екіден, үштен жастықтар жатыр (М.Əуезов).
Пысықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс
жалғау арқылы тіккелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады, мысалы:
таудан асты, бір жылдан асты, аудан əрі асты, бір жылдан соң асты. Пысықтауыштық
қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады.
1.Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің,
əйтеуір,бір басталу орнын көрсетуге негізденеді.Көбінесе олар қимыл процесінің
орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өтіу.
Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқтары қимылдың басталу, болу орнын
білдіреді, мысалы: каладан аттану, базардан қайту, осы арадан тарау. 2.Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді жəне кісінің жас мөлшерін
білдіретін есімдер болады дабасыңқы сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады,
мысалы: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенмін.
3.Себеп-салдар. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғауы сыңары
есімше не қимылдық есім болады, мысалы: ұяалғаннан қызарды, түсінбегендіктен
қателесті,
үйықтап
қалғандықтан
кешікті.Жақып