96
қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік
беріледі. Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп,
кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар
арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен
даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу,
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау,
сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады.
Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген
тізімге сай жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: