Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Инновациялық  технологиялар



Pdf көрінісі
бет16/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

Инновациялық  технологиялар  –  ол  білім  саласындағы 
қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне 
негізделген əдістер.
Отандық дəстүрлі педагогика тəжірибесінде оқыту əдістері үш 
топқа бөлінеді:
Олардың өздері төмендегідей топтамаларға бөлінеді:
XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кəсіби 
бейімделуін  қалыптастыру  мəселелері – кезек  күттірмейтін  өзекті 
қоғам талабы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
жаңа  педагогикалық  инновациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлығын  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделі 
жасалды.  Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  жаңа 
инновациялық 
педагогикалық 
технологияларды 
қолдануға 
даярлықты қалыптастыру мына өлшемдер арқылы жүзеге асады:
Мотивациялық  өлшемдеріне  танымдық  қызығуды  қалыптас-
тыру  бейнесі  жатады.  Оған  болашақ  мамандарды  қалыптастыру, 
құндылық  қарым-қатынас,  болашақ  маманның  өзінің  кəсіби 
шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы 
көруі,  ұрпақ  тəрбиесінде  ұстаздың  жетекші  орнын  сезінуі,  кəсіби 
жеке  біліктілік  деңгейін  көтеруге  бағыттылығы,  инновациялық  іс-
əрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді.
Мазмұндық 
өлшемдеріне 
болашақ 
маманның 
жалпы 
мəдениеттілік дайындығы мен мəндік əдіснамалық дайындығының 


32
33
деңгейі,  мамандығы  бойынша  білімі,  педагогикалық  біртұтас 
білім  жүйесі,  біртұтас  педагогикалық  үдерістің  заңдылықтары, 
мен  қозғаушы  күштерінің  жалпы  теориялық  білім  негіздерімен 
қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық 
негіздерін    жəне  жеке  тұлға  теориясының  ғылыми  негіздерін 
меңгеруі,  педагогикалық  іс-əрекет  теориясының  негіздерін  білуі, 
білім  алушылардың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдаланғанда 
инновациялық  іс-əрекеттің  көбіне  нəтижелі  болатындығын  сезіне 
алуы жатады.
Бейімділік  өлшемдерін  болашақ  маманның  барлық  жағдайға 
бейімделе  алу  қабілеті  жатады:  бейімділік  жағдаятына  бағдарлана 
алуы,  микроорта  өзгерістеріне  сай  қолайлы  инновациялық 
педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері 
болашақ  маманның  білімгер  мəртебесінен  оқытушы,  ұстаз 
мəртебесіне  ауысуының  ерекшелігін  сезіне  білуімен  бейімділік 
іс-əрекетті  жүзеге  асырудың  жаңа  əдіс-тəсілдерін  пайдалана 
алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық  өлшемдері  болашақ  маманның  əлеуметтік  кəсіби 
қоршаған  ортаны  жедел  тани  алуымен,  өзін  кəсіби  жүзеге 
асырудың  нəтижелі  əдіс-тəсілдерін  пайдалануымен,  инновациялық 
педагогикалық  технологияларға  қызығу  танытумен  ерекшеленеді. 
Оған болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны біліп 
тануы, кəсіптік білімін өз тəжірибесінде қолдана білуі, инновациялық 
педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-əрекеттік  өлшемдері  болашақ  маманның  өзінің  кəсіби 
іс-əрекетінің  мақсаты  мен  міндеттерін    анықтай  алуы  жəне 
педагогикалық  қарым-қатынастық  үдерісті  тиімді    жүзеге  асыра 
алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пəнін жете меңгеруі, 
біртұтас  оқу-тəрбие  үдерісінің  психологиялық,  педагогикалық 
негіздерін  білуі,  педагогикалық  үдерісті  жоспарлап,  жүзеге  асыра 
алуымен өлшенеді.
Технологияның  өлшемдері  оқытудың  əдістемелік  мақсаттары, 
оқыту үдерісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нəтижесін 
болжай  алуы  жəне  психологиялық-педагогикалық  білімдерді 
меңгерумен  анықталады.  Оған  болашақ  маманның  біртұтас  оқу-
тəрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен 
ынтымақтастық  қарым-қатынасты  жүзеге  асыра  алуы,  біртұтас 
педагогикалық  үдерісті  диагностикалай  алуы  жəне  сабақтың 
нəтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  
таңдай алуы қажет.
Шығармашылық  өлшемдеріне  шығармашылық  ептілікті,      
шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-
ізденушілігін   дамыту   кіреді.   Оған болашақ маманның ғылыми 
зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, 
жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді 
қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен жəне 
жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің əсерінен білім, кəсіп, іскерлік, іс-
əрекет,  игеру,  нəтиже  құралады.  Білім  жалпы,  кəсіби,  техникалық, 
арнайы білім болып бөлініп кəсіппен  ұштасады. Ал кəсіп – мамандық 
таңдау,  мамандықты  меңгеру.  Білім  алып  кəсіп  иесі  болу  үшін 
іскерлік  қажет.  Іскерлік – оқу,  білім,  кəсіп,  тəжірибе,  ізденушілік, 
өзіндік  жұмыс,  іс-шаралар,  дағдыдан  туындайды.  Іскер  болу  үшін 
іс-əрекетті  меңгеру  қажет.  Іс-əрекет  əрекеттен,  операция,  қимыл-
қозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң  
нəтиже көрсеткіші пайда болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет