188
189
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру,
өзара байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша
еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін
арттырады.
Шаталовтың əдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре,
қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек
сигналды оқулықтың сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі
сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық
материалын жəне басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға
жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру,
өзара тексеру беттері бойынша жауап жəне т.б. қайталау түрлері
жəне көптеген есеп шығару.
Осы əдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың
ерекше манызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін
сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5-
сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары
бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар
өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30
– 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап
бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының
партасынан жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның
бəрі терең, тиянақты білігін қалыптастырудың негізін қалайды.
Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип
жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дəрежесінде де
бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету
тəсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті
қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда
күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет
етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп еңбектенуді де қажет
етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың
шығара алмайтыны алдын ала белгілі болса да, беруге болады
(барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс-
əрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі.
«Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз»
сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес,
оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: