Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет106/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   369
Оқылым
 
публицистикалық және ресми стиль 
ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  
арқылы тану
 
публицистикалық және ғылыми стиль 
ерекшеліктерін  қолданылған тілдік 
құралдар  арқылы тану
 
Жазылым
 
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 
көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана 
отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме 
құрастырып жазу
 
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне 
сай тілдік құралдарды орынды 
қолданып, мақала, аннотация, тезис 
құрастырып жазу
 
 
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 
2012  жылғы  8  қарашадағы  №  500  бұйрығымен  бекітілген  Үлгілік  оқу 
жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  5-9-сыныптардағы  оқу  процесі  «Жалпы  білім 
беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау 
курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту 
туралы»  ҚР    БҒМ  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ  м.а.  2017  жылғы  25  қазандағы  №  545 
бұйрығымен  (ҚР  Әділет  министрлігінде  2017  жылы  13  қарашада  №  15982 
тіркелген)  бекітілген  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  «Қазақ  әдебиеті» 
пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  негізінде  жүзеге 
асырылады. 
 
 
 


94 
 
 
Негізгі  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарын  (төмендетілген  оқу 
жүктемесімен)  таңдаған  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  процесі  «Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  БҒМ  2020  жылғы  27  қарашадағы  №  496 
бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  8-9-сыныптарына 
арналған  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  оқу  жүктемесі  төмендетілген  үлгілік  оқу 
бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.  
 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  бойында 
гуманистік,  адамгершілік-эстетикалық,  ұлттық  құндылықтарды  тәрбиелеу; 
ұлттық  әдеби  туындылармен  қатар  әлем  әдебиеті  туындыларымен  таныстыру; 
көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы 
мазмұн  мен  түр  бірлігінде  көркемдік  тұтастық  пен  көркемдік  бейнені  талдау, 
жинақтай  білу,  шығарма  идеясын,  жазушы  ұстанымын  бағалай  білу 
дағдыларын қалыптастыру. 
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, 
кино,  музыка)  салыстыра  қарастырып,  өз  ойын  еркін,  дәлелді,  сараптай, 
салыстыра  отырып  жеткізе  білетін  тұлғаның  қалыптасуына  үлес  қосады. 
Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» 
пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, 
жүзеге асыру көзделеді.  
 
 
Үлгілік  оқу  жоспарының  түріне  байланысты  негізгі  орта  білім  беру 
деңгейінде  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытуға  бөлінген  апталық  оқу 
жүктемесінің көлемі әртүрлі (28-сурет).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет