6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы Технологияда оқу үдерісін жобалаудың толық жəне
бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады.
Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй
жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның əр бөлшектері қандай жұмыс
атқаратынын қарастырайық.
1. Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім
стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама
мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады.
Тақырыптар көлеміне жəне оның күрделілігіне байланысты
шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы
технологиялық ұйғарым бойынша əр шағын мақсатқа сəйкес өзіндік
жұмыс құрастырылады.
2. Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның,
ерекшелігі мынада: тексерудің жəне оқушылардың жетістіктерін
бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырма-
дан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма жəне
тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1- жəне 2- тапсырмалары стан-
дарт деңгейімен сəйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы»
деген бағаға сəйкес, 4-тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сəйкес
тапсырмалар беріледі.
3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын
мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберілсе, ол болжам кезінде көзге
бірден түседі. Мұғалім осыған сəйкес түзету жүргізуі керек. Үй
жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.