Сын есімді тіркестер. Сын есімді – заттың əр түрлі сындық сапасын білдіретін
сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдерден
тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің
лексикалық мағыналарына жəне синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз
тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді
сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы əр алуан
болатындықтан, олар əр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы,
анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк
шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай), заттың
табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), тамақтың дəмін (тəтті тамақ, ащыс сорпа,
қышқыл жеміс), заттың салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) т.б. білдіреді.
Осындай əр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен
тіркесе бермейді жəне барлық сын есімдердің зат есімдерден тіркесу қабілеті бірдей
емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынып білдіреді. Сондықтан оны
тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат,
тілемсек қоян тəрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау
бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал деп
айту ерсі болады. Оның себебі əрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы
белгілі затқа тəн сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын
заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады,
көркем əдебиетте ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем
басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп əсірелеуге болады.