Сын есім (есімшелер де) көптік, тəуелдік жалғауларсыз-ақ субстантивтеніп
бастауыш болу үшін, олар бастауыштық əуенмен, дауыс ырғағы арқылы басқа
сөздерден оқшауланып тұрулары керек. Есімше де бастауыш болғанда, сын есімдей,
қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Есімсшеден болатын
бастауыштардың ерекшеліктері мынадай:
а) Баяндауышы етістік, зат есім, есімдіктерден болған сөйлемде есімше бастауыш
қимыл иесі-кісі (сұрағы-кім? Не қылған? ) орнына жұмсалады.
ə) Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың
мағынасында жұмсалады. (сұрағы не? Не қылған? Не еткен?)
б) Көптік жалғаудағы есімшілер бастауыш болғанда, олар əр уақытта қимыл иесі - кісі-
мағынасында жұмсалады:
Егін оратындар əрі кетті де, астық таситындар қырман
басында қалды.
в) Тəуелдік жалғауларда турып бастауыш болған есімшілер əр уақытта зат есім
мағынасында жұмсалады (сұрағы-нем? нең? несі? не қылған? не еткен?)
Субстанивтеніп бастауыш болатын сөз табының бірі сан есім. Есептік сандар
бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас мағынасында жұмсалады:
25 үшке
бөлінбейді. Оннан төрті алсаң, алты қалады.
Жинақтау, реттік сандар ол қызметте көбінесе кісі туралы айтылған есім болады
:
Төр бөлмеден шыққан үшеу де ұзын столға ұзақ отырып қалды.
Жинақтау, есептік сан есімдер III жақтық тəуелдік жалғауда көбінесе бөлшектеу,
кейде жинақтау мағынада бастауыш болады.
Жалпы алғанда, субстантивтенген бастауыштар мақалды-мəтелді сөйлемдерде
көбірек кездесді де, сөйлем арқылы айтылатын ойды ықшамды етуде үлкен қызмет
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: