Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Зат  есімді  сөз  тіркестері



Pdf көрінісі
бет22/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133
Байланысты:
asanova zh

Зат  есімді  сөз  тіркестері.  Қабыса  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестерінің  үлкен 
бір  тобы  зат  есімді  тіркес  болады.  Зат  есімдер  сабақты  етістіктермен  қабыса  тіркесу 
арқылы  əрі  мағыналық,  əрі  грамматикалық  тығыз  байланыстағы  сөздер  тобын 
құрайды.Сөз  тіркестерініңбұл  түрі  тура  обьектілік  қатынаста  жұмсалады.Жалғаусыз 


 
 
табыс  септіктегі  зат  есімге  сабақты  етістіктің  қимылы  ауысып  түсіп,  онымен  біте 
қайнасқан байланыста түрады. Мысалы: жер жыртыу, киім тігу, бала оқыту. Кейбір зат 
есімдер  етістіктермен  бір  тіркесте  жиі  қолданылуының  нəтижесінде  жəне  керсінше, 
өздерінің  бұрынғы  дербестілігінен  айрылып,  түйдекті  тіркес  қалпында  баяндауыштың 
не басқа бір мүшеннің құрамына еніп кетеді. Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті 
сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады.  
Нақтылы  зат  есімдердің  қимылды,  қозғалысты  білдіретін  етістіктермен  тіркесі. 
Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау. 
Абстракт  зат  есімдерінің  күйді,  сезімді,  білдіретін  етістіктермен  тіркесі.  Сөз 
тіркесінің  бұл  түрі  сирек  құралады.  Себебі  ақыл,  мінез,  қылық,  тамаша,  жақсылық 
тəрізді абстракт зат есімдердің обьектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, бұндай 
сөздері  бар  тіркестер  сөйлем  құрамында  көбінесе  лексикалық  тіркес  ретінде 
ұғынылады. Бұлар- жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы:  Дем 
алысы – үскірік, аяз бен қар. Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды (Абай) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет