Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  қайталауға  және  бекітуге  арналған



Pdf көрінісі
бет114/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   369
«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  қайталауға  және  бекітуге  арналған 
шығармалар тізімі
- А.Алтай «Прописка» әңгімесі; 
- М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі; 
- М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» өлеңі; 
- Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі; 
- Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі; 
- Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі; 
- Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі; 
- Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы; 
- Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы. 
 
«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  оқу  процесін  қашықтан  оқыту 
тәртібінде ұйымдастыру 
Оқу  процесін  қашықтан  оқыту  тәртібінде  ұйымдастыруға  арналған 
ұсынымдар: 
-  педагогтің  ең  қолайлы  инфрақұрылымы  мен  білім  беру  контенті  бар 
интернет-платформаны таңдауы; 
-  Үлгілік  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарын,  материалды  мұқият 
іріктеуі; 
- сабақтың оқу мақсатына сәйкес оқу материалын сапалы дайындауы; 
- ақпараттың реттілігін, жүйелілігін, сабақтастығын және т.б. сақтауы; 
- сабақ мазмұны мен уақытын ұтымды бөлуі;  
- өткен материалдың қысқаша мазмұны: жаңа тақырыпты түсіндіру үшін 
қажетті  және  логикалық  байланысы  бар  жаңа  тақырыптың  негізгі  ережелерін 
қажеттілігіне қарай мазмұндауы;  
-  білім  алушылардың  назарын  жаңа  материалды  оқып  үйренуге  қажет 
болуы мүмкін білімдер мен дағдыларға аударуы;  
- сабақ жоспарына сәйкес жаңа материалды мазмұндауы;  
- материалды бекітуге арналған ұсынымдар беруі;  
-  негізгі  дидактикалық  принциптерді  ескеруі:  ғылымилығы,  көрнекілігі, 
қолжетімділігі,  танымдылығы,  теорияның  практикамен  байланысы,  оқу 
материалының оқылуы/эстетикалығы;  
-  оқу  тапсырмаларын  оқу  мақсатына  және  ұсынылған  көлемге  сәйкес, 
орындау  тәртібі  мен  уақыт  шығындарын,  сондай-ақ  білім  алушылардың  жеке 
мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып әзірлеуі; 
-  теледидар,  ақпараттық-коммуникациялық  және  мультимедиалық 
технологияларды тиімді қолдануы; 

түрлі  ақпараттық  оқыту  материалдарын  қолдануы:  мәтіндік, 
презентациялар,  графикалық,  медиа,  суреттер,  кестелер,  инфографика  және 
тағы басқалар


105 
 
-  оқушылардың  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  тапсырмалар  мен 
белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануы; 
-  бүкіл  сынып  қатысатын,  топтық  немесе  жұптық  жұмыс  түрлерін, 
оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруы
-  оқушыларға  өз  бетінше  жұмыс  істегенде  жетістікке  жетуге  мүмкіндік 
беретін жобаларды ойлап табуы және ұйымдастыруы; 
-  көркем  шығармаларды  толық  оқуға,  қосымша  әдебиеттер  оқуға  кеңес 
беруі және оны қадағалауы; 
-  білім  алушылармен  тікелей  байланыс  (стриминг)  жасап,  орындалған 
жұмыстарды  талдап,  білім  алушыларға  кері  байланыс  (комментарийлер, 
ұсынымдар) беріп отыруы; 
-  білім  алушыларға,  оның  ішінде  білім  алуға  ерекше  қажеттілігі  бар, 
үлгерімі  төмен  білім  алушыларға  қажет  болған  жағдайда  жеке  кеңес  беруі 
ұсынылады. 
Әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 
мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіру  (әдістемелік  бірлестік,  жас 
мамандар 
мектебі, 
педагогикалық 
шеберлігін 
жетілдіру 
мектебі, 
шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар
1.  Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  негізінде  сабақты  жоспарлау 
мен критериалды бағалау; 
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;  
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. 
Грамматикалық 
тақырыптарды 
лексикалық 
тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
Негізгі  білім  беру  деңгейіне  арналған  «Қазақ  тілі»,  «Қазақ  әдебиеті» 
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 
мұғалімді  де,  оқушыны  да  оқу  әрекетіне  белсенді  қатысуға,  өз  пікірін  айтуға, 
өзінің  сөйлеген  сөзіне  дәлел  келтіруге,  кейіпкерлер  арқылы  өмірлік 
ситуацияларды  шешу  жолдарын  ізденуге,  ең  бастысы  жаңаша  ойлайтын 
тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


106 
 
 
«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстар  мен  тәрбиелік  іс-
шараларды  жоспарлау  және  ұйымдастыру  кезінде  2021-2022  оқу  жылында 
аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз. 
Мерейтой  тізімі  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 
сайтына орналастырылады (www.nao.kz).
 
 
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы 
жүзеге асады:  
- мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда; 
-  таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу;  
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу; 
- мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп 
оқу  сайыстарын,  эссе,  мазмұндама,  шығарма  жазу  сайыстарын  және  т.б. 
ұйымдастыру. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
білім 
алушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
 
 
 
«Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  оқушыларды  кітап  оқуға  баулу,  сөйлеу 
тілін  дамыту  мақсатында  тоқсандық  және  жазғы  демалыс  кездерінде 
оқитын  оқу  бағдарламасына  қосымша  көркем  шығармалардың  тізімі 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  сайтына 
орналастырылады (www.nao.kz).
 
 
Көркем  шығармалардың  тізімі  оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  келесі 
сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп 
жасалды.  Жаңа  оқу  жылының  басында  жазда  оқыған  шығармалары  бойынша 
«Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге 
болады.  Көрмеге  әр  оқушы  өзі  оқыған  туынды  бойынша  шығармашылық 
жұмысын  ұсынады.  Жұмыс  фотоколлаж,  эссе,  жарнама,  сурет  т.с.с.  түрде 
жасалуы  мүмкін.  Оқушылардың  жұмысын  арнайы  сарапшылар  талдап, 
қорытындысын шығарады.  
«Оқырман  күнделігі»  тақырыбындағы  іс-шарада  оқушы  оқыған 
шығарманың мазмұнын: 
•  сұрақ қою; 
•  тірек сөздерді жазу; 


107 
 
•  оқиғаның түйінін жазу; 
•  оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді. 
 
 
 
Оқыту  қазақ  тіліндегі  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: 
1. 
http://nao.kz  -  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  ресми 
сайты; 
2. 
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт
3. 
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты
4. 
http://mugalimder.kz - республикалық сайт; 
5. 
http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт; 
6. 
http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт; 
7. 
http://bilimger.kz- білім порталы; 
8. 
http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты; 
9. 
http://sabak- шығармашыл мұғалімдер сайты
10. 
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт; 
11. 
http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;  
12. 
http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;  
13. 
http://oqu-zaman.kz - ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді 
сайт;  
14. 
http://tarbie.org - ұстаздар сайты;  
http://kazbilim-edu.kz-  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қазақ  тілі  сабақтарында  тиімді 
пайдалану  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет