Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Педагог  мәртебесі  туралы»  ҚР  Заңын  және  «Кейбір  заңнамалық



Pdf көрінісі
бет15/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   369
«Педагог  мәртебесі  туралы»  ҚР  Заңын  және  «Кейбір  заңнамалық 
актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңын  іске 
асыру  аясында  орта  білім  беру  ұйымдары  педагогтерінің  бір  аптаға 
нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді. 
Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп 
беруге  рұқсат  етілмейді.
 
Қажет  болған  жағдайда  оқу  жылының  басында  бос 
лауазымға (16 сағат) қосымша педагог қабылданады. 
Бос  лауазымның  сағаттары  15  сағаттан  кем  болған  жағдайда  бөліп 
беруге рұқсат етіледі. 
Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың 
негізгі параметрі болып табылады.  
Тарифтеу  –  мектеп  педагогтерінің  білім  деңгейіне,  біліктілігіне, 
орындалатын  жұмыс  көлеміне,  сондай-ақ  жұмыстың  нәтижелілігі  мен 
сапасына қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені. 
 
Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады: 


18 
 
 МЖМБС,  мектептің  жұмыс  оқу  жоспарына  және  сынып-комплектінің 
санына  сәйкес  әрбір  пән  бойынша  оқу  сағаттарын  есептеу  (директор  және 
директордың орынбасары жүзеге асырады); 
 Мұғалімдердің  оқу  жүктемесінің  көлемі  мектептің  жұмыс  оқу 
жоспарындағы  сағаттар  саны  мен  мектептің  кадрлармен  қамтамасыз  етілуіне 
қарай айқындалады; 
 Жұмыс  оқу  жоспары  бойынша  әрбір  параллель  сыныптардың  сағат 
санын  есептеу  жүргізіледі.  Сонымен  бірге  белгілі  бір  пәндер  бойынша 
сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім 
алушылардың санына қарай жүргізіледі; 
 Әрбір  мұғалімнің  оқу  жүктемесінің  көлемі  жұмыс  оқу  жоспарында 
белгіленген  оқу  қызметінің  түрлері  (инварианттық  және  вариативтік 
компоненттер) бойынша белгіленеді; 
 Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері  мен 
бақылау табелі анықталады;  
 Әрбір  мұғалімнің  оқу  жүктемесі  оның  сыныптарда  пәндерді  оқыту 
сабақтастығын,  оқыту  сапасы  мен  кадрлармен  қамтамасыз  етілуін  ескере 
отырып,  алдын  ала  жеке  әңгімелесу  арқылы  (директордың  орынбасары, 
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады; 
  Жиынтық  тарифтеу  тізімі  келесі  міндетті  мәліметтерді  қамтиды: 
мұғалімнің  аты-жөні;  лауазымы;  білім  деңгейі;  жүктеме  көлемі  –  апталық 
жалпы  сағат  саны;  қосымша  жұмыс  түрлері  үшін  төленетін  қосымша  ақылар; 
тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет