106
107
Мұғалімнің оқыту əрекеті саналы болуы үшін ол педагогика
ғылымының заңдылықтарын, тəрбие міндетінің қоғамның мақсаты
мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тəжірибенің бірлігін,
əрекет-дамудың көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың
жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тəрбиелік сипатын,
тəрбиенің білімдік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен
жоспары, бағдарламаның оқу-тəрбие мақсатымен сəйкестігін, т.б.
нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық үдерісте
қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту əрекеті табысты болуы үшін ол терең
білімділігімен қатар, шебер шешендікпен, айшықты бейнелілікпен,
əсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем əуезді дауыспен,
қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты
педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Достарыңызбен бөлісу: