Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет17/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369
ШАҚҚАНДАҒЫ  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  шеңберінде  үнемделген  қаражатты 
мектептің  қажеттілігіне  (жабдық,  жиһаз,  интерактивті  тақта  және  т.б.  сатып 
алу)  бөлу  бойынша  дербес  шешімді  жүзеге  асырудың  тиімді  механизмдерін 
пысықтауы қажет. Жылдың соңына дейін қалған қаражатты сауатты жоспарлау 
кезінде  шығыстардың    қосымша  баптарына  (күрделі  жөндеу,  жабдықтарды 
сатып алу және т.б.) жұмсауға болады.  
ҚР  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  (63-бап,  3-тармақ)  мектептер  ақылы 
қызмет көрсете алады. Бұл қызметтерге:  
 қосымша  білім  беру  бағдарламалары  (балалар  мен  жасөспірімдер 
шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктері мен 
қызығушылықтарын дамыту);  
 оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар мен сабақтар циклдері) бойынша 
қосымша сабақтар
 пәндердің  (сабақтар  мен  сабақтар  циклдері)  ғылыми  негіздерін 
тереңдетіп оқыту; 
 білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілер  және  тағы  басқалар  арасында: 
спорт  жарыстарын,  семинарлар,  кеңестер,  конференциялар  т.б.  іс-шаралар 
ұйымдастыру және өткізу; 
 музыка  аспаптарын  пайдалануға  беру  және  интернет-байланыстың 
қосымша қызметтерін ұсыну
 жазғы 
демалысты 
ұйымдастыру, 
білім 
алушылар 
мен 
тәрбиеленушілердің,  түрлі  іс-шараларға  қатысушылардың  тамақтануын 
қамтамасыз ету кіреді. 
Мемлекеттік  орта  білім  беру  ұйымдарына  бекітілген  дене  шынықтыру-
сауықтыру  және  спорт  ғимараттарын  жалға  беруде  белгіленген  тәртіпті  қатаң 
сақтау талап етіледі (ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет