6.3. Технологиялық карталау негізі Шын мəнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім
мен оқушылардың іс-əрекеттерін (мақсатқа жету, ұйымдастыру,
бақылау жəне реттеу іс-əрекеті) суреттей келе, технологиялық
жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үдерісін елестету
болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-əрекетін басқарудың
негізі болып табылады. Педагогикалық əдебиеттерді зерттеп
қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үдерісінде басқару мақсатының,
олардың жетістікке жету əдістері мен тəсілдерінің бір-бірімен
байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 3
кестеде (В. С. Кукушкинаның классификациясы бойынша) таңдау
жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет
ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың əдіс-
тəсілдерін жоспарлау үдерісі көрсетілген.
3-кесте