Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен
матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4
сатылы шумақты топ жасалған. Ол топтың бірінші жəне соңғы сөзінен басқалары да
анықталушы, əрі анықтауыш болып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан бір
синтаксистік шумақ болып тұрады.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерімен өзара матастырып тұратын
грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары. Сонда ондай сөз тіркестерінің
бірінші сыңары ілік жалғауында айтылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда
болады. Тек біз, сіз деген екі есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін сөз
жалғаусыз да айтылады; біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала, сіздің ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: