30
31
2.7. Инновациялық технологиялар жəне олардың
өлшемдері
Педагогикалық
инновациялар
мағынасына,
мазмұнына,
нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді:
- білім беру жүйесіндегі инновациялар;
- оқу
тəрбиелеу
жұмысының
жоспарлары
мен
бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын
инновациялар.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің
ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын
меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет.
Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының
белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында
да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: