374-1-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен
тiркелмеген қоғамдық, дiни бірлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, қатысу, сондай-
ақ олардың қызметiн қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол
сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң
қызметiне басшылық жасау, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол
сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң
қызметiне қатысу, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол
сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бірлестiктердiң
қызметiн қаржыландыру, -
екi жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.