109
оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай
мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ
тілінде) жүзеге асырылады.
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының
мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай
алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары
шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Абай мектептері» желісінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық
жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне
негізделген.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны
басшылыққа алады:
1) оқу және түсіну;
2)
талдау және жинақтау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығарманы пайымдап, мәнерлеп,
талдап оқиды, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс
жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және
көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажырата алады; көркем
шығарма
желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретация жасайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық
құрылымын анықтайды; көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік
кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін біледі;
көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды
айқындайды.
1) «Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: көркем
шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және
көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби
эссе мен әдеби сын жаза алады.
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын
шығармалар тізімінде: ауыз әдебиетінің үлгілері, ертегілер, батырлар жыры,
аңыз-әңгімелер, ежелгі дәуір әдебиеті, шешендік сөздер, ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, соның ішінде халық ақындары, айтыс өнері,
би-шешендер, сал-серілер, әнші-ақындар; ХХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде
балалар әдібиетінің өкілдері, қазіргі заман әдебиетінің авторлары мен
шығармалары және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
110
Білім алушылар оқу мақсаттары жүйесі бойынша шығарма мәтініндегі
жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсініп, образдар мен
мотивтердің туынды идеясымен байланысын анықтай алатын болады. Сонымен
қатар туынды желісі бойынша көркем шығарманы автор ізімен баяндап жазу,
шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу, ойтолғау, хат, ертегі, өтірік өлең, әңгіме
жазу, кейіпкер монологі мен диалогін жазу, әдеби эссе, блог, миниатюра,
ғылыми жоба және рецензия мен әдеби сын жазумен айналыса алады. Көркем
шығарманы өзге жанрда ауызша, жазбаша интерпретациялап, киносценарий,
инсценировка сияқты шығармашылық жұмыстар жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: