Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


д) Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орналасу    тəртібі



Pdf көрінісі
бет107/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133
Байланысты:
asanova zh

д) Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орналасу    тəртібі.  
Сөйлем мүшесі қызметін атқаратын əрбір сөздің сөйлемде қалай болса солай тұра 
салмай,  белгілі  тəрепінен  орналасатыны  сияқты,  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің 
орналасуында  да  белгілі,  қалыптасқан  тұрақты  заңдылық  болады.  Егер 
компоненттердің  тілімізде  қалыптаскан  орын  тəртібі  бұзылса,  жай  сөйлемдердің  бір-
бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылып қана қоймайды, солармен 
бірге,  сөйлемнің  ұғымы  ауырлап,  тіпті,  кейде,  сөйлем  болудан  да  қалады.  Сондықтан 
сөйлем  мүшелерінің  орын  тəртібі  сөздердің  синтаксистік  қатынастарының  басты  бір 


 
 
көрсеткіші  болатыны  сияқты,  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орын  тəртібі  де  жай 
сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі тəсілі болып есептеледі.  
Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында мынадай заңдықтар болады: а) 
Салалас құрмаластың болсын, сабақтас құрмаластың болсын тиянақсыз компоненттері 
əрдайым бұрын айтылады да, тиянақты компоненттері кейін айтылып, сөйлемді аяқтап 
тұрады.  
ə) 
Поэзияда 
құрмаластың 
тиянақты 
компоненттері 
мен 
тиянақсыз 
компоненттерінің орын тəртібі өзгеріп, өлең үйлесіміне қарай түрленіп айтыла береді.  
Қара  сөзбен  айтылған  құрмалас  сөйлемдерде  тиянақсыз  компоненттің  бұрын 
тұруы  қазақ  тілінің  стилистикалық  ерекшелігінің  бір  көрінісі  болып  табылатыны 
сияқты,  поэизияда  ол  компоненттердің  орналасу  жағынан  бірде  олай,  бірде  бұлай 
болып келуі де тіліміздегі қалыптасқан заңдылық болып табылады.  
б)  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  тиянақсыз  компоненті  кейде  тияқты 
компоненттің  ішінде  келетіні  де  болады.  Бірақ  бұл-  тілімізде  кең  жайылған  құбылыс 
емес,  өте  сирек  кездеседі  жəне  мұндай  құбылыста  айтылудан  сөйлемнің  тек 
интонациялық  жағына  азды-көпті  өзгеріс  енгені  болмаса,  оның  компоненттерінің 
байланысына,  мағынасына  ешқандай  өзгеріс  енбейді.  Сондықтан  бағыныңқы 
компонентті  бірінші  орында  айтылған  сабақтастардың  көпшілігін  ол  компонентті 
тиянақты жай сөйлемнің ішінде келтіріп, өзгертіп айтуға немесе керсінше қойыпайтуға 
бола береді.  
Құрмалас  ойлем  компоненттерінің  орнаналасуында,  орын  тепкен  тұрақты 
тəртіптің  болуы  түрлі  жағдайларға  байланысты.  Ондай  жағдайлар  қатарына  құрмалас 
сөйлем  компоненттерінің  баяндауыш  формасы  мен  интонациясы  жағынан  жəне 
мағыналық  қарым-қатынастары  жағынан  өз  ара  тең  болмауларын  жатқызуға  болады. 
Сонымен  бірге,  компоненттердің  орын  тəртібіне  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 
құрмаластыратын кейбір шылаулардың да тигізетін əсері күшті. Олай дейтін себебіміз 
мынау:  сөйлем  мейлі  жай  сөйлем  болсын,  мейлі  құрмалас  сөйлем  болсын,  бəрібір, 
аяқталган  ойды  білдіру  үшін  формалық  жағынан  да,  интонациялық  жағынан  да 
тиянақты  болуы  шарт.  Ондай  тиянақтылығы  болмаса,  олардың  сөйлемдік  сəні 
болмайды.    
Құрмалас  сөйлем  құрамына  енетін  жай  сөйлемдердің  бір-  бірімен  құрмаласу 
жолдары,  арақатынастары  біркелкі  болмайды.  Олардың  кейбіреулері  белгілі  шамада 
болса  да,  өз  дербестіктерін  сақтай  біріне-бірі  онша  тəуелді  болмай,  теңдік  қатынаста 
тұрып  құрмаласса,  екінші  сойлемдік  дербестіктерін  жойып,  біріне-бірі  тəуелді, 
бағынышты  қатынаста  құрмаластырады.  Мысалы:  Ушаков  ығыспайтынын  ашық 
көрсетпек  еді,  онысы  бүркеліп  қалыпты.  Қаупі  барын  бүркей  жазбақ  еді,  онысы 
ашылып қалыпты. 2. Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, Ушаков 
ашық алысуға кете алмайтынын сезді. Ушаков ішінен өзіне-өзі ызалана, күйіне отырып, 
Рязановты келісімге шақыратын жауап жазды.   
Мысалдың біріншісінде əрқайсысы екі-екі жай сөйлемнен құралған екі құрмалас 
сөйлем  бар.  Ондағы  жай  сөйлемдердің  қай-қайсылары  болса  да,  өз  дербестіктерін 
жоймаған, əрқайсысының өзіне тəн тиянақты баяндауыштары бар, бірі-біріне бағынбай, 
өз ара теңдік дəрежесінде құрмаласқан.  
Мысалдың екінші тобындағы құрмаластардың компоненттерінде алдыңғысындай 
теңдік қатынас жоқ.   
Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласуындағы осы айтылғадай ерекшеліктеріне 
сəйкес, əдетте құрмалас сөйлем күрделі үш топқа бөлініп қарастырылады:  
а) салалас құрмалас сөйлем, 
ə) сабақтас құрмалас сөйлем,  
б) аралас құрмалас сөйлем.  


 
 
Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрі арасында мағыналық жағынан 
елеулі  өзгешелік  жоқ.  Белгілі  бір  мағыналық  қатынастырады  жай  сөйлемдерді 
салыстыра  құрмаластыру  арқылы  да,  сабақтастыра  құрмаластыру  арқылы  да  беруге 
болады.   
Компоненттердің  баяндауыш  формаларындағы  өзгешеліктерді  салалас  сөйлем 
мен  сабақтас  сөйлемді  бір-  бірінен  ажыратып  танытатын  негізгі  белгі  деп  қарауға 
болады.  Өйткені  құрмалас  сөйлемнің  бұл  екі  түрі  арасында  кездеседін  əр  алуан 
өзгешеліктер, айналып келгенде, олардың компоенеттерінің баяндауыш формасындағы 
өзгешелікке  негізделеді,  содан  туады.  Сондықтан  салалас  құрмалас  сөйлем  мен 
сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бір-бірінен  негізгі  айырмашылығы-алдыңғының  барлық 
компоненттерінің де баяндауыштары тиянақты формада айтылып, кейінгінің тек соңғы 
компонентінің  баяндауышы  ғана  тиянақты  формада  айтылатындығында.  Бұған  көз 
жеткізу  үшін  мына мысалдарды талдап  көрейік:  Төрелерге  арналған  бөлмесі де  бөлек 
болушы еді, Игілік қонағын сонда алып келді. Құнанбай топтан бөлініп шыға бергенде, 
Майбасар,  Тəкежан  артынан  ерді.  Мысалдың  бірінші  сөйлемі  –салалас  құрмалас 
сөйлемнің  бірінші  компонентінің  бөлек  болушы  еді  деген  баяндауышы  тиянақты 
формада айтылған.  
Құрмалас  сөйлемнің  салалас  түрі  мен  сабақтас  түрі  арасында  мынадай 
өзгешеліктер болады дейміз:  
1.Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақты формада 
айтылады  да,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  алдыңғылары  тиянақсыз 
формада айтылып, тек соңғысы ғана тиянақты формада болады.  
2.Компоненттерінің баяндауыштары тиянақты формада айтылғандықтан, салалас 
құрмалас  құрамындағы  жай  сөйлемдер  бір-бірімен  теңдік  қатынаста  тұрып,  салаласа 
құрмаласады. Ал сабақтас құрмалас сөйлемде бұл қасиет болмайды. Оның баяндауышы 
тиянақсыз  формада  айтылған  компоненті  баяндауышы  тиянақты  формада  айтылган 
компоненке тəуелді, бағынышты болады да, соның жетегінде тұрады. Сөйтіп, сабақтас 
құрамындағы  жай  сөйлемдер,  негізінде,  біріне-бірі  бағынып,  бірін  екіншісі  
бағындырып, теңсіздік қатынаста құрмаласады.  
3.Компоненттерінің  баяндауыштары  тиянақты  формада  айтылатындықтан, 
салалас  құрмаластың  жай  сөйлемдерінен  кейін  болатын  интонациялық  кідіріс  едəуір 
тиянақты  болады  да,  сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттері  арасындағы  интонация 
тиянақсыз, көпшілік жағдайда, тіпті елеусіз болып келеді.  
4.Салалас құрмалас сөйлем компопненттерінің баяндауыштары өз бастауышымен 
жақтаса  қисып  тұрады  да,  сабақтас  сөйлем  компоненттерінің  баяндауыштары  өз 
бастауыштармен жақтаспайды.  
5.Салалас  құрмалас  сөйлем  компоненттерін  бір-бірімен  құрмаласу  үшін 
жалғаулық  шылаулар  да  қолданылады,  ал  сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттерін 
құрмаластыру  үшін,  негізінде,  жалғаулықтар  қолданылмайды,  септеулік  шылаулар 
қолданылады.  
6.Салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  компоненті  екінші  компонентке  тəуелсіз, 
оның  ішіндегі  мүшелерге  байланыссыз  болдып  келсе,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 
бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі жетектеліп тұрған компоненттің белгілі бір 
мүшесіне  тəуелді  болып,  соны  түрлі  жағынан  айқындап,  тұрлаусыз  мүше  тəрізденіп 
кетеді.      
Сөйтіп,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағынышты  компоненттері  кейде  өзі 
бағынып  тұрған  сөйлемнің  немесе  оның  жеке  бір  сөзінің  тұрлаусыз  мүшесі 
функциясында қолданылатын болса, салалас құрмалас сөйлем компоненттері арасында 
ондай қатынас болмайды. Құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің бір-бірімен 
саласа  байланысы-жай  сөйлемдерді  құрмаластырудағы  негізгі  тəсілдің  бірі.  Салаласа 


 
 
құрмаласу  деп  құрмалас  құрамына  енген  жай  сөйлемдердің  бір-біріне  бағынышты, 
тəуелді болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып құрмаласуын айтамыз. Құрмаластың бұл 
түрінің  құрамындагы  жай  сөйлемдердің  өз  ара  теңдік  қатынаста  болатындығының 
бірден-бір  себебі  олардың  баяндауыштарының  грамматикалық  форма  жағынан  бір-
біріне  тəуелсіз,  өз  ара  болып  келетіндігіде.  Мысалы:  Менің  тəугі  оқыған  жылым  ғой 
молданың  қандайының  жақсы,  қандайының  жаман  екенін  қайдан  білейін.  Молдекесі, 
сылтауы шамалы, сондықтан оның таяқ жейтініне менің де, өзінің де көзі жетті.  
Қазақ жері көп еді.  
Жер пайдасын білетін  
Білімді ері жоқ еді.    
Қозып  алысқа  шырқап  кеткен  қиялы  əлсіресе  керек,  осы  ерке  күлкі  соншалық 
таныс, назды сыр айтқандай құлағына жағып кетті. Ержан енді болмаса шығып кететін 
еді, құдай оңдап поезд жүріп кетті. Ержан өзіне ұнағанның бəрі Раушанға ұнайды, өзін 
қуантқан оны да қуантады деп ойласа керек, мына сөз оған тура өз басын кеміткендей 
тиді.  Бұл  мысалдағы  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  баяндауыш  формалары,  ол 
компоненттердің  орналасу  тəртібіне  қарамастан,  тиянақтылық  жағынан  өз  ара  тең, 
біріне-бірі  тəуелсіз.  Мұндағы  компоненттер  баяндауыштардың  грамматикалық 
формалары  жағынан  алғанда,  өз  алдына  жеке  қолданылатын  қалыпты  дербес  жай 
сөйлемдердің  баяндауыштарынан  ешқандай  өзгешеліктері  жоқ.  Бұл  жағдай  салалас 
құрмалас  сөйлем  құрамына  енетін  жай  сөйлемдердің,  сабақтас  құрмалас  сөйлем 
компоненттері сияқты, өздерінің баяндауыш формалары арқылы құрмаласпайтын, жай 
сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстырып  құрмаласатын  олардың  баяндауыш 
формалары  емес  екендігін  байқатады.  Салалас  құрмалас  сөйлем  компоненттері 
тиянақты  болады  деген  де  біз  олардың  мағыналық  немесе  интоннациялық 
тиянақтылыгын  айтпаймыз,  компоненттердің  баяндауыш  формасы  жағынан  тиянақты 
болатындығын  айтамыз.  Егер  жай  сөйлемдер  мағыналық  жағынан  я  болмаса 
интонациялық  жағынан  толық  тиянақты  болатын  болса,  олар  құрмалас  сөйлем 
компоненті бола алмас та еді.  
Салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер баяндауыш формалары 
жағынан  қаншама  тиянақты  болғандарымен,  олар  өз  алдына  жеке  бір  бүтін  емес, 
бүтіннің  бір    бөлшегі  ғана  болып  есептеледі.  Сондықтан  баяндауыш  формасының 
тиянақтылығына  қарамастан,  салалас  сөйлем  компоненті  мағыналық  жағынан  да, 
интонациялық  жағынан  да  тиянақсыз  болады,  ойдың  аяқталмағандығы  байқалып  ой 
жалғасы  барлығы  айқын  білініп  тұрады.  Ал  құрмалас  құрамына  енбейтін  жай 
сөйлемдер  өз  алдына  бір  бүтін  болғандықтан,  мағыналық  жағынан  да,  интонациялық 
жағынан  да  тиянақты  болып  тұрады.  Мына  мысалдағы  жай  сөйлемдер  мен  салалас 
құрмалас сөйлем компоненті болып тұрған жай сөйлемдерді салыстырып көріңіз.  
1. 1932 жылдың  көктемі.  Күн  ұясынан  жаңа  ғана  шыққан.  Аспан  шайдай  ашық. 
Сонау қырда бұлдырап бара жатқан шоғырмақ-Олжабектің көші.  
2. Күркетауықтың құйрығындай одырайып тұрған тымағының  құйрығы желп етіп 
түсіп кетіп еді, оны қайтадан қайыру да есіне келген жоқ. Аяқ басысы тым-ақ сылбыр 
тəрізді еді, мұнша деміккені Олжабекке тіпті ерсі көрінді. Олжабек Жамалды жұбата-
жұбата ұялды белім, бұл сұрауына жауап қайтарған жоқ. Мысалдың бірінші тобындағы 
жай сөйлемдердің əрқайсылары мағыналары жағынан да, интонациялық жағынан да өз 
алдына жеке-жеке бір бүтін болып тұрса, мысалдың екінші тобындағы құрмалас сөйлем 
компоненттері  болып  тұрған  Күркетауықтың  құйрығындай  одырайып  тұрған 
тымағының құйрығы желп етіп түсіп кетіп еді; Аяқ басысы тым-ақ сылбыр тəрізді еді; 
Олжабек Жамбылды жұбата-жұбата ұялды білем деген жай сөйлемдер баяндауыштары 
етістіктің    ашық  райында  айтылғанына  қарамастан,  мағыналық  жақтарынан  да, 
интонациялық жақтарынан да тиянақсыз болып, айтылмақшы ойдың аяқталмағандығы, 


 
 
ой  жалғасы  барлығы  айқын  байқалып  тұр.  Талданып  отырған  құрмаластар 
құрамындағы  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен  байланыстырып,  салалас  сөйлем  жасап 
тұрған  да  осы  мағына  тиянақсыздығы  мен  интонация  тиянақсыздығы.  Жай 
сөйлемдердің  осы  айтылған  мағыналық    жəне  интонациялық  ерекшеліктері  оларды 
салалас құрмалас сөйлем компоненті болатын жай сөйлемдерден ажыратып танытатын 
бірден-бір белгі болып табылады.  
Салалас  құрмалас  сөйлем  құрамына  енетін  жай  сөйлемдер  жоғарыда  талданган 
мысалдардағыдай  əрдайым  іргелесе  құрмаласып  отырмайды,  жай  сөйлемдерді  бір-
бірімен салыстыра құрмаластырудың одан басқа да бірнеше тəсілдері болады. Оларды 
жинақтап, топтап келгенде, екі түрге бөлуге болады:    
1) жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;   
2) жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы.  
Құрмаласу  тəсілінің  осы  аталган  негізгі  екі  түріне  сəйкес  салалас  құрмалас 
сөйлемдер де жалғаулықты салалас сөйлем, жалғаулықсыз салалас сөйлем деп екі түрде 
топталып аталады.  
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге 
компоненттері  бір-бірімен  жалғаулық  шылаулар  арқылы  құрмаласатын  салалас 
сөйлемдер жатады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет