Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ
тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болмағанмен, оларды
мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын
не тіркесе алмайтынына қарап айыруға болады. Мысалы, кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр,
сұра, сой, қама сияқты кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты
болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тон сияқты
заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары
жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді;
С а л т с а б а қ т ы
Қуан қуант
Шарша шаршат
Күл Күлдір