7)Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Бағыныңқы компоненті басыңқы
компонентегі і-əрекеттің, оқиғаның болу я болмауындағы мақсатты білдіретін сабақтас
құрмалас сөйлем мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем.
Мақсат бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемнің
жетегіне айтылып, оған меңгеріле, бағына байланысады да, басыңкы компоненттің
немесе оның баяндауышының жетегіндегітұрлаусыз мүше тəріздес болып тұрады.
Мақсат бағыныңқының басыңқы компонентпен мағыналық қатынасы жағынан
сөйлемнің тұрлаусыз мүшесіне, əсіресе мақсат пысықтаушына, ұқсастығына қарай
кейбір əдебиеттерде сабақтастың бұл түрі мақсат пысықтауыш бағыныңкылы сабақтас
сөйлем деп те аталады.
Біреу-міреу секем алып жүрмесін деп, біз екі-үштен бөлініп кеттік. Күзетші