375-бап. Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу
1. Мыналарға:
дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруға;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды, діни
мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
(ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға
және дiни бiрлестiктердің басшыларына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды
тұлғаларға қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты дінге көзқарасы себебі бойынша
жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не
қайсыбір дiндi ұстанушылар тәу ететін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру,
егер жоғарыда баяндалған барлық іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет
белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, сол сияқты
миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни
мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы -
Қазақстан Республикасының азаматтарына - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде,
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен
әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Діни бірлестіктің өз жарғысында (ережесiнде) көзделмеген қызметті жүзеге асыруы
-
лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың
қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік
органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды
адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы -
жеке тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, діни бірлестіктердің
басшыларына - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметін
үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық
сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, мемлекеттік
органдардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни
бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмағанның ата-
анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни
бірлестіктің қызметіне кәмелетке толмағандарды тартуға және (немесе) қатыстыруға жол
бермейтін шаралар қолданбауы -
Қазақстан Республикасының азаматтарына - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Республиканың шегiнен әкiмшiлiк жолмен
шығарып жiбере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
8. Діни бірлестіктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым
салынған қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты діни бірлестіктің өз қызметін тоқтата
тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы -
лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - үш жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде
көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-
әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің
басшыларына - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға олардың
қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар
(лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік
органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 541-бабында көрсетілген істерді
қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза
қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бірi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу,
әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған
заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы
қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк
құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бір түрiне не белгiлi бір
әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен)
айыру, өз бетінше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксіз бұзу, жеке
кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше
бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |