6.4. Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі Педагогикалық технология – бұл қажетті сапаны қамтамасыз
ететін, іс-əрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық
регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үдерістен тұратын жүйе.
Карта бойынша жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды
жəне пəнді меңгеруде сабақ барысында олардың ойларын дамытуға
мақсатталғаны жайында хабардар етуді қажет етеді. Мысалы:
барлық сабақ барысында балалар жасайтын шапалақ олардың
зейіндерін арттыруға қызмет етеді. Шапалақ тек «Алгоритм»
картасында ғана міндетті болып табылады. Бірақ оларды басқа
карталарда ұйымдастырушылық шаралар ретінде зейіндерін сабаққа
аударуға қолданылуына тыйым салынбайды. Тапсырмаларды
тексеру шараларын дұрыс орындауды аса қажет етеді. Бұл оқу
материалдарын диагностикалау мен өлшемдік шегін анықтауда
алынған ақпараттардың объективтілігін анықтайды.
Материалды меңгеруге жеңілдік жасау үшін карталар блок-
сызба түрінде берілген. Автордан басқа ешкім де, технологиялық
карта мен блок-сызбаға өзгертулер енгізуге құқығы жоқ. Өзгертуді
қажет еткен жағдайда, технология авторының басшылығымен
сарапшылар коммисияның шешімі бойынша өзгерістер енгізуге
болады. Мұндай əсер ету ИСО 9000 халықаралық стандартқа сəйкес
келетін, кез келген үдерістің стандартты кезеңі технологиялық əсер
беретін ұдайы нəтиженің сапалы басқарылуына негізделген.
Əрбір айналым шегінде оқу үдерісінің кіші құрылымы аясында
педагогикалық түсініктер берілген. Меңгеруге оңай болу үшін
айналымдар əр түрлі түспен көрсетілген.
Технологияда негізгі оқу сабақтарының типтері қабылданған.
Оқу үдерісінде оқу сабақтарының 5 типтері бар. Осыған байланысты
əрбір карта оқу сабақтарының нақты бір типіне сəйкес келеді.
Əрбір оқу сабақтары типінің өз қисыны бар: Кіріспе сабақ:
мотивация, меңгерілетін тақырыпты елестету, практикалық жəне
əлеуметтіліктің мəнін ұғыну, түйсіну.
1-тип. Оқу сабақтарының меңгерілуі жəне жаңа материалды
біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация,
оқушылардың субъективті тəжірибесін өзектендіру, қабылдауды
ұйымдастыру, ұғынуды ұйымдастыру, түйсіну. Түсінудің біріншілік
тексерілуі, біріншілік бекітуді ұйымдастыру, талдау, түйсіну.
2-тип. Білімді бекіту жəне іс-əрекеттер бойынша оқыту
сабақтары: мотивация, алдыңғы білімдері мен іс-əрекеттер тəсілдерін
өзектендіру, стандартты жəне өзгермелі жағдаяттарда білімді
қолдану үлгісін құрау, білімді өз беттерінше қолдану, бақылау жəне
өздік бақылау, түзету, түйсіну.
3-тип. Білім мен іс-əрекеттер тəсілдерін кешенді қолдану
бойынша оқыту сабақтары: мотивация, білім мен іс-əрекеттер
тəсілдері кешендерін өзектендіру, жаңа жəне ұқсас жағдаяттарда өз
беттерінше білімін қолдану, бақылау жəне өзіндік бақылау, түзету,
түйсіну.
4-тип. Білім жəне іс-əрекеттер тəсілдерін жалпылау мен жүйелеу
бойынша оқыту сабақтары: мотивация, оқу материалдарының
мазмұнын талдау, оқу материалдарының негізгісін бөліп алу,
жалпылау жəне жүйелеу, пəнішілік жəне пəнаралық байланысты
қалыптастыру, түйсіну.
5-тип. Білім жəне іс-əрекеттер тəсілдерін бағалау мен түзету,
тексеру бойынша оқыту сабақтары: мотивация, өз беттерінше
тапсырмаларды орындау, өзіндік бақылау, бақылау, талдау, бағалау,
түзету, түйсіну.