233-1-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм
актісін жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін
жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату, -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы
бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған не бір топ адам
жасаған нақ сол әрекеттер, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.