Күрделі жəне үйірлі анықтауыштар. Анықтауыштар, басқа сөйлем мүшелері
тəрізді, əлденеше сөзден де құралады. Олар өз ара берік байланыста тұрған сөз
тіркестері болады: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ши барқыт қамзолды келіншек,
өңі сұп-сұр адам, жасы үлкен кісі.
1-топтағы күрделі анықтауыштар (ұзын бойлы ақ сақалды, ши барқыт қамзолды)
күрделі сын есімдерден жəне зат есімдер мен туынды сын есімнен құралған. Ол
анықтауыштардың құрамындағы сөздердің алдыңғылары соңғыларын анықтап барып,
сол сөз тіркесі түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтайды. Сондықтан мұндай
күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатынастағ сөздерден құралған күрделі
анықтауыштар деп араймыз. 2-топтағы анықтауыштар зат есім мен сын есімнен
құралған. Бұлар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, екіншісі
оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға
тікелей катысты болып тұр. Ондай анықтауыштарды предикаттық қатынастағы
сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз.
Атрибуттық қатынастағы күрделі анықтауыштар анықталатын заттардың
шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы кісі, ат жақты жігіт.
Предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа
заттардың сапалары арқылы анықтайды: бойы ұзын кісі, малы көп колхоз, сен көрген
бала, ұяты бар келіншек, т.б.
Күрделі анықтауыштар тобындағы сөздер өз ара кабыса жəне матаса байланысқан
əр түрлі сөз таптарынан құралады: ақ орамалды, ұзын бойлы, майда жалды, төрт
қырлы. Осылар сияқты, күрделі көбінесе екі-үш сөзді болып келеді.
Күрделі жəне үйірлі анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық иоп
болып келеді. Бұл сөйлемде тізбектеліп айтылған бірнеше анықтауыштардың жігі сол
дауысталу тұтастығына қарай айрылады.