6. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА Жоспар: 6.1. Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы.
6.2. В. М. Монаховтың технологиялық картадағы аксиомалары.
6.3. Технологиялық карталау негізі.
6.4. Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі.
6.5. Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық карталар.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң
қарқынмен дамуы жəне ақпарат көлемінің əр 3-5 жылда 2 еседей өсіп
отыруы, əсіресе ой еңбегін жəне оқыту үдерісін айрықша сапалық
түрде жетілдіруді талап етіп отыр.
Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір
жолы, жастарға үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен əдіс-
тəсілдерін тауып, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету
болып табылады. Ондай жаңа оқыту тəсілдерінің бірі академик
В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны
əдістемеден ажырата алмайды. Егер əдістеме көбінесе оқу үдерісін
ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы
болса, педагогикалық технологияның өзіне тəн ерекшелігі бар.
Біріншіден, технология – бұл соңғы нəтижеге берілетін кепілдік;
екіншіден, технология – бұл болашақ оқу үдерісінің жобасы. Өзінің
педагогикалық технологиясында В. М. Монахов мынандай анықтама
береді: педагогикалық технология – оқу үдерісін жоспарлаудың
жүйелік əдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен
технология ресурстарды олардың арақатынасын ескере отырып
бүкіл оқытушымен білімді меңгеру үдерісін жүргізу, оны бағалау.
Ғылыми тұрғыдан негізделген В. М. Монаховтың педагогикалық
технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.
1. Оқу үдерісін жобалау кезеңі. 2. Осы жобаны іске асыру кезеңі. Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар
жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін
жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады.
Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз
бетімен жұмыс істеуге алдын ала тапсырмалар береді. Екінші,
яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу үдерістің нақтылы
жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу үдерісін
жобалаудағы негізгі объект – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының
көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24
сабаққа дейін болуы мүмкін.