дауыстары дыбырлап деген екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің
өзі сөздері үздіксіз шығады да деген үшінші жай сөйлемге сабақтаса байланысады, ал
бұл үшінші жай сөйлем
Лиза үйге қайтса деген төртінші жай сөйлемге салаласа
байланысса, төртіншінің өзі сөз ортасынан үзіліп деген бесінші сөйлемге сабақтаса
байланысқан, сол сияқты бесінші жай сөйлем алтыншы жай сөйлеммен (
аяқталмай
тоқталғаны аңдалады) де сабақтаса байланысқан. Сөйтіп мұнда төрт жай сөйлем
сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан.
Талданған мысалдарға қарағанда, төрт немесе одан да көп жай сөйлемдерден
құралған құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компоненттердің бір-бірімен
байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер
көп болып келе береді.
Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас
құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемді құрмаластыру тəсілдері аркылы
байланысады.
Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты, аралас құрмаластағы салаласа
байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз
да байланыса береді. Мысалы:
1. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге
айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. 2. Кеше іңірде Жабай
жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулына құйғытып шыға келген
жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын
жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол
біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті.
Мысалдың бірінші сөйлемінде екінші компонент соңғы үшінші компонентпен
бірақ қарсылық жалғаулығы аркылы құрмаласса, үшінші сөйлемнің бірінші
компонентті өзінен кейінгі жай сөйлеммен де жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал
мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулықсыз,
іргелесе байланысқан.
Дəл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің
сабақтаса байланысу тəсілінде де жалпы сабақтас құрмаластағы жай сөйлемнің
құрмаласу тəсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын
жай сөйлемдер де өзі жетегінде тұратын компоненттерге етітіктің есімше, көсемше,
шартты рай тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтірілген
мысалдардағы сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер дəл осы айтылған формалар
арқылы құрмаласқан.
Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нəрсе-аралас құрмалас сойлем дегеніміз
жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір
тəсілі емес, сол негізгі екі тəсілдің-салаласу мен сабақтасу тəсілінің-бір құрмаластың
ішіне топтасқан түрі болып табылады.
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің
болуы да мүмкін. Мысалы: «
Пушкин дегеніміз төтенше көрініс жəне ол орыс рухының
бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін»,-деп, Гоголь Пушкиннің орыс əдебиеті
тарихындағы ролін өте жоғары жəне соншалық əділ бағалады деген сөйлем де аралас
құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы
Пушкин дегеніміз төтенше
көрініс деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен жəне жалғаулығы
арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің
ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да
мүмкін деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған
жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б.
Достарыңызбен бөлісу: