6.2. В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомалары В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша
болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:
1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандар-
ты (программа) деңгейіндегі тапсырма, жоғары деңгейдегі тапсырма.
2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы
екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі жоғары деңгейде.
3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:
1) білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;
2) білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;
3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;
4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.