144
145
ту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік
дағдылары жəне ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция
вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
3. Оқу үдерісін формасы мен əдістерін жетілдіру бірқатар
педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда,
В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р. Штейнердің азат
таңдау идеясы, С. Н. Лысенкованың алдын ала тапсырма беру,
П. М. Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В. А. Сухомлинскийдің
сыныптағы зияттық фоны, Л. В. Занков бойынша жеке тұлғаны
дамыту, И. П. Волковтың шығармашылық жəне орындаушылық
қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
4. Тəрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының
тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тəрбиенің дамуына
сəйкес: білім мектебін тəрбие мектебіне айналдыру, оқушының
жеке тұлғасын тəрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық
құндылықтарды қалыптастыру, тəрбиенің ізгілік бағыттары, баланың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мəдени дəстүрлерді
жаңғырту, жеке тұлғалық жəне ұжымдық тəрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеоло-
гиясы білім беру мазмұнын айқындайды.
5.
Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық
педагогикасы тəрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып
отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын əлеуметтік институтқа мектеп,
жанұя жəне əлеуметтік орта жатады. Нəтижесі тəрбие беретін осы үш
бастаудың əрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға
құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған.
В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын
айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе
жатқан тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттерін
тəрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс жəне мектептің жалпы
тұтас педагогикалық үдерісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа
əдістемесін жасады.
В. А. Буховалов ынтымақтастық
педагогикасының
Достарыңызбен бөлісу: