынасы,  жалғаулықты  түрі  үшін  байланыстыратын  жалғаулықтарының  мағыналық 

топтары жатады. Компоненттерінің байланысу түріне қарай жалғаулықты және жалғаулықсыз (іргелес),  мағыналық 

қатынастарына  және  байланыстыратын  жалғаулықтарының  мағыналық  топтарына  қарай    ыңғайлас  (мезгілдес), 



себептес,  қарсылықты,  талғаулы,  кезектес  деп  бөлінеді.  Қазақ  грамматикасы  оқулығында  берілген  бұл  топтау 

қатарына  Т.Қордабаев  және  Қ.Есенов  зерттеулерінде  тағы  да  салаластың    3  түрі  аталып  жүргенін  айту  орынды: 



түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты.   

Салалас  сөйлем  компоненттерін  бір-бірімен  құрмаластыратын  грамматикалық  тәсілдердің  бірі  –  жай 

сөйлемдерді  жалғаулықтар  арқылы  құрмаластыру.  Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  салаластыра  құрмаластыратын 

жалғаулықтар қатарына төмендегілер жатқызылады:  

1) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең жалғаулықтары;  

2) мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін және, да, де та, те, әрі жалғаулықтары; 



 3)  қарсылықты  қатынасты  білдіретін  бірақ,  сонда  да,  сөйтсе  де,  алайда,  өйтсе  де,  ал,  дегенмен 

жалғаулықтары;  

4) кезектестік, талғаулықты, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, я, 

яки жалғаулықтары;  

5)  бейтараптық  қатынасты  білдіретін  мейлі,  құй  жалғаулықтары  жатады.  Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 

құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес, 

талғаулы,  кезектес,  бейтарап  мәнді  жалғаулықтар  деп  бөлінетіні  сияқты,  бұлардың  дәнекерлігі  арқылы  жасалатын 

салалас  құрмалас  сөйлемдер  де  жалғаулықтар  аттарына  сәйкес  аталады.  Жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  құрмаластыру 

қызметін  жоғарыда  аталған  жалғаулықтармен  қатар,  жалғаулық  мәнінде  қолданылатын  солай  бола  тұрса  да,  солай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет