Қазақстан Республикасының Конституциясы


ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет125/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ  
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ  
 
53-бап.  Жеке  кәсiпкердiң  немесе  заңды  тұлғаның  қызметiн  немесе  қызметінің 
жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу  
1.  Жеке  кәсiпкердiң  немесе  заңды  тұлғаның  қызметiн  немесе  қызметінің  жекелеген 
түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарауға  уәкiлеттi  органның  (лауазымды  адамның)  өтiнiшi  бойынша  тек  сот  тәртібімен 
ғана жүргiзiледi.  
2.  Жеке  кәсiпкердiң  немесе  заңды  тұлғаның  қызметiн  немесе  қызметінің  жекелеген 
түрлерін  тоқтата  тұру  немесе  оған  тыйым  салу  туралы  талап  қою  өтiнiшi  Қазақстан 
Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. 
Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.  
3.  Жеке  кәсiпкердiң  немесе  заңды  тұлғаның  қызметiн  немесе  қызметінің  жекелеген 
түрлерін  тоқтата  тұру  түріндегі  әкiмшiлiк  жазалау  шарасы  бұзушылықты  жою  үшiн  сот 
белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын 
жағдайларда қолданылады.  
4.  Жеке  кәсiпкердiң  немесе  заңды  тұлғаның  қызметiн  немесе  қызметінің  жекелеген 
түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот  шешiмiнсіз ерекше жағдайларда, 
талап  қою  өтiнiшiн  сотқа  белгiленген  мерзiмде  мiндеттi  түрде  табыс  ету  арқылы  үш 
күннен  аспайтын  мерзiмге  жол  берiледi.  Бұл  орайда  қызметке  тыйым  салу  немесе  оны 
тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.  
6.  Жеке  меншік  тауарларын  сақтау  қоймасы  иесінің  қызметін  тоқтата  тұруды 
Қазақстан  Республикасының  кеден  заңнамасында  белгіленген  негіздер  бойынша  және 
тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 
 
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен демонстрациялар 
ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібі туралы заңдарды бұзу  
1.  Жиналыстар,  митингiлер,  шерулер,  тосқауылдар,  демонстрациялар  не  өзге  де 
көпшiлiк  iс-шараларын  ұйымдастыру  немесе  өткізу  тәртібі  туралы  Қазақстан 
Республикасының  заңдарын  бұзу  не  оларды  ұйымдастыруға  немесе  өткізуге  кедергi 
жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не 
өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза 
қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -  
жеке  тұлғаларға  -  ескерту  жасауға  немесе  айлық  есептiк  көрсеткiштің  жиырмаға 
дейiнгi  мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  лауазымды  адамдарға  -  айлық  есептiк  көрсеткiштiң 
елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
2.  Рұқсат  етiлмеген  жиналысқа,  митингке,  тосқауылға,  демонстрацияға  не  өзге  де 
көпшiлiк  iс-шараларына  қатысушыларға  ұйымның  басшыларының  және  басқа  да 
лауазымды  адамдарының  үй-жай  не  өзге  де  мүлiктер  (байланыс  құралдарын,  көбейту 
техникасын,  жабдықтар,  көлiк)  беруi  немесе  осындай  iс-шараларды  ұйымдастыру  мен 
өткізу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -  
айлық  есептiк  көрсеткiштiң  жиырмаға  дейiнгi  мөлшерiнде  айыппұл  салуға  әкеп 
соғады.  
3.  Әкiмшiлiк  жаза  шаралары  қолданылғаннан  кейiн  бір  жыл  iшiнде  жиналысты, 
митингтi,  шерудi,  демонстрацияны  ұйымдастырушы  қайталап  жасаған  нақ  сол  iс-
әрекеттер, -  
айлық  есептiк  көрсеткiштiң  елуге  дейiнгi  мөлшерiнде  айыппұл  салуға  не  он  бес 
тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 
374-бап. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзу 


1.  Қоғамдық  бірлестiк  басшыларының,  мүшелерiнiң  не  қоғамдық  бірлестiктiң  осы 
қоғамдық  бірлестiктердiң  жарғыларында  белгiленген  мақсаттары  мен  мiндеттерiнiң 
шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, - 
қоғамдық  бірлестiктiң  басшыларына  -  ескерту  жасауға  немесе  айлық  есептiк 
көрсеткiштiң  елуге  дейiнгi  мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  қоғамдық  бірлестіктің 
мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, 
қоғамдық  бірлестiкке айлық  есептiк көрсеткiштiң екi  жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады. 
2.  Қоғамдық  бірлестiк  басшыларының,  мүшелерінің  не  қоғамдық  бірлестiктiң 
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, - 
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, 
қоғамдық  бірлестiктің  басшыларына  -  айлық  есептiк  көрсеткiштiң  жүзге  дейiнгi 
мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  қоғамдық  бірлестiктiң  мүшелерiне  айлық  есептік 
көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - 
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, 
қоғамдық  бірлестiктiң  басшыларына  -  айлық  есептiк  көрсеткіштің  жүз  елуге  дейiнгі 
мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  қоғамдық  бірлестiктің  мүшелеріне  айлық  есептiк 
көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл  ішінде  қайталап  жасалған  іс-әрекеттер,  сол  сияқты  осы  баптың  үшінші  бөлігінде 
көзделген бұзушылықтарды жоймау, - 
қоғамдық  бірлестіктің  қызметiне  тыйым  сала  отырып,  қоғамдық  бірлестiктің 
басшыларына  -  айлық  есептiк  көрсеткiштiң  екi  жүзден  төрт  жүзге  дейiнгi  мөлшерiнде 
айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi 
жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
5.  Шетелдiк  заңды  тұлғалардың  және  халықаралық  ұйымдардың,  шет  ел  қатысатын 
заңды  тұлғалардың,  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың,  қайырымдылық 
ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы - 
заңсыз  қайырмалдықтар  тәркілене  отырып,  лауазымды  адамдарға  -  төрт  жүз  айлық 
есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, шетелдiк заңды 
тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
6.  Шетелдiктердің  және  азаматтығы  жоқ  адамдардың  саяси  партияларды 
қаржыландыруы, - 
заңсыз  қайырымдылықтар  тәркілене  отырып  және  Қазақстан  Республикасының 
шегiнен  әкiмшiлiк  жолмен  шығарып  жiбере  отырып,  екi  жүз  айлық  есептiк  көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, - 
заңсыз  қайырмалдықтар  тәркiлене  отырып  және  он  бес  тәулiкке  дейiнгi  мерзiмге 
әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, 
саяси  партияның  басшысына  төрт  жүз  айлық  есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл 
салуға әкеп соғады. 
8.  Саяси  партиялардың  қаржылық  қызметi  туралы  жылдық  есептіктi  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, - 
саяси  партияның  қызметiн  алты  айға  дейінгі  мерзiмге  тоқтата  отырып,  партияның 
басшысына  айлық  eceптiк  көрсеткiштiң  жүзден  екi  жүзге  дейiнгi  мөлшерiнде  айыппұл 
салуға әкеп соғады. 
9.  Саяси  партияның,  оның  құрылымдық  бөлiмшелерiнің  (филиалдары  мен 
өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi 
қайта тiркеусіз жүзеге асыруы, - 


саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк 
көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет