Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданылғанда де етістігі
деді, дегенде, дейін, дейді, депті, деп,мдесе жəне есімшенің əр алуан септік жалғаулы
түрлерінде айтылады.
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден бұрын келуі де,
төл сөзден кейін келуі де, төл сөздің екі жағында бірдей келуі де, төл сөздің ішінде
келуі де мүмкін. Соған қарай оның синтаксистік құрылысы да əр түрлі болады.
Автор сөзінің төл сөздің алдында гана келуі, оның басқа орнында қолданылатын
түрлеріне қарағанда, сирегірек қолданылады. Автор сөзінің бұл түрі формалық
жағынан тиянақты болып, төл сөзбен онша тығыз байланыста айтылмайды. Ондай
кейін төл келтірілетіндігі оның тек мағынасынан ғана байқалып тұрады.
Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде де етістігінің дəнекерлік қызметінен гөрі,
сөйлемге тиянақтылық мəн беру, аяқтап тұру қызметі басым болады. Ол төл сөзді өз
жетегіне алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Төл сөзден кейін келген автор сөзі кейде өз алдына жеке бір немесе бірнеше жай
сөйлемдерден құралған күрделі болып та келеді. Мұндай жағдайда де етістігі есімше,
көсемше я де шылаулы формада айтылып, төл сөзді автор сөзімен байланыстыру
қызметін атқарады.
Автор сөзінің төл сөзден кейін келуі көркем шығармаларда болатын диалогты
сөйлемдерде өте жиі қолданылады да, цитат түрінде келетін төл сөздере өте сирек
болады. Ол-төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын жəне ертеден бері келе
жатқан көне түрі-төл сөздің екі жағында келетін түрінің аткаратынын қызметінде
немесе мағынасында алдыңғы екі түрінен ерекше өзгешелігі жоқ. Бұл, негізінде,
алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы деуге олады.
Автор сөзінің төл сөздің ішінде келетіні де болады. Төл сөз бен автор сөзінің
мұндай қатынасы əдеби тілімізде кейінгі дəуірлерде қалыптасты. Оның қалыптасуына
орыс тілінен жасалған аудармалардың ерекше əсері болды. Төл сөз бен автор сөзінің
бұл құрылыстағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанымен, төл сөздің
диалог түрінде болсын, цитат түрінде болсын, сирегірек болса да, кездесіп қалып
отырады.
Автор сөзі төл сөздің ішінде келгенде, төл сөзді бір сөйлемнің ішінде келуі де, екі
сөйлемнің арасында келуі де мүмкін. Мысалы: -Үйренбеген кісіге солай да,-деді қазақ
əйелге қарап жымиып қойып,-тұрғын елдің адамына мұндай елдің адамына мұндай
ыстық түк те емес. Олар жұмыстарын істеп жүре берді.
-Рас,-деді Байжан,-күріш расында суда өседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.
Достарыңызбен бөлісу: