Сандық қиысу. Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін
жұмсалатын жіктік жалғаулар:
I -мыз, -міз (оның басқа варианттары), -ды+қ, ді+к, -ты+қ: біздер оздық, біздер
қарап отырмайық, біздер мəселені жете түсінейік. III жақта баяндауышты
бастауышпен көпті мағынада қиыстыратын арнаулы жікті жалғау жоқ.
Грамматикаларда II жақтық көптік жалғаулар деп танылатын қосымшалар –а\ -ңыз, -
е/ңіз, -сыз/сіз қазақ тілінде көптік мағынада жұмсалмайды, жекенің сыпайылық
мағынасында жұмсалады. Сондықтан екінші жқтық баяндауыштарды көптік жалғаунда
айтылатын бастауышпен қиыстыру үшін сыпайылық жəне анайылық жақтық
тұлғалардан кейін –дар, -дер жалғанады: Сендер орындаңдар, Сендер ұмтылыңдар,
Сендер бақыттысыңдар