бағыныңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылатын етістіктің басқа
түрлерімен салыстырайық.
Жай сөйлемді бір-бірімен құрмаластыру қызметін есімшелердің де атқаратыны
белгілі. Бірақ екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қатысқа келтіретін есімше
формасының өзі емес, есімшеге жалганатын əр түрлі септік жалғаулары мен оған
тіркесе айтылатын шылаулар. Бұларсыз есімше құрмалас сөйлем жасай алмайды. Ал
шартты рай олай емес, ол баска бір қосымша формалардың, дəнекерлердің жəрдемінсіз-
ақ екі жай сөйлемді құрмаластыра алады. Сөйтіп, ол екі түрлі функцияны бірден
аткарады: əр сөйлемнің баяндауышы болады, əр екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-
катыска келтіретін синтаксистік дəнекер болады.
Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты райдың кейде шылау
сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ шылаулар екі жай сөйлемді байланыстыру
үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: